IRAVABAN.NET news website is an independent professional website to promote the legal awareness.
Last updated 2 months, 3 weeks ago
Aye Ne Win's views are presented here
Last updated 3 months, 2 weeks ago
Наш ЧАТ ?? https://t.me/+Y700lLLPmsE4ZGQy
Last updated 2 months, 3 weeks ago
Ердің 5 уақыт намазын мешітте оқуы қандай сынақ болса, әйелге үйдің шаруасын, балаларды реттеп намазды уақытында кемеліне жеткізіп оқуы дәл сондай сынақ
Қияметтте жаға жыртысу алыстағы адамдармен емес, ең жақын адамдарыңмен болады.
Кешірімді болайық. Үнемі адалдасып жүрейік.
Адамның ақысына кірмеу қиын заманда өмір сүріп жатырмыз.
Аллаһтан да, адамнан да көп кешірім сұрайық. Мына дүниедегі адал еттім, кешірдім деген қарапайым сөздер, қияметте құтылуға себеп болу мүмкін.
Аллаһтың алдына адамның ақысымен барудан сақтасын баршамызды. Әмин
Бүгін 1 ай болды ұн(ұн қосылған барлық тағам) мен тәттіден бас тартқаныма.
Әлхәмдулилләһ біраз жеңілдеп қалдым. Біраз дерттің басы осы екеуінен бастау алады екен.
Қатты қиналдым деп айта алмаймын. Оған дейін тек наннан тыйылып жүрген уақыттар болған.
Бұның мақсаты біріншіден салауатты өмір салтын ұстану, ал екіншіден нәпсіні тәрбиелеу.
Адамның жануардан айырмашылығы нәпсісін тізгіндей алуында. Жануарларды нәпсі басқарады. Қаласы жейді, қаласа ұйықтайды.
Ал, біз қалаған нәрсені жеп, қалаған нәрсенің бәрін бұлжытпай орындай берсек, нәпсіміз семіріп, басқа ақыреттік істерге зияны болуы мүмкін.
Ұн мен тәтті қазіргі біз тұтынатын тамақтардың 90% бар. Ол екеуін шектеу арқылы, таңдауым да шектелді. Демек, нәпсі тәрбиесіне де әсері мол.
Қонақтықтарда, отырыстарда біраз сабыр ету керек болады, жейтін тамақ түріңнің санаулы болғанына.
Кейбірулерге былай бірден тыйылу ауыр болуы мүмкін. Әркім шамасына қарасын.
Құранда ішімдіктен тыятын аяттар бірте - бірте түскен. Сол секілді сәбиде омыраудан ажыратқанда да аздан бастап үлкейтсе, жеңіл суалады.
Көтере алмайтын шоқпарды белге байлап керек емес. Кеңесім азынан бастаңдар. Оған ет үйренгесін көбейтуге болады.
Даналардан қалған сөз бар:
Расында, нәпсі құмарлығына еру патшаларды құлға айналдырады, ал сабырлық құлдарды патшаға айналдырады.
Аллаһқа деген мұқтаждық теңіз ортасында қалай болса, үйде қауіпсіз жерде дәл солай болу керек
Адамның мақсаты қаншалықты үлкен болса, табатын табысы және оған берілетін мүмкіншіліктері де сол тұста болады. Мысалы, бір адам бар делік, оның жағдайы да сеннен көп, беделді таныстары бар, өзі шетелдің атақты оқу орындарын оқыған, потенциалы да жоғары.…
Адамның мақсаты қаншалықты үлкен болса, табатын табысы және оған берілетін мүмкіншіліктері де сол тұста болады.
Мысалы, бір адам бар делік, оның жағдайы да сеннен көп, беделді таныстары бар, өзі шетелдің атақты оқу орындарын оқыған, потенциалы да жоғары.
Бірақ, ол адамда үлкен мақсат болмаса, ол артықшылықтары оған пайда бермейді.
Ал, сенде үлкен мақсат болса, әрі ол мақсат өмірлік миссияңмен ұштасса және де қойған мақсатыңа тұрақты, күнделікті аз қадамдар жасайтын болсаң. Дүние де, таныстар да, мүмкіншіліктер де мақсатыңа қарай жүрген жолыңда кезігеді.
Әлбетте, ең басты мақсатымыз Аллаһ Тағаланың разылығы. Ал соған жетуге қандай үлкен мақсат қойдық?
Мәселен, бір пәленшенің мақсаты, елдегі қарилар саны халық санынының 30% құрау делік. Демек, әр қалада бірнеше қарилық медресе, білікті ұстаздар, шетелден иджаза беретін Шейһтар алдыру керек. Барлығының жағдайын жасау, Құран жаттауға халықты ынталандыру және т.б амалдарды күнде ойластырып, пікірлеп, аз - аздан әрекетке көшуі керек.
Мақсатың неғұрлым ақылға қиын қабылданса, соғұрлым жақсы болады.
Аллаһ Елшісіﷺ бізге жәннаттың фирдаусын сұрауды өсиет қылды. Кейде, соны дұғаңа айтуға ұяласың. Бірақ, Расулуллаһﷺ айтса, демек, бізге де сұрау ләзім. Және де соған сай мақсат - мұраттарымыздың да болуы орынды.
Жақында Стамбулда болдым. Досым Олжас Ханафин қарсы алып, қонақ етіп күтті.
"Білім де — ризық", "Сен ризығыңды немесе ризығың сені қайдан табатынын білмейсің, Жер бетін кез" деп жатады ғой.
Олжас бауырым бір білімін бөлісті. Осы сапардың ең үлкен олжасы сол деп білемін.
Ол Стамбулда оқып жатқан Әділет деген қари бауырымыздың Құран жаттау тәсілі жайлы айтып берді. Өз сөзіммен жеткізсем, былай:
Күнде кемінде 1 сағат Құран оқы. Дауыстап. Басында қиын болса, 15 минуттан бастасаң болады.
Сөйтіп оқу жылдамдығың арта береді. 1 сағатта 3 пара (1 парада 20 бет бар) оқитын деңгейге жетесің. 3 пара: 60 бет.
Сонда әр 10 күн сайын Құранды хатым етіп отырасың. Құран 30 парадан тұрады. Яғни, бір жылда 36 хатым деген сөз: 365/10 = 36.5.
Сөйтіп 3 жыл жай хатым ете бер. Шамамен 108 хатым болады. Содан кейін 3 ай арнайы уақыт бөліп, мүмкін болса, бір медреседе жатып, Құран жатта. Ұмытпайтындай жаттап аласың да, қари боласың Алла қаласа.
Көбі Құранды бірден жаттай бастайды. Оны қайталау да оңай емес. Сөйтіп Құран жаттауды да, жай оқуды да тастап кетеді. Ал мына әдіс Құран оқуды тәрк етпей әрі оны ұмытпайтындай жаттауға көмектеседі.
Нейробиология, мидың жұмысы жайлы аз-маз білімім бар. Бұл әдістің неге жұмыс істейтінін біліп тұрмын. 108 рет оқылғаннан кейін Құран түпсанаңа отырады. Сіңеді. Кейін жаттасаң, бәрі оп-оңай орын-орнына тұра қалады. Алматыны 108 рет аралап, кейін көше аттарын жаттап алғандай ғой. Бірден жаттасаң, миыңа кірмейтін еді.
3 жыл бойы "Құран оқушы" деген дәрежеде болу да үлкен жетістік қой негізі. Құранда шамамен 320 000 әріп бар. "Оқылған әр әріпке 10 сауаптан беріледі" деген хадисті де білеміз.
Қарапайым математикаға салып, есептеп көрейік. 108 рет Құранды бастан-аяқ оқып шықсақ,
108 хатым * 320 000 әріп * 10 сауап = 345 600 000 сауап!
3 жылда қари боп кетпесек те, мынадай сауапқа кенеліп жатсақ, керемет емес пе?!
20.03.2023
©️Данияр Жігітбек
Пендеміз ғой, біле алмаймыз ғайыпты
Жер басып жүрк болсақ та көп айыпты
Бір Алланың тағдырына разымыз
Қай бағытқа апарса да қайықты
Қайыр іздеп әр нәрседен шүкірмен
От секілді қашсақ екен күпірден
Ортасында үрей менен үміттің
Арбауына түспеу мақсат күдіктің
Баға беріп шын болмысқа іштегі
“Ертең” - деген сөзге тойдық істегі
Бүгінгі күн сыйлық әрі мүмкіндік
Ұқпағандар талай бармақ тістеді
Құлшылыққа нәпсі жанын жетектеп
Адамдардың ақысы шаш етектен
Есеп алу өзімізден бастама
дайындыққа ақыреттік есепке
#шабыт_шумақтары
Нәтиже Алладан дейміз, бірақ әрекетіміз әлсіз…
Кім дүние жоғалтқанда қайғырмаса, демек, сол дүниені садақаға қия алады
IRAVABAN.NET news website is an independent professional website to promote the legal awareness.
Last updated 2 months, 3 weeks ago
Aye Ne Win's views are presented here
Last updated 3 months, 2 weeks ago
Наш ЧАТ ?? https://t.me/+Y700lLLPmsE4ZGQy
Last updated 2 months, 3 weeks ago