Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
*❗️2025 жылы жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл сомасы 6%-дан асаға өсті*
Бұл, ең бірінші кезекте, 1 АЕК көлемінің өсуімен байланысты. 2025 жылы 1 АЕК 3932 теңге болды, ал өткен жылы ол 3692 теңге болған.
Сонымен, 2025 жылы белгіленген межеден:
▪️20 шақырым сағатқа асырғандарға 19 660 теңге;
▪️40 шақырым сағатқа дейін жылдамдық асырғандар 39 320 теңге;
▪️сағатына 40 шақырымнан асыра қатты жүргендер 78 640 теңге көлемінде айыппұлдар қарастырылады.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізгендерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген.
▪️жол белгілерін немесе жолақтарды елемей, басып өткендерге - 11 796 теңге;
▪️бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткендер алғашында - 39 320 теңге;
▪️сол тәртіпбұзушылықты қайталаса, 58 980 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
Былтыр желтоқсанда күрежолдағы орташа жылдамдықты өлшейтін режим енгізілді. Бұл режимге сәйкес, 1-а санатындағы жолдардағы орташа жылдамдық сағатына 140 шақырымнан аспауға тиіс. Ал 1-б немесе 2-ші санаттағы жолдарда сағатына 110 шақырым жылдамдықпен ғана жүру керек. Ал егер жүргізуші бір нүктеден екінші нүктеге белгіленген уақыттан бұрын барып қойса, жолда жылдамдықты асырған деген сөз.
Биылдан бастап мопедтер де 🛵тіркеуге алынады. Яғни алдағы сәуір айынан бастап мопед иелері көліктерін міндетті түрде тіркеуге тиіс. Жол ережесін бұзған жағдайда басқа көліктер сияқты оларға да айыппұл салынады. Электромобиль қожайыны да 🏎өз көлігіне арнайы белгі орнатуға міндеттеледі. Ал егер ол белгі болмаса, 11 796 теңге айыппұл төлеуге тиіс. Бұл арнайы белгілерді көлік құралдарын тіркейтін орыннан алуға болады. Сондай-ақ шетелдік номермен жүрген🚔 жүргізушілер де көлігін міндетті түрде тіркеуі керек. Ал тіркемеген жүргізушілерге 196 600 теңгеден 2 млн 200 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бұл жерде айыппұл сомасы көлік қозғалтқышының көлеміне қарай өзгереді.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
❗️2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі инфляция көрсеткіші 8,6 %-ды құрады
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2023 жылғы 9,8%-дан 2024 жылы 8,6%-ға дейін баяулады. Бір айда инфляция 0,9% құрады (алдынғы айдағыдай).
Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,3% (2023 жылда – 12,4%), азық-түлік емес тауарларға – 8,3% (2023 жылда – 9,1%), азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті (2023 жылда – 8,5%).
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
🇷🇺 Рубль бағамы тағы құлдырай жөнелді
Бүгін рубль 6% - дан астамға құнсызданып, 1 АҚШ доллары 111 рубльден саудалануда.
Айта кетсек, РФ Қаржы министрлігі жыл соңына дейін рубльге шаққанда 1 АҚШ доллары бағамын 100 рубль деңгейінде сақтау жоспарланып отырғанын айтқан. Рубльден маза кетсе теңгеден де береке қашатыны белгілі. Ал, әзірге бізде 1 АҚШ доллары 523 теңге деңгейінде сақталуда.
Доллар тағы қымбаттайды ма? Сарапшылар желтоқсанда инфляция қарқын алатынын болжады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
🧅 2024 жылдың басынан бері 19 әлеуметтік маңызды азық-түліктің жетеуі арзандады
Сауда министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 1,3%-ды құрап, соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті.
Орташа баға индексі төмендеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мыналар:
▪️қарақұмық жармасы (-35,0%),
▪️сәбіз (-9,2%),
▪️күріш (-8,2%),
▪️ұн (-6,6%),
▪️қант (-3,3%),
▪️қырыққабат (-0,8%),
▪️күнбағыс майы (-0,4%).
Баға индексі төрт өңірде төмендеді:
✔️Түркістан облысы (-2,8%),
✔️Ұлытау облысы (-2,8%),
✔️Астана қаласы (-1,5%),
✔️Қызылорда облысы (-0,6%).
Бағаға мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті министрлікке берілгеннен бері әкімшілік шаралардың қолданылуы былтырғы жылмен салыстырғанда бес есеге артқан.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жұмыстары жоспарлануда. Бұл қатаңдатуда ескерту орнына сауда субъектісінің категориясына байланысты 5-тен 150 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салу қарастырылған.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
⚡️"Росавиация" Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты түсініктеме берді
Ведомство басшысы Дмитрий Ядровтың мәлімдемесі:
🔺Ресей Қазақстан және Әзірбайжандағы әріптестеріне ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша ынтымақтастыққа толыққанды және жан-жақты дайын екенін шұғыл хабарлады.
🔺Грозный мен Владикавказдың азаматтық инфрақұрылымына дрондардың шабуыл жасауына байланысты Шешенстан астанасы әуежайының маңындағы барлық ұшақтарға әуе кеңістігінен дереу кету ескертіліп, "Ковер" режимі енгізілді.
🔺Грозный әуежайының маңында сол күні қалың тұман болды. 500 метр биіктікте айнала көрінбеді.
🔺Ұшақ командирі Грозныйға ұшақты қондыруға екі рет әрекет жасады, бірақ онысынан түк шықпады. Оған басқа әуежайларға бару ұсынылды, экипаж Ақтау әуежайына қону туралы шешім қабылдады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago