Azattyq - Азаттық

Description
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

?Website: https://www.azattyq.org

?Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 Monate, 1 Woche her

@TayyorBiznesBot

Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар

Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness

Last updated 1 Monat her

Қазақша дыбыстама?️??

Last updated 2 Monate, 2 Wochen her

3 Wochen, 5 Tage her
3 Wochen, 5 Tage her

? Дархан Сатыбалды ауысқан қызмет жайлы не білеміз?

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары деген қызмет 2023 жылғы 1 қыркүйекте жойылған еді.

Сол кезде президент әкімшілігінің құрылымы өзгерген. Әкімшіліктегі төрт бөлім қысқарып, жаңа құрылымға президент әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент кеңсесінің басшысы, президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, президент әкімшілігінің бөлімдері қосылған.

? Тоқаевтың жарлығына сәйкес, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары қызметінен босатылған. Олардың бірқатары кейін президенттің көмекшісі, кеңесшісі болды.

Дархан Сатыбалдыға дейін жойылған қызметте Тимур Сүлейменов отырған еді. Өзгерістен соң ол Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған.

Қазір президент әкімшілігін Айбек Дәдебай басқарады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

3 Wochen, 6 Tage her

*? *Ресей қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштері Курск облысында шабуылға көшкенін растады

5 қаңтарда Мәскеу уақытымен 9.00 шамасында Украина әскері "Ресей әскерінің Курск бағытындағы шабуылын тоқтату мақсатында қарсы шабуыл жасады" деп хабарлады Ресей министрлігі.

???? Ресей қорғаныс министрлігі шабуылдаушы Украина күштеріне тойтарыс берілді деп мәлімдеді.

Бұған дейін ресейлік Z-блогерлер Украина қарулы күштері Курск облысында шабуылға көшті деген хабар таратқан. Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак телеграм-арнасында "Ресей [Курск облысында] өзіне лайық нәрсені алады" деп жазды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

4 Wochen, 1 Tag her
4 Wochen, 1 Tag her

Ақмола облысындағы трассадан 70-тен аса адам эвакуацияланған, олардың арасында 8 бала бар. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Ал "ҚазАвтоЖол" мекемесі трассада 95 көліктің соқтығысуын былай түсіндіреді:

"Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" арнайы техникасы жол бастап, көліктер Щучинскіге қозғала бастаған. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілер жылдамдықты және ара қашықтықты сақтамаған"

4 Wochen, 1 Tag her

Тоқаевтың сұхбатында айтқандары: ?Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Министрлер кабинеті бұл міндетін орындап отыр. Алайда бәрі мінсіз деуге келмейді, проблемалар да бар. ?Экономист басшылардың…

1 Monat her
Azattyq - Азаттық
1 Monat her

⚡️ Тарихта алғаш рет теңіз дроны Ресейдің тікұшағын атып түсірді – Украина барлау қызметі

Украинаның барлау қызметі ракеталық қарумен жабдықталған Magura V5 дроны тарихта алған рет әуедегі нысанды атып түсірді деп мәлімдеді. Барлаушылардың мәлімдеуінше, Magura V5 броны Ресейдің Ми-8 тікұшағын атқан.

? "Қара теңіздегі қақтығыс кезінде уақытша оккупацияланған Қырым түбегіндегі Тарханкут мүйісі маңында "SeeDragon" ракетасы көмегімен Ресейдің Ми-8 тікұшағы жойылды. Бір тікұшақ өртке оранып, аэродромға жетіп үлгерді" деді Украина барлау қызметі.

Бұл шабуылға қатысты Ресей қорғаныс министрлігі ешқандай мәлімдеме жасамады.

? Magura V5 – Украина әскерінің теңізде барлау жасайтын негізгі қаруы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

1 Monat her

*? *31 желтоқсанға қараған түні Украина дрондары Ресейдің батысындағы Смоленск облысы Ярцев ауданындағы мұнай базасына шабуыл жасады

Соққыдан кейін көп ұзамай өрт басталған. Облыс губернаторы шабуылдаған барлық дрон атып түсірілді, аппараттың сынықтары түсіп, содан өрт шықты деп мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі 31 желтоқсанға қараған түні Ресейдің жеті аймағы мен аннексияланған Қырымның аспанынан Украинаның 68 дронын атып түсірдік деген есеп берді.

✈️ Таңертең Қазан қаласындағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. "Росавиация" қауіпсіздік үшін шектеу енгізілді деп хабарлады. Мұндай шаралар әдетте дрон шабуылы қаупіне байланысты қабылданады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

1 Monat, 1 Woche her

✈️? Ұшақ апаты: қазірге дейін не белгілі?

? Ақтауға құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. 29 адам аман қалып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

? "11 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың сегіз ес-түссіз жатыр. Ауруханаға түскендердің он үші - Әзербайжан азаматы, тоғызы - Ресей азаматы" деді Бозымбаев.

? Алдын ала ақпарат бойынша, бортта болған Қазақстанның алты азаматы қаза болған.

? Қырғызстанның үш азаматы аман қалғаны, аурухана түскені хабарланған. Екі адамның азаматтығы анықталып жатыр.

t.me/azattyq

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 Monate, 1 Woche her

@TayyorBiznesBot

Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар

Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness

Last updated 1 Monat her

Қазақша дыбыстама?️??

Last updated 2 Monate, 2 Wochen her