Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Ainur_ustaz_

Description
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Last updated 1 month, 2 weeks ago

1 month, 2 weeks ago

Рамазан. 15-күн

«Ол сендерге сұрағандарыңның барлығын берді. Алланың игіліктерін санайтын болсаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Негізінде, адам баласы тым әділетсіз, тым шүкірсіз (Алланың берген игіліктеріне алғыс білдірмейді» («Ибраһим» сүресі, 34-аят).
Бұған дейінгі аяттарда Алла Тағала Өзі берген нығметтердің кейбірін атын атайды да, сұрағандарыңның, қалағандарыңның бәрін бердім деп түйіндейді. Егер, сендер сол нығметтерді санайтын болсаңдар, санына жетуге күш-құдіреттерің жетпейді. Алуан түрлілігі соншалықты, алғыс білдіруге шамалары келмейді. Адам баласы Раббысының нығметтерді үйіп-төккендігіне қарамастан өзіне зұлымдық жасайды және сол нығметтерді Алланың бергендігін естен шығарады, кейбірі, тіпті мойындамайды. Адам – нығметтерді жоққа шығарушы, күпірлік етуші, шүкірлік етпей өзіне зұлымдық жасаушы. Алла Тағала осы аят арқылы адамдарға өздеріне
берілгендердің шынайы Иесі Өзі екендігін түсініп, құлшылықпен, Алланы бір деп мойындаумен шүкірлік етуге міндетті екендіктерін ескертеді.

#Құранменсаяхат

1 month, 2 weeks ago

Рамазан. 14-күн.

«Кім Алладан қорықса, (Алла) оған бір шығар жол пайда қылады. Және оны ойламаған жерден рызықтандырады» («Талақ» сүресі, 2-3-аяттар).

Кім Алланың бұйрықтарын орындап, Оған ұнамайтын іс жасап қоюдан абайласа, сақтанса, Одан қорқатын болса және шамасы келгенше тыйғандарынан тыйылса, басқа сынақ түскен кезде тек Алланы разы ететін жолды таңдаса, адамға міндетті түрде кез келген қысымнан, қиыншылықтан шығар жол пайда болады. Сынақ келген кездегі ең бірінші амал - тақуалық етіп жіберу. Себебі, сынақты беруші – Алла. Ол құлының қаншалықты дұрыстыққа немесе бұрыстыққа ұмтылатындығын айқындау үшін осындай сынақтар береді. Соған сәйкес, құлы дұрыстықты таңдап, тақуалыққа бастаса, Ақыретіне, иманына зиян келетіндерден бас тартса, Алла Тағала кез келген қиыншылықтан, ауыртпашылықтан шығатын жолды ашады. Ол ойламаған, күтпеген жерден ризық, береке жібереді.#Құранменсаяхат

1 month, 2 weeks ago

Алладан иман, береке, жақсылық және дұрыстық сұрау дұғасы.

Я, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет! 
Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын және жиынтығын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын және Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин!
Я, Алла! Мен Сенен кірісетін ісімде, істейтін ісімде, жасайтын ісімде, жария болғанынан да, жасырын болғанынан да жақсылық сұраймын. және Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин!
Я, Алла! Мен Сенен менің есімімді жоғары көтеруіңді, күнәмді кешуіңді, ісімді дұрыстауыңды, жүрегімді тазалауыңды, ұятты жерімді қорғауыңды, жүрегімді нұрландыруыңды, қателігімді кешіруіңді және Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин!   
Я, Алла! Мен Сенен менің жаныма, естуіме, көруіме, рухыма, денеме, мінезіме, жанұяма, өміріме, өліміме, іс-амалыма береке беруіңді сұраймын. Жақсылықтарымды қабыл ет! Және Сенен Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин! (Хаким)

«Аллаһумма инни әс-әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. 
Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһ, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһ, уәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин!
Аллаһумма инни әс-әлукә хайра мә әәтии, уә хайра мә әфъал, уә хайра мә әъмәл, уә хайра мә батан, уә хайра мә заһар, уәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин! 
Аллаһумма инни әс-әлукә ән тәрфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә туслихә әмри, уә тутаһһира қалби, уә тухассыйна фәржи, уә тунаууира қалби, уә тәғфирә ли зәнби, уә әс-әлукәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин

#Қадіртүнінедайындық #7

3 months, 2 weeks ago

ТАҢ НАМАЗЫНА ОЯТАТЫН кейбір кеңестер

💟 Ықыласты, ниетті түзеу, уайымдау. Амалдар ниетке байланысты. Әрдайым таң намазының артықшылықтарын еске түсірсеңіз, ықыласыңыз да арта түспек. Адам ең қымбат нәрсесін уайымдаса тіпті түсінде де көреді. Ал бүкіл дүние және ондағыдан артық болған таң намазы сүннетінен қалып қалмасам деген шынайы уайым мұсылманды оятуы керек.

💟 Дұға –  мұсылманның қаруы. Таңғы құлшылыққа тұрғызуды Алладан сұрайық, себебі, иманды сыйлаған да, адамның иесі де – әлемдердің Раббысы.

💟Барынша ерте жатуға тырысыңыз. Кеш жатуға дағдылансаңыз, белгілі бір тәріпке түсудің амалдарын қарастырыңыз. Сүннет бойынша оң жақ қырмен, оң қолды жаққа қойып жату да ұйқысыздықты қашырады.

💟 Бұхариден келген хадисте ұйқы алдында да намазға дайындалғандай дәрет алып жату бұйырылған. Дәретпен болған адам шайтанның жамандығынан сақталып,  періштелердің қорғауында болады.

💟 Екінті және ақшам намаздарынан кейін ұйықтап қалып жүрмеңіз. Бұл – түнгі ұйқыны қашыратын маңызды себептердің бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құптан намазының алдында ұйықтамаған, құптан намазынан кейін артық әңгіме айтпаған.

💟 Мүмкіндік болса, бесіннен кейін он бес минут ұйықтап алыңыз.

💟 Оятарды барынша алыс жерге қойыңыз, оны тұрып өшіргенде ұйқыңыз ашылуы мүмкін.

💟Жанашыр адамдарыңыздан оятуды сұраңыз.

💟Бетке су бүрку – белсенділікке жеткізіп, ұйқыны ашады.

💟Шектен тыс және ауыр тамақтардан тыйылыңыз, ұйқы алдында тіптен тамақ жемеген дұрыс.

💟  Оятардың даусын ести сала тұрып кетуді әдеткен айналдыру қажет. Оятарды бірнеше уақытқа қойыңыз.

💟 Ұйқыдан ояна сала Алланы еске алу  және қуылған шайтаннан Аллаға сыйыну. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Сендерден кез келгенің ұйықтағанда шайтан оның желкесіне үш түйін түйіп, әр қайсысына: «Сенің түнің ұзақ болады, ұйықта!» деп түйген жерінен ұрады. Егер адам оянып, Алланы еске алса, онда бірінші түйін шешіледі. Ал егер дәрет алса, екінші түйін шешіледі. Ал егер намаз оқыса, онда үшінші түйіні шешіледі» деген.

💟  Ұйқыдан оянғанда айтылатын дұғаны ұмытпау: «Әлхамду-лиЛләһи-лләзи ахйәнә бә’дә мә әмәтәнә уә иләйһин-нушур» («Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән»).

💟 Жарық қосқыш қол жетімді жерде тұрса, бірден жағыңыз. Бұл да ұйқының ашылуына себеп болады.

💟 Оятарды тура таң намазының уақытына қойыңыз. Әйтпегенде әлі уақыт бар деп ұйықтап кетуіңіз мүмкін.

💟 Түнгі намазға тұруды ниет етсеңіз, түннің үшінші бөлігінде, яғни, таң намазына жақын уақытта тұруға тырысып көріңіз. Бұл – «бір оқпен екі қоянды атқанмен» тең.

💟  Жоғарыдағы келтірілген хадистерге сәйкес, таң намазының сауаптарын әрдайым еске түсіріп жүру.

3 months, 2 weeks ago

Сонда (Алла) Өзі жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?»—деп сұрайды. Олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді»,—деседі»,—деген(Бұхари).

4⃣Таң намазын оқыған кісіні Алла Тағала жарылқайды және оған береке сыйлайды:

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) өзі Аллаға жалбарынып: " Уа Алла, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр", - дейтін. (Суннан ат - Тирмизи).

5⃣Таң намазын қалау ұйқыдан артық және ол тағдырды жеңілдетеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: "Таңғы ұйқы адамның ырысын азайтады" («Әл-Жами`ус-Сағир», 5129).

3 months, 2 weeks ago

ДӘРЕТ АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕҢІЛДІКТЕР:

1⃣ Ислам діні дәрет алуға мүмкіндік жоқ кезде (ауру, сапар, күннің суықтығы т.б) «тәяммум» (екі қолды топыраққа не шаңға ұрып, білегіңізді, бетіңізді сипайсыз) алуға рұқсат етеді. Әсіресе, қыстың суық күнінде іш дәретке байланысты судың орнына қағаз қолдануды шариғат қолдайды әрі оның сауабы да көп. Себебі, нәжістен түбегейлі тазарудан денсаулыққа қауіп төніп тұр.

2⃣Әйелдер мен ер адамдардың ауруларының көпшілігі дәреттен кейін іш киімді құрғамаған күйде киіп, оның денсаулыққа зиян екендігін ұмыт қалдырғандықтарынан болады. Киім дымқылдығының соңы түрлі ауруға апарып соқтырады. Сол үшін де, алдымен қағазды пайдаланып, сонан кейін сумен жуып, сонан кейін қайта қағаз пайдалануды әдетке айналдырған жөн.

3⃣Жатардан дәрет алып жатқаннан кейін, ұйқыдан тұрып, дәрет қыспаса немесе дәретті жел шығарып, бұзып қойған жағдайда дәретханаға бару шарт емес. Бірден сумен қол-аяғын жуып дәрет ала береді.

4⃣Әр намаздың алдында дәрет алған абзал іс, бірақ, ол парыз емес. Дәреттің бұзылуына себеп болатын әрекеттер жасағанда ғана дәрет парыз болады. Дәрет бұзылмаса, оны бірнеше намазға жаратуға болады. Мәселен, қыс мезгілінде бесін, екінті, ақшам намаздарына бесінде алған дәретпен баруға мүмкіндік бар.

5⃣Ал егер аяқтан суық өту қаупі туса, мәсі немесе шұлық пішінді, теріден жасалған мәсі тектес бұйымдардың сыртынан мәсіх тартуға болады.Мәсіге мәсіх тарту —дәрет бар кезде киілген мәсіні кейінгі дәретте шешіп отырмай,  қолды сулап, саусақтарды мәсінің үстінен жүргізу. Мәсіх тартудың мерзімі бірінші мәсіх тартылған уақытынан басталады. Тұрғылықты адам бір күн, сапардағы адам үш күн егер ғұсыл уәжіп болмаса, мәсіні шешпей (алдымен дәрет алып) жүре берсе болады.

6⃣Дәреттің парыздары мен сүннеттерін жақсы білу істі жеңілдетеді. Себебі, қолайсыз жағдайда немесе жылы су табылмағанда парыз болған мүшелерді бір рет жууға болады. Құранда «Мәида» сүресінің  6-аятында: «Ей, иман келтіргендер! Егер намазға тұрсаңдар, жүздеріңді, шынтақпен қоса қолдарыңды жуыңдар және бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобықпен қоса (жуыңдар)» деген. Дәл осы  аятта дәреттің парыздары аталады. Яғни, сіз жүзіңізді, қолыңызды шынтақпен қосып, екі аяқты тобықпен бірге жуасыз, бастың төрттен біріне мәсіх тартасыз. Дәрет бар болып есептеледі.
берілген).Денсаулығыңызға қауіп төнбесе, жай кезде дәретті толық алу үшінхадисте көрсетілгендей ауызды, мұрынды үш рет шаю, мүшелерді үш реттен жуып шығу – сүннет болып табылады.

7⃣Үй салатын кезде бөлмелерді дәретке, ғұсылға ыңғайлы етіп жоспарлаған дұрыс. Су жылытатын қондырғылардың болуын қадағалаңыз. Тіпті, пәтер жалдамас бұрын, оның намазға, дәретке қаншалықты ыңғайлы екендігіне назар аударыңыз.

8⃣Егер сізде үзірлі жағдай болса: мысалы, үнемі тоқтамастан жел шығару, выделение келе беру, зәр ұстай алмау т.б. Мұндай жағдайда парыз намаз уақыты кіргенде (бесін, екінті, ақшам т.б) сол намаз алдында бір ғана рет дәрет аласыз, сол келесі парыз намаз уақытына дейін жарай береді. Арасында Құран ұстасаңыз да, нәпіл намаз оқысаңыз да сол дәрет жеткілікті. Әр парыз намаз алды жаңартасыз.

5 months, 2 weeks ago
5 months, 2 weeks ago

Ерсін ұстаз: Алланы тану басқа нәрсе!

5 months, 2 weeks ago

ТАНИМЫН = ЖАҚСЫ КӨРЕМ❤️

Бұл тақырып көпшілік адамға "жауыр" болып кетуі мүмкін. Оқымай кетуіңіз де мүмкін.
Алайда, бұл тақырыпты қанша қозғасақ та артық болмайды.

Себебі, Алланы танытатын таухид ілімі - тамыр. Тамыр мықты болған сайын, оны құнарландырған сайын біздің дініміз мықты болады, өміріміз жеңілдейді. Иман әлсіздігі - Алланы танудың аздығы. Алланы тану - өмір бойы жалғасатын миссия, ешкім Алланы танып болдым деп айта алмайды.

«Сіздің ең жақсы көретіндеріңіз кімдер?» Тізімде кімдер бар?

Жарыңыз, ата-анаңыз, балаларыңыз, құрбыңыз т.б... Оларды неге жақсы көресіз? Өйткені, өте жақын танисыз, жақсылықтарын талай көргенсіз. Сол секілді, адам Алланы жақын таныған сайын, құдіреті мен қамқорлығын сезінген сайын оны шексіз сүйе түседі. Ол үшін барлығын істеуге кез келген уақытта даяр болып түұрады. Таңнан-кешке дейін ойлайды, кездесуге асығады. Алланы жақсы көрген адам намазды оқуды, Құран оқуды, зікір айтуды – бәрін, бәрін махаббатпен жасауға асығып тұрады. Ең бастысы сондай Қамқор Раббысы болғандығы үшін жүрегі тыныштық тауып, бақытқа кенеледі.

Әйел күйеуінің тыныштығы мен тынымы болу үшін өз қабырғасынан жаратылған дейміз. Алайда, өз жан-дүниесі тыныш болмаған әйел біреуге оны бере алмайды.

Алланы тану - жан тыныштығына жеткізетін ең басты нәрсе. Раббысын шын таныған жанда дүниелік уайым болмайды.

5 months, 3 weeks ago

Жақын қыз-келіншектерге таратамын десеңіздер осы каналдың сілтемесі:

https://t.me/ainurustaz

We recommend to visit

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Last updated 1 month, 2 weeks ago