Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

ArshatGo

Description
Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын
Advertising
We recommend to visit

Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

www.shyngys.kz
www.abaibol.kz

Last updated 1 month ago

`` @pricesovmmsri

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Реклама ушын 👉 @UyjayAdmin ге жазың.

Көшпес мүлк саўдасы бойынша барлық дағазаларды усы телеграм каналдан көрип барсаңыз болады.

Каналға үй-жай дағаза бериў
https://t.me/c/1174744733/2142👈 шәртлери

Last updated 3 weeks, 6 days ago

3 weeks, 4 days ago
3 weeks, 4 days ago

Бұрын блогосфера сленгінде "Сукімет" деген сөз бар еді.

Сол қазір есіме түсіп кетті... 🙄

4 weeks ago

Neverlusen!

Биыл дым ұтылмаған, бәрін айырып келе жатқан, бүгін Дойчланд чемпионы болған Леверкузеннің Байерін осылай атапты. Әдемі!

1 month ago

"Нервыға тию" деген сөздің қайдан шыққанын тіске пломба салғаннан кейін түсіндім.

Кариестен тістің іші ашылады да, ішіндегі нервыға салқын, ыстық тамақ, ауа тиген кезде ауырады. Сондықтан нервыны алып тастайды немесе пломбамен жауып тастайды. Олай болмаған жағдайда адам жынданып жүреді.

Ал жындану, жын кіру деген ол бөлек - шизофрения ауруы ғой 🧐

1 month ago

#анекдот

Бір мықтының баласы сотталып, өмір бойы жаза алатын болыпты. Әкесі ең мықты адвокат тауып, ең болмаса 19 жыл алып беруін сұрапты.

Сот аяқталып, адвокат күлімдеп шығып келе жатқанын көрген әкесі:

- Не болды, баланы құтқара алдың ба?
- Қиын болды, бірақ 19 жылға әзер көндірдім судьяны. Әйтпесе кінәсіз деп шығып кетейін деп тұр еді...

1 month ago

Мем.сатып алу порталында бір сайттың тех ерекшеліктерін оқып келе жатып, "Сайт "1С" CMS пайдалана отырып әзірленуі тиіс Битрикс - Стандарт " конфигурация "Қазақстан мекемелеріне арналған сайт" деген жеріне келгенде жылап жібердім 😢

1 month, 1 week ago

4 сәуір - Вебмастерлер күні.

4.04 - 404 қатесінің құрметіне қойылған бейресми мереке.

Сайт ісімен айналысатындарды мейрамдарымен құттықтаймын!

1 month, 1 week ago

Жоғары интеллекттің тосын 6 белгісі

1. Психикалық ауытқушылық.
Британ ғалымдарының зерттеуінше, 8 жасында жоғары интеллекті болған балалар мұндай дертке жиі шалдығады екен. Әсіресе биполяр ауытқушылық көп байқалады. Мұндай адамдарда депрессия, уайым, ауыр балалық шақ немесе есірткінің әсерінен айыға алмау көбірек кездеседі. Эволюциялық тұрғыдан қарасақ та адамзат уайым-қорқыныш және интеллекттің арқасында ғана бүгінге дейін аман жетті. Өйткені үнемі қауіп-қатерді ойлау және одан шығудың жолдарын қарастырды.

2. Либерализм және атеизм
Сатоси Канадзава атты психологтың пайымдауынша, еркін көзқарастағы және дін ұстанбайтын адамдардың интеллекті жоғарылау болады. Оның зерттеуінше, ультраконсерватор жасөспірімдерде IQ 95 болса, либерал көзқарастағыларда 106,5. Діндар жастарда орташа есеппен 97, атеистерде 103 болған. Канадзаваның теориясы бойынша дін және консерватизм адамзаттың көпғасырлық эволюциясының өнімі. Ал жаңа эволюциялық шешімдерге жету үшін түрлі идеяларға ашықтық және басқаша көзқарас керек. Және әлбетте жақсы ой мен логика да керек.

3. Түнгі өмір
Эволюция психологы Канадзава бұл жерде де жоғары интеллектті адамдар қалыпты эволюциялық күн тәртібінен бөлек өмір сүреді дейді. Адамдар бұрын тіршілік үшін тек күннің жарық кезін пайдаланып, түнде тек ұйықтайтын болса, қазіргі жоғары IQ-лі адамдар бұл дәстүрді бұзып, түнгі уақытты пайдалана бастапты. Психологтың зерттеулері де мұны растайды. Ерте жатып, ерте тұратындарға қарағанда түнгі «жапалақтардың» IQ-і жоғары болған.

4. Жалғыздыққа құмарлық
Жоғары интеллектті адамдар жалғыздықтан да ләззат ала алады. Ал адамдардың көбі керісінше достармен, көпшілікпен кездескенді ұнатады. IQ жоғарылар түрлі жобаларды ойлап жүреді де, көпшілікпен кездесіп уақыт құртқылары және алаңдағылары келмейді.
Эволюциялық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұрын адамдар бірігіп ғана тіршілік ете алды. Ал ақылды адамдар қашанда жалғыз өздері жеке жол ашуға тырысты. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда жаңашылдықты тез қабылдап, тез үйренеді.

5. Басқаларға сенуге бейімділік
Интеллекті жоғары адамдар басқаларға сену бойынша да алда. Тек ағайын-туысқан, достары ғана емес, кез келген саладан сенімді адамдар таба алады. Олар сенімсіз адамдарды, кімдерге қандай істі тапсыруға болмайтынын жақсы сараптай алады. Сондықтан да сенуге тұрарлық адамдарды жақсы анықтай алады.

6. Қимылдың аздығы
Ақылды адамдар аз қозғалады. Білімге құштарлығы төмен адамдар жұмыс аптасы ішінде интеллекті жоғарыларға қарағанда көбірек қимылдайды. Ойшыл емес адамдар интеллектуал істерден тез жалығады да, оның орнына істейтін басқа нәрселер тауып алады. Ал интеллектуал жалқаулар көп қозғалысқа жоқ.

1 month, 1 week ago

Кейде футбол қарайтыным бар. Қай командалардың жанкүйері екенімді айта кетейін:

  1. Ақтөбе
  2. Галатасарай
  3. Реал Мадрид

Ал сіз ше?

P.S. артық фанатизмді, басқа клубтарды мазақ қылуды, футболи троллингті қолдамаймын

1 month, 2 weeks ago

Негізі пессимистеу адаммын. Бірақ осы жұмыс тақырыбында оптимистік ойларым да бар. Үкімет соңғы жылдары жұртты кәсіпкерлікке кетуге үгіттеп жүрген сияқты болып көрінеді.
Мысалы жеке кәсіпкерлік ашу оңай, салықтары аз, тіпті пандемиядан бастап 3 жыл салық алмады, түрлі грант пен субсидиялар бар.
Мемқызметкерлерге "өздерің кетіңдерші, зайбал" деп ашық айта алмай жүрген сияқты болып көрінеді. Негізі оптимизация жасалуы керек басты сала ғой мемқызмет

We recommend to visit

Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

www.shyngys.kz
www.abaibol.kz

Last updated 1 month ago

`` @pricesovmmsri

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Реклама ушын 👉 @UyjayAdmin ге жазың.

Көшпес мүлк саўдасы бойынша барлық дағазаларды усы телеграм каналдан көрип барсаңыз болады.

Каналға үй-жай дағаза бериў
https://t.me/c/1174744733/2142👈 шәртлери

Last updated 3 weeks, 6 days ago