Ainur_ustaz_

Description
Құранды түсінуді үйретемін🌹
Advertising
We recommend to visit

Құранды түсінуді үйретемін🌹

Last updated 2 weeks ago

Last updated 1 day, 5 hours ago

Last updated 4 days, 21 hours ago

hace 2 semanas

Демалыс күндері ғой

Қандай тақырыпта сөйлескіңіз келеді😁

👇🏼👇🏼👇🏼

Ең көп таңдалған тақырыпты қозғап көрейік👍

hace 2 semanas

“Құранмен саяхат” жобасында 1 пара не ұзақ бір сүрені аяқтаған кезде қатысушыларға сыйлық алужы ұсынатын едім.

Басында нәпсіге берілу емес пе екен деген күмән болатын еді. Себебі біз тек нәпсіні қамшылау керек деп түсінеміз ғой😢

Расында “Құранмен саяхат” жобасы дисциплинаға тәрбиелейтін жобалардың бірі. 90 күн бойы таңда тұру, аз болса да Құран оқу, одан соң “Таңғы-кешкі зікірлер” кітабын оқу, садақа беру осының бәрі қатысушылардың өмірінде белгілі жүйе-дисциплинаның қалыптасуына әсер етеді👌👍

Миымызға тапсырма бере алу маңызды:
Мысалы: ұйықтар алдында таң намазына оянасың, одан соң “Құранмен саяхатқа” 1 сағ қана қатысасың, таңғы зікірлерді 20 минут қана оқып, сосын әдеміііі😍 таңғы ас не кофе ішесің деген сияқты артынан нәпсімізге ұнайтын амалды қосып жіберіңіз. Миымызға мотивация болады😁😍

Нақты уақытпен, жермен бекітсеңіз миыңызға орындау жеңілірек болады🫠🫠🫠

Сіз қалай жасайсыз?

hace 2 semanas, 1 día

🪔🪔🪔 Біздің көп жағдайда проблемамыз мынада👇🏼*👇🏼*👇🏼**

👌 Уағыз, инстаграмдағы цитата, не лекция әсерімен бүгіннен Құран оқимын! деп шешеміз.

Сол сәтте 1 сүре 1 параға мотивация алып, бірақ 2 күннен соң қайта баяғы әдетке саламыз⁉️

🔴 Аяқталған соң тағы да күшпен 1-2 бет оқимыз. Ықылас бітті 😢

Аз да болса тұрақты оқу, түсіну, амал етуді үйрететін ҚҰРАНМЕН САЯХАТ жобасының артықшылығы да осы!

Білімді рилстан емес, ұстаздың алдында отырып алыңыз!

hace 2 semanas, 6 días
hace 3 semanas

#Қызықтыдерек

Ислам тарихында қағба ішінде  Құранды хатым еткен 4 адам бар:
1.     Осман ибн Аффан.
2.     Тәмим ибн Аусәтдәри.
3.     Сағид ибн Жубейр (Абдулла ибн Аббастың шәкірті).
4.     Әбу Ханифа.
Құлшылық Қағбаға жақын орындалған сайын оның сауабы арта түседі

hace 3 semanas

"Құранмен саяхат" жобасы арқылы Құран алдындағы үлкен міндеттеріміздің бірін орындап жатырмыз. 2024-тің көктемінде бір рет бастаған едік. Тағы да мүмкіндік беріп жатқан Аллаға сансыз шүкір мен мадақ болсын😍
Үш ай табанды еңбектің соңына барлық дұғаларыңызды жазып дайындап қойсаңыздар болады.

hace 3 semanas, 5 días

ЕҢ ҰЛЫ АЯТ

Бірде Әбу Һурайраға (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазандағы зекетті қарауылдауды тапсырады. Сонда ол үш түн қатарынан ұрлыққа түскен біреуді ұстап алып, бала-шағасының азыққа мұқтаж жағдайын айтқандықтан босатып жібереді. Үшінші күні жібермеске бекінгенде ұры босатқан жағдайда оған Алла пайда келтіретін бір сөздерді үйрететіндігін айтады. Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) келіскенде:
–    Төсегіңе жатарда «Аятул-Күрсіні»: «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл-хаййул-қаййуум" дегеннен аяттың аяғына дейін оқы. Сонда Алла тарапынан бір қорғаушы қасыңда болып, таң атырғаныңша шайтан саған еш жақындай алмайды,- деген екен.
Таңертең болған оқиғаны Алла Елшісіне  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанда:
–     Ол саған суайт бола тұра рас айтыпты. Үш түннен бері кіммен сөйлесіп жүргеніңді білесің бе, ей, Әбу Һурайра? -дейді. Әбу Һурайра:
–     Жоқ,-дейді.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оған:
–     Ол – шайтан, - деген екен». (Нәсаи).
Қараңызшы! Шайтанның өзі өзі жолай алмайтын сөздерді айтып тұр🫢

Қымбатты оқырман! Құранда «Ең Ұлы аяттың» бар екенін білесіз ғой?!

Бұл – «Бақара» сүресінің 255-аяты. Жоғарыдағы хадиске арқау болған «Аятүл Күрсі» – оқыған адамды сауапқа кенелтетін, Раббысынан пана сұрататын қасиетті аят🤍

Ғалымдар Құран мен сүннетке сүйене отырып, «Аятүл Күрсінің» «ең ұлы аят» атану себебін мұнда Алла Тағаланың құлшылықтағы, раббылықтағы бірлігі айтылады және ұлылық, шексіздік сипаттары қамтылады деп түсіндірген.

Хадисте: «Әр нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – Бақара сүресі. Бұл сүреде Құран аяттарының мырзасы Аятул Күрсі бар» делінген (Тирмизи).

Адам «Аятүл Күрсіні» оқып, мағынасына ой жүгіртсе, жүрегі нық сенімге толып, иманы күшейе түседі әрі шайтанның зиянынан сақтайды.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Парыз намаздан кейін «Аятул Күрсіні» оқыған адам келесі намазға дейін Алланың қорғауында болады» (Табарани), «Кімде-кім бес уақыт намаздың соңынан Аятул Күрсіні оқыса, оған Жәннатқа кіруіне тек өлім ғана кедергі болады» деген. (Нәсаи).

Мұндағы «күрсі» сөзі – тақ деген мағынаны білдіреді. Тақ – Алла Тағаланың ұлы жаратылыстарының бірі. Хадисте жеті аспан (аспандар мен жер) күрсінің тұғырымен салыстырғанда сақинадай ғана болады делінгенімен, ақылымыздан тыс болғандықтан, шын мәніндегі тақты мүлде елестете алмаймыз.

Аятүл Күрсінің асқақтығы, маңыздылығы туралы сахаба Әли Ибн Әбу Талиб(оған Алла разы болсын): «Мен ұйқыға жатар алдында «Аятүл Күрсіні» оқымаған адамды түсіне алмаймын. Егер де сіздер бұл аяттың қаншалықты ұлы екендігін білсеңіздер, оны оқуға менсінбеушілік танытпас едіңіздер, себебі ол сіздердің Пайғамбарларыңызға «әл-Аршының» қазыналарынан берілді емес пе?! «Аятүл Күрсі» Мұхаммед Пайғамбардан басқа ешбір пайғамбарға берілмеген. Және мен ешбір түнімді «Аятүл Күрсіні» үш рет оқымастан (жатар алдында оқымастан) өткізбеймін» дейді. 

Ал сіз ұйқы алдында ең ұлы аятты оқисыз ба?

hace 3 semanas, 5 días

Тыңдап көрген соң түйгендеріңізбен бөлісіңіздер🙌🏻

Алғыс білдіруді сұрап тұрған жоқпын☺️

Мен үшін маңызды❤️

hace 3 semanas, 6 días
We recommend to visit

Құранды түсінуді үйретемін🌹

Last updated 2 weeks ago

Last updated 1 day, 5 hours ago

Last updated 4 days, 21 hours ago