Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Қасиетті Рамазанға дайынсыз ба?
Жетім _1_
📜Құран. Ниса сүресі, 2-ші аятында Раббымыз:
«Жетімдерге мал-мүлкін беріңдер және жақсысын жаманымен алмастырмаңдар , сондай-ақ олардың мал-мүлкін өз мал-мүліктеріңе қосып жемеңдер. Шынында , бұл – үлкен күнә»,-деген
~~~~~
Жетімдер туралы басқа да аят, хадистер бар. Жетімге зияныңыз түгіл титтей де суық сөзіңіз тимесін..
#жетім
https://t.me/sauaptar_korjyny
Бүгін қасиетті Ережеп айы
1.01.2025
Пайғамбарымыз Мухәммәд ﷺ Ережеп айы кірген уақытта : "Аллаһым ﷻ бізге Ережеп пен Шағбан айында береке беріп, Рамазан айына есендікте жеткіз"- деп айтатын
📜 Имам әл-Бәйһақи, Ибн 'Асакир және Ибн ән-Нәджар (رحمهم الله) Әнастан (رضي الله عنه) жеткізеді
Қасиетті Рамазанға дайындал , тәубе ет, сауапты амалдарыңды арттыр
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny
Кім Аллаһтан қорықса , оған шығатын жол бар
" Кім Аллаһтан қорықса , оған қиындықтан шығар жол береді . Және оны ойламаған жерден ризықтандырады . Ал кім Аллаһқа тәуекел етсе , Ол оған жеткілікті . Шын мәнінде , Аллаһ Өз ісін толық орындайды. "
?Құран, әт-Талақ сүресі, 2-3-аяттар
Бұл аятта әр ісінде Аллаһтан қорқып амал еткен , күнәлардан аулақ пендеге әр қиындықтан шығар жол беретіні меңзеледі . Расында , бізге келетін көп қиындықтар өзіміздің күнәларымыз себепті ...
Аятта Аллаһқа тәуекел еткен адамға Раббысы жеткілікті екені және ризығы өзі тауып келетінін көрсетеді
Маңызды : қиындақтықтардан шығар жол , ризық үшін ғана Аллаһтан қорқу -- дұрыс ниеттен емес . Біз Аллаһтан Оның ұлық , көркем сипатты , барша Жаратылыстың патшасы болғаны үшін қорқуымыз керек алдымен
Жақсылық жаса , Аллаһтың жәрдемі келеді
"Кімде-кім бір нәрсеге ұмтылып , соған тырысса 《амал етсе》, Аллаһ оған жол ашады."
? Хадис
Ақыл, ізденіс, ілім, еңбекпен күш салып әрекет етсек , Аллаһтың жәрдеміне жетеміз
https://t.me/sauaptar_korjyny
Әрекетпен келеді
"Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан жақсы әрі Аллаһ үшін сүйікті . Бірақ екеуінде де жақсылық бар . Саған пайда әкелетін нәрсеге ұмтыл , Аллаһтан жәрдем сұра және дәрменсіз болма."
? Хадис. Муслим, 2664
Бұл хадис адамның әрекет жасауы мен Аллаһтан жәрдем тілеуінің маңыздылығын көрсетеді
Ұлы құлшылықтардың бірі -- Құран оқу 《түсіну, жаттау, үйрету》
Аллаһ елшісі Мухәммәд солЛялЛаһу ъәләйһи уә сәлЛәм былай деген : "Темірді тот басқаны секілді, жүректерді де тот басады. Оны тазарту жолы -- Құран оқу мен өлімді еске алу"
? Хадис: Имам Байһақи, Ибн Нуъәйм
Тот басқан жүрек -- құлшылықтардан нәр алмайды. Керісінше, құлшылық жасамаудан нәр алғандай алданады. Себебі ол өзі бұзылған, одан әрі бұзылуға бейім.
Сол дерттен ем табу, иманды арттыру, сауапқа кенелу үшін Құранды арабшалап та, өз тілімізде де ылғи оқып жүруіміз керек. Және оның шархын түсінуіміз құп
Құранды да дұрыс ниет, шынайы ықыласпен оқуға тырысу қажет. Сонда оның нұры жүрекке қонады, дүниеге сүңгіген руһты тазалайды, шайтанның азғыруына алданған сананы сақтайтын болады
تقدم ● ізгі іс
https://t.me/sauaptar_korjyny
Есті адамдардың қатарында болғың келсе
Өзінен есеп алатындарды «есті адамдар» деп Абай атамыз да санаған. Бұл туралы: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе: күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен есеп ал!
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен? Не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды етіп, өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Әлде, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?», - деп ой тастайды
◇он бесінші қара сөзі◇
Асыл дінімізде бар нәрсені ұстанған Абай атамыз - расымен дана болған. Шариғатымыздағы өзін есепке алу жайлы хадисті білетін боларсыздар?
Хасан әл-Басри 《оған Аллаһ разы болсын》 айтқан: «Мүмін өз нәпсісіне басшы. Ол өзін Аллаһ үшін есеп етеді. Негізінде, бұл дүниеде есеп еткендердің Қиямет күніндегі есептері жеңіл болады..
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny
Не ексең, соны орасың
? Хасан Басри 《Аллаһ оған разы болсын》:
"نهارُكَ ضيفُكَ فأحسنْ إليه. فإنّكَ إنْ أحسنتَ إليه ارتحل بحمدِك، و إن أسأتَ إليه ارتحل بذمِّك، وكذلك ليلُك."
“Күндізгі уақыт — саған келген қонақ секілді, онымен жақсы мәміле жаса. Егер оған жақсылық жасайтын болсаң, ол сені мақтап кетеді, ал жамандық жасайтын болсаң, сені кінәлап кететін болады. Дәл сол секілді, түнгі мезгіл де — саған келген қонақ“, — деген
«Әдәбу әд-дуня уә әд-дин», 119-бет
Пікір
Мағынасы қандай керемет, ойланған адамға. Әр күніміз бен түнімізде не іс атқарсақ, соны 2 дүниемізде орамыз...
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny
Қазақстанда хиджабқа тыйым салынуы мүмкін бе? Штраф?
Осы жаңалық шықпай тұрып та отбасымыздан хиджабқа наразылықты естумен келіп едік 《жылдар бойы》. Бұл жаңалық шығып еді, қарсылық пен қысым одан әрі үдей түсті. Күн сайын ата-анамыздың үрейі мен дінді түсінбеулерінің салмағын көтерудеміз... Бұл күйде жүрген әпке-сіңілілер аз емес. Аллаһ баршамыздың иман, сабырымызды, берекетімізді арттырсын, әмин
Паранджаға шектеу болса түсінер едім... Жоқ, хиджабқа да шектеу қарастырылады-мыс. Қоғамдық орындарда хиджаб киюге де тыйым салынуы мүмкін екенін кей исламофобтар ескертуде
Жаңалықты оқығанымда көз алдыма кей бейнелер салынды. Ойлап көріңіздерші, шектеу салынды делік... Қалай іске асады? Бұл үлкен резонанс, дау, бүлік тудыруы анық қой? Әлде Салтанат Н.-ның хақын қорғауға күші жеткен халық -- орамалды қорғауға күші жетпейді деп ойлай ма...
Кезінде өзге ұлт, дін иелері қазақтың дінін жоюға көп септігін тигізген еді. Соның ықпалы әліге дейін діні Ислам болған қазағымызға әсерін беріп келеді, өкінішті. Дініміздің таралу тарихын білмеудің зияны осы ғой?!
Оқушы кезімізде әдебиет, тарих пәнінде дін жанашырлары, қазақтың ардақты тұлғаларын еститінбіз. Оларға, жалпы қазаққа көрсетілген зұлымдық -- діннің кең жайылуына да кедергі болған. Осы себепті де қазақ -- өз дінінің аз ғана бөлігінен хабардар. Әйтпегенде жерлеу, сүндеттеу т.б. діни рәсімдерді білмес еді. Діннен білМейтін ақпараттары әлі мега көп болуына не түрткі екенін түсінсе, мұндай озбырлықтар болмас еді ✔️
СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة ?
https://t.me/sunnet_ielerine
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.