Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

PARANOIA.KZ

Description
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago

hace 1 mes, 2 semanas
ДДСҰ: Газа аймағындағы жағдай апаттық деңгейге …

ДДСҰ: Газа аймағындағы жағдай апаттық деңгейге жетті. Үздіксіз жалғасқан ұрыс қимылдары салдарынан халықты азық-түлікпен, медицинамен қамтамасыз етудің қиындығы артуда. Жараланғандардың басым бөлігі мүгедек болып қалу қаупі бар. Ал халық ішінде түрлі ауру тарауда. Босқындар бір аймаққа шоғырланғандықтан түрлі індет жұғу фактісі артқан. Жақын аралықта Газада індеттен көз жұматындар саны соғыста көз жұмғандардан еселеп көп болуы мүмкін. Біз дереу арада ұрыс қимылдарын тоқтатып, тараптарды атысты тоқтатуға шақырамыз. Гуманитарлық дәліз ашуды сұрап отырмыз.

hace 1 mes, 2 semanas

Жапония үкіметі елде қауіпті бактерияның тарауына байланысты дабыл қағуда. Токио жыл басынан бері 400 адамнан стрептококкты токсикалық шок синдромы немесе STSS-тің анықталғанын айтуда. Аталмыш бактериялық инфекция қауіпті саналады және 30 пайыз жағдайды өліммен аяқталады. Жапония билігі аурудың жылдам таралу себебін зерттеуде.

NIID жазуынша 2023 жылы Жапонияда 941 адамнан осы індет анықталған. Індет белгілері тұмауға ұқсас. О баста жөтел, қызу пайда болады. Асқынған сәтте өкпе демікпесі пайда болып, тыныс алу қиындайды.

Токио індеттің өзге елдерге тарау қаупі барын айтты.

hace 1 mes, 2 semanas

ISW: Ресей әскері Украинада ауқымды шабуылға дайындалуда. Мәскеу жаздың алғашқы айында жаппай шабуылға шығуы ықтимал.

hace 1 mes, 3 semanas
Үндістан Арменияға стратегиялық маңызы бар әуе …

Үндістан Арменияға стратегиялық маңызы бар әуе дәлізін ашпақ. Ол дәліз арқылы әскери мақсаттағы жүк жеткізіледі. Аталмыш мақсатқа арнап HALCON арнайы жұмыс тобы құрылды және оның мақсаты екі ел арасындағы логистиканы жылдам арада реттеу.

Жақында ғана Армения Үндістаннан қосымша 84 дана ATAGS артиллериялық жүйесін алуға тапсырыс берді. Енді зымыран және атыс құралдарын алуға тапсырыс бермек.

hace 1 mes, 3 semanas

CNN: 2022 жылдың күзінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мамандары бірнеше жиын өткізіп, “Ресей Украинаға ядролық соққы жасаса, Вашингтон жауап бере ме” деген сұрақты талқылағаны белгілі болды. АҚШ жауап ретінде бірнеше нұсқаны қарастырған. Ол Қара теңіз флотына күйрете соққы жасау, ядролық соққыны жасаған бөлімшелерге соққы беру немесе Қырымдағы және Украинадағы Ресей әскеріне соққы жасау. АҚШ Ресейдің ядролық соққысына жаппай қырып-жою қаруын қолданбай жауап беруді ойластырған. Ресейдің ядролық бопсасын шындыққа айналдырмау үшін Қытай мен Үндістан басшылары Мәскеуді тоқтатуға үлес қосқан.

hace 1 mes, 3 semanas

BILD: Соңғы апталарда Нигерияда қылмыстық топтар мен лаңкестік ұйымдар ауылдарға бірнеше шабуыл жасады. 6-наурызда елдің солтүстік аймақтарындағы ауылдарға шабуыл жасап, 200 бала мен әйелді ұрлап әкетті. 7-наурызда Нигерияның солтүстік-шығысындағы мектепке шабуыл жасап, 700 оқушыны орманға алып кеткен. Олардың көбі лаңкестерден қашып үлгерді, алайда 287 оқушы әлі із-түссіз жоғалғандар қатарында. 9-наурызда лаңкестік топтар тағы 15 қызды ұрлап әкеткені белгілі болды. БҰҰ Нигериядағы шабуылдарға байланысты арнайы құтқару миссиясын әзірлемек.

hace 1 mes, 4 semanas

Путин: “Ерте ме, кеш пе Ресей мен Украина халқы рухани тұрғыдан қайта табысып, бірігеді. Оған кедергі келтіріп отырған кез келген элементті жою керек. Оған кедергі не? Ең алдымен жиіркенішті национализм көріністері. Осы бір у көптеген халықтың өмірін улауда”

hace 1 mes, 4 semanas

TRT: Угандалық студент Дүниежүзілік жастар фестивалінде Путинге алғыс айтып,Путиннің Африкадағы ұлы” болғысы келетінін жеткізді. Путин оған өзін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіріп, Африканы Ресей қолдауды арттыратынын айтты.

hace 1 mes, 4 semanas
Bloomberg: Үндістан Роснефть компаниясымен жасасқан бірқатар …

Bloomberg: Үндістан Роснефть компаниясымен жасасқан бірқатар келісімдерін үзді. Дели күн сайын Үндістандағы мұнай өңдеу зауытына 500 мың баррель мұнай жеткізу келісімін жасауды аяқтау сәтінде келісімді тоқтатты. Бұл Батыс санкцияларына байланысты болып отыр. Үндістан Ресейдің мұнайын сатып алушы екінші ірі мемлекет саналады, бірінші орында Қытай тұр.

hace 2 meses
BILD: Йемен маңында Rubymar кемесі суға …

BILD: Йемен маңында Rubymar кемесі суға батты. 18-ақпанда хуситтер кемеге шабуыл жасаған болатын. Кеме экипажы Джибутиге эвакуацияланды, ал кеме араға екі аптаға жуық уақыт салып ақыры су түбіне кетті. Кемеде 40 мың тоннадан астам тыңайтқыш болған.

We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago