Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Астананың мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Есіл өзеніндегі “Күн” субұрқағына бөлінген 1 млрд теңгенің қомақты бөлігін заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Экс-шенеунік мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтейді.
🔹 Ішкі рейстермен 24 бағыт бойынша ұшу арзандайды
🔹 Қазақстанда инновацияларды дамыту үшін жасанды интеллект туралы заң жобасы әзірленді
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін уақытша Әли Әлиев атқарады
Ол 1980 жылы Алматыда дүниеге келген. Футболшы ретінде Қазақстанның бірнеше клубтарында, оның ішінде «Қайрат», «Тобыл», «Ертіс», «Ордабасы», «Қызылжар» командаларында ойнады.
Бапкерлік мансабын 2014 жылы «Ордабасы» клубында бастады.
2018 жылы «Қызылжарды» Премьер-лигаға шығарды. 2021 жылы «Шахтер» (Қарағанды) клубын басқарды, кейін «Астана» жастар командасын жаттықтырды. Еуропадағы жетістігі – «Қызылжарды» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жеткізді.
Әли Әлиeвтің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалды.
СҚО-да аудан әкімінің орынбасары 10 млн теңге пара алғаны үшін сотталды
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы және ЖШС директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі.
Аудан әкімінің орынбасары және аудандық ТКШ бөлімінің басшысы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін, ал ЖШС директоры пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы – 7 жылға, ЖШС директоры – 3 жыл 6 айға сотталды.
Бүгін УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы Аустрияға қарсы ойнайды.
Ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Басталуы 19:50
Қазақстанға Моңғолия мен Қытайдан көшіп келген қазақтар саны үш есе артқан
2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдан Қазақстанға 1451 адам, Моңғолиядан 1088 адам келген.
Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе артық, өсім тиісінше 177% және 172%-ды құрайды.
Оқушыларға арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» ҰҒПБМ мектеп оқушыларына арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауын бастайды.
Байқаудың мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, онлайн-қатерлерден қорғау және сауаттылықты арттыру
«Өркен» ҰҒПБМ сайтынан байқаудың толық ережелерімен танысып, өтінім беру үшін қосымша ақпарат алуға болады
❗ Aуа райының қолайсыздығына байланысты елордада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago