Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago
Бұл оқиғаны не үшін айтып отырмын? Себебі құндылықтарды дәл осылай көбейтуге болады. Ізгі істер бір адамнан екіншісіне эстафета таяқшасы секілді беріледі. Жақсылықты байқағанда, оны үйреткендерді мадақтап, алғысымызды білдіргенде – біз құндылықтар тізбегін құрамыз.
Мүмкін, балақай бөтен адамның оның анасын мақтағанын есінде сақтап қалған шығар. Ал анасы өз еңбегінің бағаланғанын сезінді. Ал мен болсам, адалдықты бағалы деген олардың сеніміне сәл де болса демеу болғанымды түсіндім.
Әрқайсымыз құндылықтарды көбейте аламыз – сөзімізбен, ісімізбен, алғысымызбен немесе үлгі көрсету арқылы. Бастысы – бей-жай қарамау.
Сіз өзгелерге қандай құндылықтарды жеткіздіңіз?
(Фото сол кездері түсірілген)
Құндылықтар диханшысы болу үшін не істей аламыз?
Бір күні супермаркетте болған оқиға мені терең ойға салды.
Бұл кезде біз әлі қағаз ақша пайдаланатынбыз. Сөрелердің арасында жүріп, азық-түлік таңдап жүрген едім. Қапелімде, байқамай, ақша купюрасын түсіріп алған екенмін. Сол сәтте менің қапталымнан кішкентай бала (8-9 жас)жақындап келіп, купюраны ұсынды.
– Сіз түсіріп алдыңыз, – деді ол.
– Рақмет саған, балақай! Адалдығыңнан айналдым, – деп алғысымды білдірдім.
Ол басын изеп, әрі қарай кетіп қалды. Бірақ мені бір ой тоқтатты: мұндай іс-әрекет өздігінен қалыптаспайды. Мұны оған ата-анасы үйреткен болар. Адал әрі тәртіпті болуды ата-анасы сіңірген болар…
Бірнеше минут уақытымды бөліп, сөрелер арасынан оның анасын іздеп таптым. Жанына жақындап, анасына былай дедім:
– Осындай адал бала тәрбиелегеніңіз үшін сізге рақмет!
Балақайдың анасы мақтанышпен күлімсіреп, баласының басынан мейірлене сипады.
Иә, біздің үмітімізді ақтайтын балаларды жақсы көру және олармен жұмыс істеу оңай. Бірақ нағыз мұғалімдік өнер — өзгелерден ерекшеленетіндерді жақсы көру және оларға көмектесу. Бізге ең көп сын-сынақ әкелген балалар біздің есімізде мәңгі сақталады, өйткені олардың арқасында біз күшейіп, даналығымыз артты.
Мұғалім — идеал жағдайларды күтетін адам емес. Мұғалім — барлық балаға мүмкіндік бере алатын тұлға, тіпті ол үшін уақыт, күш және өз үміттерін қайта қарау қажет болса да…
Нағыз ұстаз: бар балаға жол табу
Бүгін бір жас әріптесіммен болған әңгімеден кейін осы ойлар ойыма келді. Ол маған “қиын” оқушылармен жұмыс істеу қаншалықты күрделі екенін айтып, тәжірибесі аз болғандықтан, өзін кейде дәрменсіз сезінетінін мойындады. Осы әңгіме барысында өзімнің тәжірибем есіме түсіп, ұстаздықтың шынайы мәнін тағы бір рет ой елегінен өткіздім.
Біздің үмітімізге сай келмейтін балалар бізге сын-сынақ әкеледі. Олардың мінез-құлқы, қателіктері, ережелерді қабылдамауы — бәрі бізді терең ойлануға, жаңаша даму мен тың тәсілдер іздеуге мәжбүр етеді. Дәл осы балалар бізге шынайы сабырлықты, икемділік пен педагогикалық даналықты үйретеді.
Маңыздысы — әр баланың біздің үмітімізді орындауға міндетті еместігін естен шығармау. Әр бала өз әлемімен, ерекше мінезімен, тәжірибесімен және қиындықтарымен келеді. Егер ол біздің “ыңғайлы” оқушы түсінігімізге сай келмесе, бұл — оның кінәсі емес. Бұл бізге өз шеңберімізден шығып, кеңірек ойлануға берілген мүмкіндік.
Жалғасы)
Бұл сөздер менің жанымды ауыртты. Мектеп директоры ретінде мен әрқашан нәтижеге, тәртіпке және ережелерге бағытталған едім. Бірақ ана ретінде сол сәтте ғана мен оның үлкен күш салып, талпынған қуанышынан айырып ала жаздағанымды түсіндім.
Біз оған жауап бере алмадық. Өз қателігімізді сол сәтте-ақ мойындадық. Сол кеште менің түсінгенім: кейде ата-ананың махаббаты шамадан тыс қысымға айналады, ал біз оны қамқорлық деп түсіндіреміз. Бірақ балалардың да бақытқа, өз қызығушылығына, өз армандарына құқығы бар.
Бұл оқиға мен үшін үлкен сабақ болды. Тек ана ретінде емес, директор ретінде де. Мен бағаларға, нәтижелерге және үлгерімге ұмтылғанда, баланың жеке тұлғалық ерекшелігін көруден қалып қоятын кездер болатынын түсіндім. Оның қуанышы, құмарлығы, өмірі маңыздырақ екенін ұқтым.
Ұлым волейболды ойнауды жалғастырды. Ал мен оны өзінің бар болмысымен қабылдауды үйрендім. Ол бәрінен мінсіз болуға міндетті емес, дәл сол сияқты, біздің оқушыларымыз да. Ең бастысы — әр баланың өзін бақытты сезінетін орны болуы керек.
Бұл қателік емес. Бұл біз, ересектер, үйренуіміз керек өмір сабағы.
Жалғасы))
Жаттықтырушысы (Серік ағай) балалармен көп жұмыс істеді, олар жақсы нәтижелер көрсете бастады. Командалары аудан мектептері арасында чемпион атанды. Сайыстар жиілеп кетті, кейде сабақ уақытында да өтетін еді. Бір кеште, кешкі ас кезінде, біз ұлымызбен бұл туралы сөйлесуді шештік.
Біз сабақтың маңыздырақ екеніне тағы екпін беріп, жарыстар оқуға кедергі келтіруде, сабағына көбірек уақыт бөлуі керектігін басып айттық. Менің:
— Мүмкін, волейболды тоқтатарсың?- деген сөзім әлі күнге дейін ойымда жаңғырып тұрады.
Ас бөлмеде үнсіздік орнады. Бірнеше ұзақ көрінген секунд өтті, сол кезде бір нәрсе болатынын түсіндім. Ұлымның көзіне көзім түсіп кетіп еді, көзіне жас толып кетіпті. Ол оны көрсетпеуге тырысты, бірақ бәрібір былай деді:
— Әкешім, анашым, мен өзімді бақытты сезінетін бір ғана жер бар еді. Ал сіздер оны алып тастағыңыз келе ме?
Мың кітаптан да артық үйреткен бір қателігім
Өз балаң оқитын мектептің директоры болу — бұл тек жұмыс емес, кәсіби мен аналық рольдің арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың қиын жолы. Оның (балаңның) жетістіктері, тырысқан сәттері, әлсіз тұстары - бәрі көз алдыңда. Ана ретінде әрдайым балаңа ең жақсысын қалайсың. Бірақ, сенің үмітің мен талаптарың өзің жақсы көретін адамды жаралап жатса ше?
Ұлым сабаққа тырысатын. Бірақ математика пәніне қызығушылығы, біз ойлағандай, жоғары болмады. (Қызығы, алгебрадан гөрі геометрияны жақсы көретін) Басқа көптеген ата-аналар сияқты, мен оның барлық пәндерден, әсіресе математика сияқты маңызды пәннен жақсы нәтиже көрсеткенін қаладым. Ал сегізінші сыныпта ол өз қызығушылығын тауып алды. Ол— волейбол.
Біз, ата-анасы, оның бұл қызығушылығын, әрине, қолдадық. Оның ұмтылысы артып, командасымен жаттығып жүргенін көрдік.
Бір жылы сөз бүкіл күнді өзгерте алады
Кеше оңай күн болған жоқ. Анамды ауруханаға жатқызу керек болды және өзіңіз түсінгендей, сезімдерім шарқ ұрып тұрды. Қызмет ақысын төлеу үшін кассада кезекте тұрмын. Көңіл-күй онша емес еді. Сол кезде кассир дөрекі түрде: «Отырыңыз!» — деп талап етті. Негізі, бірнеше адам кезегіміздә күтіп тұр едік.
Кассирдің де күні ауыр басталғаны сезіліп тұрды. (таңғы уақыт еді) Ренжудің орнына мен жай ғана:
— Көңіл-күйіңіз жоқ па?
Оның жауабы қысқа әрі ашулы болды:
— Иә.
Сонда мен бір сұрақ қойдым, ол тек оның күнін емес, менің де күнімді өзгертті:
— Көңіл-күйіңізді көтеру үшін мен сізге қалай көмектесе аламын?
Кенеттен оның жүзіне күлкі үйірілді. Ол бірден күлімсіреп, ішіндегі ауырлықтан арылғандай болды. Таңғаларлығы, ол қалған клиенттерді де күлімдеп қабылдай бастады. ( мен әлі де біраз қағаз толтырып тұрғанда байқағаным)
Бұл сәт маған қиын сәттердің өзінде адамгершілікті жоғалтпау қаншалықты маңызды екенін еске салды. Біз әрдайым таңдау жасай аламыз: басқа біреудің дөрекілігіне ренжіп жауап беру немесе оны жұмсартуға тырысу. Кейде бір жылы сөз біреудің қараңғы күнінде жарық сәуле бола алады.
Сіз дөрекілікпен қалай күресесіз? Біреуге ренжудің орнына қамқорлықпен қарауға тырысып көрдіңіз бе?
Пікірде бөлісіңіз.
Назарларыңызға ұсынамын. Пайдалысын аларсыздар
Құралай Байтажикова. «Қателік жасамасам, қазіргі Құралай болмас ем»
https://youtu.be/J8WF-soB408
Мектеп, мұғалім чаттары must have подкаст қой, таратып жіберсек)
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago