КТК жаңалықтары

Description
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

3 weeks, 6 days ago

🔴Алматы облысында дәрігерлер науқастың өт қабынан 111 тас алған

35 жастағы Қонаев қаласының тұрғынын бауырының айналасы жиі шаншып, ауру мазалаған. Дәрігерлерге жүгінген науқасқа ота арнайы лапароскопиялық құрылғы арқылы жасалған. Нәтижесінде хирургтар әбден асқынып, тасқа толып кеткен өт қабын толық алып тастаған.

«Науқастың өті толып тұрғанда жарықшақты гранатаға ұқсас болды. Одан ірілі-ұсақты 111 тас шықты», - дейді хирург Ринат Тоқбазарұлы.

Емделушінің қазіргі жағдайы жақсы.

4 weeks ago
4 weeks ago

🧑‍⚖️ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

«Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.

1 month ago

⚽️«Астана» «Челси»-ге есе жіберді

Елордалық клуб англиялықтардан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Алматының Орталық стадионындағыматчты көруге 20 982 көрермен жиналған.

1 month ago

⚡️Марқұм Шерзат Полаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Полиция мәліметінше, Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсанда жерлеу рәсімі кезінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілген.

«Бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайды анықтау мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттен.

1 month ago
1 month, 1 week ago
***🇰🇿******🇹🇭*** **Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха …

🇰🇿🇹🇭 Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады

✉️ Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.

1 month, 1 week ago

⚡️Алматыда жарнама тақтасын орнатып жатқан альпинист биіктен құлап, көз жұмды
Қайғылы жағдай Алмалы ауданында орналасқан «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Полиция 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

1 month, 1 week ago

Жетісу облысында құс атуға шыққан мектеп оқушысына оқ тиді

Алакөл ауданындағы Көлбай ауылында кәмелетке толмаған балаға оқ тиді. Оқушы қазір Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 20 қараша күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған.

Көлбай орта мектебінде 9-10 сынып оқитын үш оқушы құс атуға шыққан. Абайсызда атылып кеткен мылтық оғынан 2009 жылғы бала аяғынан ауыр жарақат алған.

"Жарақат алған оқушы жедел жәрдем көлігімен Қабанбай ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған (диагноз: ашық жіліншіктің оқ жарақаты). Бүгінгі күнде ол Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде, жағдайы бірқалыпты. Оқушылар аудандық полицияда, мектепішілік профилактикалық есепте тіркелмеген", — деді облыстық білім басқармасынан.

Бұл іске қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алакөл ауданында жасөспірім жанындағы досын байқаусызда мылтықпен атып алған. Балалардың бірі атасына тиесілі қаруды сұраусыз алып кеткен. Кінәлі оқушы есепке алынып, ата-анасы жауапқа тартылды", — делінген облыстық полиция департаменті ұсынған деректе.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері азаматтарға қару сақтау, қолдану ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

1 month, 2 weeks ago
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago