Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago
Миссияң – жақсылыққа шақыру болмаса, соның себебінен пайда болған жамандықтың бүлдіргісін түзетумен бетпе-бет келеді екенсің.
Кейде өз қолыңды өзің кесе алмайтын кездер болады. Сол сәтте не істейтініңді білмейсің. Тек сыртынан бақылап, нәтижесін күту керек пе әлде араласу керек пе? Аралассаң, быт-шыты шығатын сияқты нәзік.
Құдай масқараңды шығарам десе, үйіңде отырсаң да шығарады. Қостанайдағы оқиғадан кейін үрейім күшейді.
Кейде сап етіп, өз-өзіңнен зікір айтып кетесің. Жоспарланбаған, зікір етейінші деп ниет етпегенсің. Сол сәтте ойландым: құдай тағала «Мені еске ал» деп есіме түсірді».
Мешітте телефоннан кішкене Құран оқып, артынша уатсап қарап кетіппін. Бір бауыр жаныма келіп, жымиып отырып «дүниені сыртта, құлшылықты іште» жасау керектігін айтты. Құдайдан келген ескерту екенін түсіндім.
Ашуланған сәтте ұзақ өмір сүретіндей сезімде тұрамын. Қуанғанда қысқа өмір сүретініміз есіме түседі.
??? КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА кітабымен ағылшын тілін үйрену! Предзаказға сыйлық бар!
Жазда ағылшынша үйреніп алғыңыз келе ме? Мұғалімге жүгінбей, қиналмай, өзіңіз үйренетін әдіс бар. Ол – Илья Франк методы. Суреттен көргеніңіздей, ағылшынша сөзден соң жақша ішінде қазақшасы беріледі. Аудиосын тыңдап, сөздің дұрыс оқылуын ілесіп отыруға болады.
Ешқандай сөздік қолданбай оқығандықтан жалықпайсыз. Қайталану арқылы бір айда 1000-нан аса жаңа сөз жатталып қалады.
?Кішкентай ханзада – 300 тілге аударылған, 400 млн тиражбен сатылған классикалық, оқиғасы қызық, тілі жеңіл кітап.
Кітапты алып, соңына дейін оқымаймын ғой десеңіз, 30 күндік марафонға қосылыңыз. «Оқыдым» деп жазып, бір айда жастармен бірге оқып шығасыз.
✅Құрастырған: Мирас Кесебаев @mirassus
Бет саны: 128
Мұқаба: қатты
Кітап түрлі-түсті
Бағасы: 3000 тг кітап + Марафонға қатысам деушілерге + 2000 тг. Телеграмда өтеді.
?Предзаказ жасағандарға СЫЙЛЫҚҚА беріледі:
1) Up (Көкке қарай) мультфильмі, қазақша-ағылшынша субтитрі бар.
2) Автордың қолтаңбасы.
➡️Алматылықтар дүкеннен алады. Басқа қалалықтар почтамен алады.
?Оқушыға, студентке сыйлық жасаңыз. Бұл өте пайдалы кітап!
☎️Дәл қазір уатсаппен тапсырыс беріп қойыңыз: 8-777-096-07-97
Мына каналға тіркеліп алыңыз. Марафон өтетін канал:
https://t.me/+oq3lMitYMddhMmQy
Жүректі қысатын және босататын не нәрсе?
("Терең ой" кітабынан алынған үзінді)
Өткенде түнде такси шақырдым. Мен белгілеген жерден алысқа тоқтады. Қол бұлғап шақырсам келмейді. Ұйықтап жатқан қызымды көтеріп тұрғанмын. Ашуланып кеттім. Зілденіп қасына бардым. Отыра сала қатқылдау сөйледім. Ол да ақталып әлек. Аңқылдап қалған кісі екен. Ашуым тарқап, приложениеден төмен баға қойып, рейтингін түсіріп тастаймын деген ойым жоқ боп кетті. Бұл не?
Тағы бірде көлікке отырдым. Шопыр үндеген жоқ. Сәлемдесіп қоя салдым. Жол бойы бір-бірімізге тіс жармадық. Бір ауырлық сезіндім. Өзіммен-өзім боп телефон шұқылайын десем де болмады. Жететін жеріме жеткен соң түсіп қалғанда ғана ауырлық бұлты сейілді. Бұл не?
Анаң бауырына басып, сүйген адамың асылып құшақтап, бауырың кеуде қағыстырып амандасқанда жеңілдеп қаласың. Бұған дейін санаңды тұмшалап тұрған кірбің ойлар сейліп кетеді. Бұл не?
Heartmath деген зерттеу институты бар. Тек жүректі зерттеумен айналысады. Жүректің біз әлі естімеген қырлары мен сырлары көп екен. Мысалы, жүректің өзі ми ретінде қызмет атқарады. Бастағы мидан жүрекке келетін сигналдан гөрі, жүректен миға баратын сигнал көбірек. Ми-жүректің 40 000-нан аса жүйке жасушасы бар. Жүректің эмоциялық күйіне байланысты бастағы миға сигнал барады. Яғни, адам ашулы кезінде, стресске түскенде, қатты қуанғанда миға соған лайық сигнал барады. Нәтижесінде бастағы ми функциясын толық атқара алмайды. Стресске түскен адамның дұрыс шешім қабылдай алмай жататыны содан.
Одан да қызығы, жүрек ырғақпен айналасына электрмагниттік энергия жіберіп, адамның айналасында 1 метр қашықтықта электрмагниттік өріс пайда қылады. Жүректің бұл магниттік өрісінің қуаты мидікіне қарағанда 100 есе көп. Енді ойлап көріңіз, әр адам әртүрлі өріспен жүр айналамызда. Ашуланып тұрған адам мен жаны жай тауып тұрған адамның өрісі екі түрлі. Бір-біріне қабыспайды. Жоғарыда келтірілген оқиғалардан енді ұққан боларсыз. Екі шопырдың қасында отырып, екі түрлі сезімді сездім. Ал адаммен құшақтасқанда жүректің байланысы өзгереді. Біртүрлі тыныштық табасың. Яғни, ашуланып отырған адам басылады. Қуанып отырған адамның қуанышы екіншісіне өтеді. Қайғырып отырған адамның жүгі жеңілдейді.
Бұл бір жұқпалы ауру тәрізді. Жарыста жеңген адамды көрген шығарсыз? Ол қатты қуанғаннан өзіне ең жақын тұрған адамды жүгіріп барып бас салады. Ол да секіріп, келесі адамды кеудесіне қысады. Сөйтіп 5-6 адам бәрі бірдей секіріп, қуанып тұрады. Тура сол сияқты, туысы қайтқан қаралы адам ағайынмен көріскенде қайғысы жеңілдейді. Таудай боп үйілген мұңның әрбір тасын келушілерге үлестіріп бергендей. «Қуанышты бөліссең көбейеді, қайғыны бөліссең азаяды» деген осы. Мұның бәрі – жүректің ісі. «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» деп сұраған Абайға тағы бір жауап.
Бүкіл ғаламның жаратылысы мен адамның жаратылысында қатты ұқсастық бар. Оны Ғазалидің еңбегінен оқығанмын. Соны келесі жолы айтармын.
PS: одан сайын қызықтыра түсейін бе? Жүректің әр соғысының жиілігі (ЖСЖ) әртүрлі. Бірдей болмайды. Қатар соққан үш дүрсілдің ұзақтығы: 70 жсж, 76 жсж, 83 жсж. Сіз ұйықтап жатсаңыз да, жүрек әртүрлі ұзақтықта соғуын жалғастырады: 0,859 секунд, 0,793 секунд, 0,726 секунд.
PSS: осындай таңғажайып жүрекке ие бола тұра, қалайша өзіңізді қадірсіз сезінесіз???
("Терең ой" кітабынан алынған үзінді)
Бір нәрсені беріп, оның қайтарымын күту - жомарттық емес. Алла үшін деп беру, ақыретте сауабын да күтпеу - ең жоғарғы шың.
Күнәні кетіретін екі от бар. Бірі - тозақтың оты, екіншісі - өкініш оты. Біріншісі ақыретте болса, екіншісі бұл дүниеде болады. Өкініш оты - адамның шын өкініп, тәубе етуі. Ол жүректен шығады. Өтірік көз жасы емес, шынайы жүректі жалмайтын от. Ақыреттегі отқа кетіп қалмас үшін осы дүниеде күнәнің татын кетіріп алу керек. Тәубе ету - Алланың нәсіп етуімен болады. "Ендеше Алла нәсіп еткен күні тәубе етем" деп сандалып жүруге болмайды. Өзің тәубе етем деп, дайындалып, дәретіңді жайлап, қолыңды жайып, мәжбүрлеп жылатып, әрекет етсең, Алла да бұлақтың көзін ашып жібереді. Себебі Ол - жүрген адамға қарай жүгіреді.
Күнәнің кесірін адам түсіне алмайды. Себебі ешкім бірден жазаланбайды. Ақыреттегі оның зиянын елестете алмайды. Ал егер дәрігер біреуге "Алма жеме, әйтпесе өлесің" десе, ол алмадан бас тартады. Себебі дәрігер не айтып отырғанын біледі. Алмаға қанша аңсары ауса да, өлімді ойлап, оған жақындамайды. Ал күнәға келгенде біз оның кесірін болжап, сезіне алмаймыз. Сондықтан оны шімірікпей оңай жасап қоямыз. Ал енді бір күнәға ойың кетіп тұрса, онда жыланның шаққанын, қасқырдың тістегенін, еттің шірігенін, беттің көгергенін, аттың тепкенін, шоқтың күйдіргенін, т.б. ойлау керек. Бұлардан дененің ауырсынуы, азабы қандай ақиқат болса, күнәнің де зиянының міндетті түрде болары дәл сондай ақиқат. Әрине, күнәнің зардабы жоғарыда айтылғаннан әлдеқайда артық болса керек.
Мейірімді Құдай неге азап жібереді дейді...
1) «Кеше түнде жер сілкінгенде бірде-бір атеист қалмаған шығар?» деген жазба жүр екен. Оның астындағы пікірлерді оқып, біздің қоғамда құдайға сенбейтіндер өте көп екенін байқадым. Әрине, жазбаның өзі дұрыс емес, кім атеист, кім құдайшыл, жүректегі сырды тексеруші біз емес. Алайда өзінің атеист екенін жасқанбай жазған адамдарға қарап ойланып қалдым.
2) Жер сілкінген сәтте, ұшақ құлаған сәтте, таудай толқын басқан сәтте кімнің жүрегінде қандай сезім болғанын біз, адамдар біле алмаймыз. Зерттеп те қажеті жоқ, оның онсыз да солай болатынын Құранда соқырға таяқ ұстатқандай жазып қойған. Тек жағаға шығып, жаны аман қалған адам қайтадан мойындамайды.
3) Атеист қайдан шығады? Ол Құдайға сенбейтін емес, құдайға ренжулі секілді. Себебі жазбада былай жазады: «Мейірімді Құдай азап ретінде жер сілкінісін жіберді. Енді соған жауап ретінде оған табыну керек». «Құдай бар болса, неге бәле орын алады? Қаншама сәбилер өліп жатыр...», т.б.
4) Адам – танымаған нәрсесінің жауы. Құдай туралы білімі аз болғандықтан, жалған ақпарат көздерінен оқығандықтан, таяз ойлағандықтан, білуге ұмтылмағандықтан, тылсымның хикметіне ой жүгіртпегендіктен – олар ренжулі.
5) Жер неге сілкінді асылында? Физикалық себебі түсінікті, жер қабаттары қозғалды. Ал рухани сыры неде? Адамның қолы қозғалуы үшін бұлшық ет керіліп, созылады. Оған көрінбейтін импульс жіберген – жүйке талшықтары. Жүйке талшықтары миға, ми жүрекке бағынады. Ал жүректі бірнәрсе қозғады. Біздің жағдайда жерді қозғаған себептер көп. Олар: атеистің көбеюі, солардың көбеюіне селт етпеген, жүрегі ауырмаған мұсылманның көбеюі; жақсылықтың жайылмауы мен жамандықтың алдын тұсамау; шүкіршіл адамның азаюы; өсімнің, ысыраптың көбеюі; т.б.
6) Басқаша айтқанда, ескерту. Ескертуден сабақ алмағандар өзіне ренжісін. Сабақ алғандар өзін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылсын. Отбасын түгендесін (қай баласы қайда, кіммен бірге, не оқып жүр). Жақсылыққа шақырсын, жамандықтан тыйсын. Өнер, білім үйреніп, оны халықтың пайдасына құдай үшін жаратсын.
7) Апат, бәлелерден Құдайды қанішер қылуды қою керек. Тани алмаған нәрсенің бәрін залым қыла берсең, өзің залым боп шықпайсың ба соңында? Махаббатпен жаратқан пендесін Құдай қалай қинасын? Оның жүз рақымының бір бөлігінен анасы баласын жақсы көріп отыр емес пе? Түйін: жақсылық көрсем – Алладан, жамандық көрсем – өзімнен. Ескертуден сабақ алайық.
Адамның ең жақсысы - бір білімді үйреніп, оны өзгеге үйретуі.
Мағынасы таусылмайтын сөз
Ең көп ойландыратын сөз - "Амалдар ниетке байланысты. Әрбір адам ниет еткеніне қол жеткізеді". Осының тереңіне әлі жете алмай келемін. Өте кең сөз. Өте кең. Тоймайсың. Түсініп келе жатып, әлі түсінбегенің 99 екенін ұғасың. "Ондайы да бар ма еді?" деп басыңды қасыған күйі қаласың. Сонысымен қызық емес пе? Тез бітіп қалса, несі қызық?
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago