tbiznes.uz
Тадбиркорлар канали.
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Янги ғоялар
Тайёр проектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз? Эълон қолдиринг.
Админ орқали жойлаш @adm_tbiznes
Бот орқали @tbiznesbot
Last updated 2 months, 1 week ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 2 days, 16 hours ago
12. Қаржы қағидалары (Д. Жігітбек) •
Қаржы сауаты •
Бет: 214 •
Баға: мильёрд)
Өмірім жақсы жаққа өзгеруіне себепкер болған бауырым әрі ұстазым Данияр Русланұлының “Қаржы қағидалары” атты кітабын кеше тәмамдадым. Екінші қайтара оқуым, алғаш рет 1.5 жыл бұрын электронды нұсқада оқып шыққан едім.
Дәкенің кітап жазу стилі, бір қарағанда қиын көрінген дүниелерді оқырманға жеңіл жеткізуі бөлек қой. Туындылары әр оқыған сайын басқа қырынан ашыла береді. Былтыр осы кітапты оқып, Аллаһтың қалауымен қосымша 110К тапқаным есімде. Мен үшін қомақты қаржы еді. Сол кезде “табысыңды емес, табыс көздерін арттыруды көзде” деген ақылы сұмдық әсер етіп, өміріме дереу қолданып, кітап сатып алуға кеткен ақшаны 1-ақ аптада бірнеше есе қылып шығарып алғам. Бұл жолғы оқу барысында мүлдем өзгеше ойлар мен тың идеялар келіп, тағы да мүмкіндіктер көре алдым. Шүкір!
Мәселен, “Қанша табатының маңызды емес. Қандай қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды” деген терең ойды алайықшы. Маған ең ұнаған әрі эгома қатты ұрған инсайт болды. Себебі биыл табысым 3 есе өссе де, 6 айлық қауіпсіздік қорым жоқ. Үй, көлік немесе саяхат дегендерге жинап жатқаным да жоқ. “Паркинсон” заңының, яғни табысың қанша болса, шығының да соған теңесуге тырысады дегеннің дәлелі боп жүрмін. Болмысы кедей адамның тірлігі ғой бұл. Дұрыс қаржы әдеттерін әлі қалыптастыра алмағам, ақшадан тезірек айырылғым кеп тұрады екен. Бұл инсайт қаржылық жағдайыма анализ жасауға, жинақырақ болуыма септігін тигізеді деп сенем.
Тағы бір назарыма ерекше іліккен ой: “Қаржылық емес проблемаларды қаржымен жабуға тырысқан кезде қаржылық проблемалар пайда болады”
Шынымен ғой, мысалы, жұмысты сылтауратып, ата-анамыз бен отбасымызға онша көңіл бөлмейміз. Сапалы уақыт арнамаймыз. Содан өзімізді кінәлі сезінеміз. Проблема ма? Проблема. Оның орнын қымбат, бренд сыйлық әперіп, соңғы үлгідегі айфон мен умраға жолдама сыйлау арқылы, яғни ақшамен толтырғымыз келеді. Сөйтіп, ақшаға еш қатысы жоқ проблеманы ақшамен шешуге тырысамыз. Көбіне таныс жағдай деп ойлаймын. Негізі, шешім: ол кісілерге жай ғана арнайы уақыт бөліп, бірнеше минуттық әңгімесін мұқият тыңдау еді ғой.
Дәл осы сынды инсайттар “Қаржы қағидалары” кітабында толып тұр. Дәкең өзін “қаржы эксперті емеспін” деп таныстырса да, кітабындағы лайфхактар мен кеңестердің бәрі тиімді, миға қонымды. Қысқасы, “рабочий” методтар ғой. Іс жүзінде тәжірибе, тексерістен өткен қағидалар. Ақшаға көзқарас, үнемдеу өнері, қарыз және одан құтылу жолдары, биржадағы инвестиция, рухани интеллект, табыс көзі секілді сан қилы тақырыптардың автор жілігін шағып, майын ағызған екен.
Ақша көзі жайлы айтайыншы, соңғысы болсын. Бай адамды көрсек, табыс көзін тапқан деп жатамыз. Сол табыс көзі не және оны қайдан, қалай табамыз дегенге де Данияр мырза әдемі жауап береді. “Табыс көзі – өзің” дейді. Осыны санамызға мықтап бекітіп алсақ игі. Табыс артқанын қаласаң, өзіңді шыңда, ізден, әрекет пен тәуекел ет, жауапкершілік ал дегені ғой…
Ұнады маған кітап, қатты ұнады. Заметкіме 1-2 табысымды көбейтетін идея түртіп алдым және соларды жүзеге асыруға асықпын. Оған қоса, автордың ақылы телеграм арнасына қосылғам, ол жақта да қаржы тақырыбы қозғалып жатыр.
Жалпы, ақша деген әр жерде шашылып жататын жеміс сияқты екен. Көбіміз соны теріп алуға ерінеміз немесе жинап алу әдісін білмейміз. Ауыр ма?) “Қаржы қағидалары” кітабы – еріншектерге мотивация, әдісін білмейтіндерге справочник қой.
Барша оқырманға оқуға кеңес беремін. Міндетті түрде оқыңыздар. Дамыңыздар. Байыңыздар ?
Кітапты КітапалШым дүкенінен тапсырыс беріп, алдыртсаңыз болады. Бағасы 5000 тг. Бүгін жұмалық жеңілдік бар, 5%
Дата: 12.10.2023
Енді сіз төменге пікір қалдырыңызшы. Қаржы қағидаларын оқыдыңыз ба? Қандай инсайт алдыңыз? Басқаларға ұсынар ма едіңіз?
934 болыппыз. 1000-ға жеткізіп тастаймыз ба?!
Ол үшін ұнаған рецензияны арнаңызға бөліссеңіз жеткілікті.
Бірге болғандарыңызға рақмет ?
11. Норвежский лес (Х. Мураками) •
Роман •
Бет: 382 •
Баға: 7/10
“Норвежский лес кітабын оқып шықтым” деп айтуға ыңғайсызданады екенсің. Оған тағы рецензия жазу – қиын шаруа. Себебі романда төсектегі қарым-қатынас, +18 сахналар (детально), ішімдік пен шылым, суицид жайлы өте көп жазылған ??♂️ Меніңше, осы тұрғыдан Мураками мырза тым шектен шығып, туындысын былықтырып жіберген секілді немесе бұл сияқты романдар біздің менталитетке қайшы. Екіншісі дұрыс-ау, өйткені шетелдік оқырмандардың пікірлерін қарасам, бәрі есінен танып жатыр…
Өмірінен мән таппай, үнемі мұңайып жүретін, бала кезден психологиялық жаралары бар, суицидке куә болған немесе анда-санда өз-өзіне қол жұмсағысы келетін, менталды және рухани әлсіз жасөспірімдерге “Норвежский лес” кітабын үзілді-кесілді оқуға болмайды.
Романға Норвегиядағы орманның еш қатысы жоқ. Атауы әйгілі “The Beatles” тобының “Norwegian Wood” әнінен алынған екен. Бас кейіпкер Ватанабе сол әнді естіп қалып, шамамен 20 жыл бұрынғы студенттік шағын еске түсіреді.
Жалпы, роман өте ауыр, депрессивті. Антиутопия десек те болады. 18-20 жасар Токиолық студент Ватанабе және оның жақын құрбы-құрдастарының күнделікті өмірі, бір-бірімен қарым-қатынасы, сезімдері, проблемалары, жаралары һәм уайымдары жайлы. Кейіпкер студенттердің бәрі дерлік психикалық тұрғыдан сау емес, минустары көп, жиі “қуады”. Бірі досының суицидіне, екіншісі әпкесі мен жігітінің өзіне-өзі қол жұмсауына куә болған. Тағы біреуі ата-анасынан мейірім көрмей, 20 жасында екеуінен де айырылған. Рэйко деген әйелдің травмасын тіпті айтуға ауыз бармайды. Барлығының құмарлықтары мен құштарлықтары бар. Ұнағаны, олар өз қалаулары мен сезімдерін бір-біріне ашық айтады. Бір-бірін түсініп, қолдауға тырысады. Кейбір әрекеттері (ішу, +18) анайы болса да, іштей тек жақсылық тілеп тұрады. Поддержканың маңызын ұғасың.
Ерекше риза болғаным, автор сол қарапайым студенттердің жұпыны өмірінен керемет әңгіме өрбітеді. Ары-қарай не болады екен деп қызыға оқи бересің, жалықпайсың. Харуки атмосферасына бір кірсең, шығу қиын екен. Бас кейіпкеріміз Ватанабе Наоко үшін емделу орталығына барған 1 ғана күнді 52 бетке сипаттап, қызықтырып жазыпты. 52 БЕТ, КАРЛ!!! Маэстро ғой ?
Дегенмен кітаптың сюжеті біркелкі, ешқандай “уау, мен бұны күтпедім ғой” дейтін жері жоқ, таңқалатын сәттер де жоқ, тым қарабайыр. Соңы да мен үшін эмоциясыз біте салды. Сондықтан 7/10 деген баға бердім. Сюжет онша емес, тек автордың жазу шеберлігіне осындай баға. Оған қоса, +18 әңгімелердің көптігі де бағама әсер етіп тұр.
Тағы айтам, депрессия мен апатия боп жүрген жастар бұны оқымасын. Жасы +25, отбасылы, психологияға қатты қызығатын, өмірден не қалайтынын білетін жандар бұл кітаптан керегін алады деп ойлаймын. Фильмі бар екен, егер шіли ұятсыз болмаса, қарап шығу керек.
Дата: 11.10.2023
Осы кітапты оқығандар, оқиын деп жатқандар ойларымен бөліссінші. Кітап жайлы пікірлеріңіз маған да қызық ?*
Қалғандардан бір-бір реакция болса ?*
Ағатай-ау, қайда жоғалып кеттіңіз?) 1 апта өтіп кетті. Сізді сағынып қалдық ?
9. Жүрекке билет (Ш. Каниязов, Ж. Зинелова) •
Хикая •
Бет: 150 •
Баға:
Жуырда ғана сатылымға шыққан “Жүрекке билет” кітабын бір отырғанда-ақ оқып шықтым. Біраздан бері баспадан шығуын күтіп, авторы Шраз мырзаға айтып жүріп, рецензия жазу үшін Алматыдан арнайы алдыртқан кітабым еді. Көп нәрсе күтіп қойған болуым керек, өкінішке қарай, “Жүрекке билет” хикаясының сюжеті көңілден шықпады. Драма жетіспеді, тым ванильді көрінді. “Шын өмірдегі махаббат хикаясы бұндай идеал бола қоймас” деп қалдым. “Мои ожидания – мои проблемы” демекші, жоба аясында оқылған бұл туындыға да пікір жазуым керек-ті.
Хикая сюжеті қысқаша:
Бір-бірін танымайтын бойжеткен қыз бен Алмас есімді бойдақ жігіт Алматыдан Ыстанбұлға сапарға шығып, ұшақта бір қатарда көршілес болып отырып қалады. Танысып, жол бойы әңгіме-дүкен құрады. Арада махаббат ұшқыны пайда болады. Ыстанбұл аэропортында қызды күтіп алған жігітті Алмас “жігіті шығар” деп топшылайды. Содан екеуі өз жұмыстарымен екі жаққа кетеді. Алайда жігіттің саусағындағы сақинаны Алмас байқамады…
Ыстанбұлдағы бірнеше күн бойы екі жас бірін-бірі жиі ойлайды, ұшақтағы тәтті сәттерді еске алады. Небәрі 5-6 сағат ішінде жүректеріне ғашықтық сезім сәулесі түскенін ұғады және қайта қауышуды аңсайды. Алайда 20 млн халқы бар Ыстанбұлда бір-бірін қалай тапсын?! Алмас тормоз қыздың нөмірін де сұрамаған ғой ??♂️ 10 күннен кейін елге қайтатын уақыт келеді. Кейіпкерлеріміздің бақытына орай екеуі қайтарда да бір ұшаққа билет алған боп шығады. Сөйтіп мұрат мақсатына жетеді. Соңы ?
Неліктен маған бұл кітап өтпеді?
Бұл – “Жүрекке билет” кітабы жайлы менің субъективті пікірім. Ешқандай хейт емес. Өзіме және оқырманға шынайы болуды уәде еткендіктен, арасында осындай жағымсыз рецензия шығып тұрады. Келіспеуге толық құқылысыз.
Әр кітаптың өз оқырманы және әр оқырманның өз кітабы бар, бұл кітап менікі емесін түсіндім. Бірақ 18 жасар ініме сұмдық ұнап жатыр, қолынан тастамай оқып жүр. 15-23 жасар жасөспірімдердің көңілінен шығып, осы күздің ең көркем хикаясы болады деп ойлаймын. Қызбен танысатын кезде не жайлы әңгімелесуді білмейтін жігіттер оқыса, міндетті түрде пайдасын көреді. Ұшақтағы диалог мықты, түртіп алатын жақсы-жақсы ойлар жазылған екен.
Айтқандай, бұл кітап “KitapAl” дүкендер желісінде сатылымда бар.
Дата: 27.09.2023
8. Зобалаң (М. Әбдәкімұлы) •
Деректі роман •
Бет: 364 •
Баға: 10/10
Зобалаң – 2.5 млн-ға жуық қазақ аштан қырылып, 1 млн-нан астамы ас іздеп, жер аударуына себеп болған, 1931-33 жылдардағы қасақана қолдан жасалған ашаршылық кезіндегі оңтүстік жұртының хәлі жайлы толық жазылған деректі роман. Авторы – жазушы әрі тарихшы, Момбек Әбдәкімұлы, менің сүйікті заманауи һәм көзі тірі жазушыларымның бірі. “Қараман қарақшы”, “Сүлеймен қарақшы” атты керемет туындыларымен таныспын.
Бұл роман автордың қиялынан шыққан хикаяларға емес, ашаршылық белең алған жылдары орын алған адам шошитын шынайы оқиғаларға негізделген. Колхоздастыру мен байларды кәмпескелеу кесірінен малынан айырылған қазақ халқы тіске басар дым таппай, лезде ашаршылыққа ұрынды. Құрт-құмырсқа мен бақа-шаянды азық етті. Амалы таусылған шақта еті арам есек пен өлексені, тіпті, адам етін қорек қылып, жүрек жалғайтын болды.
Оқу барысында “аш болсаң, сен өзіңе ұқсамайсың” деген сникерс лозунгы ойыма келе берді. Эмоцияға беріліп, кей тұстарында егіліп жылап, ата-әжелеріміз үшін жаным ашып, намысым қайнап кетті. Қайғылы оқиғалар мен тарихи деректер ғажап үйлесім тапқандықтан, туындыға 10/10 деген ең жоғары баға бердім. Осы уақытқа дейін оқыған кітаптарым ішінде үздік 5-тікке сөзсіз кіреді.
Кітапта ашаршылық қалай басталғаны, себебі, қалай өрбігені ашық көрсетіліп, нақты деректермен дәлелденген. КСРО-ның көсемі антұрған Сталин мен оның қазақ жеріндегі қолшоқпары Голощекиннің опасыздығы, қазаққа жасағаны қиянатын автор әдемі жеткізген. Әрине, бұндай көлемдегі апат бір-екі адамның кесір-қателігінен бола алмайды. Қазақтың өз ішіндегі небір сауатсыз надандар, шаш ал десе, бас алатын баскесер жетпегірлер де сол кезде билік басында өрескел қателіктерге бой алдырған.
Мәселен, колхоздастыру кезінде басшылар өзара жарысқа түсіп, колхозындағы мал санын ойша арттырып, қағазға екі есе қосып жазып жіберген. Оның артында сол баяғы жағымпаздық жатыр. 30 жылы Голощекин “Ресейдің бірнеше қаласын 10 жыл бойы етпен қамтамасыз етеміз” деген мәлімдеме жасап, қазақ ауылдарына ет салығын көбейтеді. Біздің топас сорлылар өтіріктері ашылып қалмасын деп, қарапайым халықтан тышқақ лағына дейін тартып алып, зарлата берді... Есеп берерде колхоздағы мал санын қоспай жазғанда, бәлкім, сол зұлмат пен зобалаңды айналып өтуге болар ма еді?!
Десе де, ашаршылық – оңбаған Голощекиннің алдын-ала ойластырған “сәтті жобасы” екені шүбәсіз. Өзі билікке келген соң қол астына терең ойланбайтын, құлдық санасы уланған, жағымпаз қазақтарды және қазаққа өштескен орыстарды жинады. Олар ешкімді аямады. Ұжымдастыру мен салықты сылтауратып, халықтан түгін қалдырмай колхозға жинады. Алайда жиналған малдың қыста жейтін жем-шөбін дайындауға милары жетпеді. Ол аздай, 1931 жылы қыста шұғыл жүн салығы салынып, қойлар жаппай қырқылды. Бұл – колхоз қорасында қалған малды қырудың ең тиімді жолы еді…
Үш-төрт жыл ішінде қазақ санын 5.5 млннан 2 млнға дейін кеміткен ашаршылық суреттелген бұл роман +18 жастағыларға арналған. Ұятсыз емес, жантүршігерлік шынайы оқиғалар өте көп. Әр қазақ оқуы тиіс кітап қой. Бірақ тым сезімтал немесе аяғы ауыр әйелдерге ұсынбас едім.
Дата: 25.09.2023
tbiznes.uz
Тадбиркорлар канали.
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Янги ғоялар
Тайёр проектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз? Эълон қолдиринг.
Админ орқали жойлаш @adm_tbiznes
Бот орқали @tbiznesbot
Last updated 2 months, 1 week ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 2 days, 16 hours ago