қалам сиясы

Description
author: Абу Қанағат Нұрланұлы
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago

4 months, 3 weeks ago

Оқырман, өзгені өзіңдей көрме, Сен қызыққан дүниеге, өзгелер мән бермесе Іштей одан сескенбе. Қашанда сақта есте: «Сен таңдаған жол әсте, Тым өзгеше».

4 months, 3 weeks ago

«Оқырман» сөзінің орнына өз есіміңізді қойып оқысаңыз. Өзіңізбен сырласудағы өзіңізді жетелейтін сөзге айналмақ. Ерекше әсер.

4 months, 3 weeks ago

Оқырман, өзгені өзіңдей көрме,
Сен қызыққан дүниеге, өзгелер мән бермесе
Іштей одан сескенбе.

Қашанда сақта есте:
«Сен таңдаған жол әсте,
Тым өзгеше».

4 months, 4 weeks ago

Тақырыбы: Сабырлық!

Ойыңдағы қолыңа келмес құрдан,
Ісің оны қолдамаса жасамаған.
Дүние адам айқас, шеңді майдан,
Қатерсіз екінің–бірі қалмаған.

Әсер тиер адамғада айналадан,
Нені орта нұсқаса адам содан.
Ортаның өзгеруін кім қаласа
Бастасын өзгерісті өз басынан.

Әлбетте адам біліп жаралмаған,
Жасы өсіп, ақыл қосып жинақталған.
Жәнекей маңыздысы не жинаған,
Нені терген, не алған бұл ғаламнан?

Сүрер өмір тұрады өзгерістен,
Жеңілдер жүк туралыққа өзгерумен.
Шыдамыңа бекем бол сабыр сақта
Сабырлық – қараңғыны, жарық еткен!

5 months ago

Ақылды тоссаң үлкенді ізде,
Ақылды қоссаң кішіні түзе!

5 months ago

*?
Бірінші қағида.
* Хақ жолында жүру ақылдың емес, жүректің ісі. Ақ пен қараны ажырататын нәрсе иығыңдағы бас емес, кеудеңдегі жүрек. Нәпсісін өлтірушілерден емес, қыр–сырын білушілерден бол!

?
Екінші қағида. Ақылдың өлшемі мен ғашықтық өлшемі басқа. Ақыл – өте сақ. Әр қадамын сақтықпен жасайды. «Байқа, өзіңе абай бол!» деп ескертіп отырады. Ал ғашықтық олай емес. Оның айтатыны: «Аянба, өзіңді аяма!».
Ақыл оңайлықпен беріле қоймайды. Ғашықтық болса өзін тежей алмайды, морт кетеді. Өйткені құпия қазыналар қирандының астында болатыны тәрізді, басты құпия жаралы жүректе жасырулы!

5 months ago

Тәніміз ашыққандай, жанымызда ашығады.
Тәннің ашыққаны денсаулықты нашарлатса, жанның ашыққаны руханиятты әлсіретеді.

Тән азығынан бөлек жан азығында қамданып жүруіміз қажет.

Осы орайда «Рухани қырық қағида» атты тізімнен өзіме түртіп алған он қағиданы бөлісе өтейін. Бәлки, жаныңызға азық болып, ойыңызды шымырлатар.

5 months, 1 week ago

Жұмақ пен тамұқты тек қана болашақтан іздемегің. Екеуі де дәл қазір, осы жерде.

Қай кезде есеп–қисапсыз қолдан келер көмекті аямасақ, қашанда кездескенге күлімдеп қарасақ, өзгенің қуанышына қуана алсақ, айналаға күнмен таласып нұр шашсақ, өзгені алыс–беріссіз жақсы көре алсақ, жұмақта жүрміз деген сөз.

Ал қай кезде дау–дамайға, ұрыс–керіске бейім тұрсақ, орынсыз қызғаныш пен ашу–ызаға былғансақ, сол сәтте–ақ тамұққа топ ете қалғанымыз.

5 months, 1 week ago

Тақырыбы: Сәт қарызы!

Төзімділік, шыдамдылық керек адам жанына,
Өмір бізді құлатуда, көтеруде артынша.
Көрсетуде, білдіруде бәрін тағдыр жолында
Тәрбиемен үйретуде қалыптасқан заңына.

Армандаған тосқан яки болашақтар әлі алда,
Нендей сынақ күтілуде білмеспіз мына жалғанда.
Кіші шақтан, кіші қадам нақты құрып алғанға
Өмір ғажап, ажарлықты сәндетіп тарқатуда.

Барлығыда адамдардың өз ісінде, қолында,
Жалқаулық, нәпсі кедергі әрекеттер жоғына.
Қарсы тұрар, қамал құрса өктем соғар дауылға
Бір міндеттің өтемдігі бір ғұмырдың шағында!

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago