Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
Анашыммен түнгі әңгімеден түйгендерім
Бұрын бұлай анаммен әңгімелеспеппіз. Қазір бір сатыға өсіп, есейіп үйге келген соң үлкен қыздар сияқты әңгіме айта алатын болыппын) 😁
Анашымның берген тәрбиесін, білімінің пайдасын көргенімді әлі де көре беретінімді айтып жатырмын. Ата-ана бізге үлгі болып қала береді екен ғой. Әлі де ол кісіден аларым, үйренерім көп екен.
Бірнеше кеңестер:
• Әрдайым жақсы сөз сөйлеу. Әр сөз дұға✨
• Сабырлы болу, асықпау ✨
• Біреудің қуанышына шынайы қуана білсең, Алла саған соны еселеп береді✨
• Қандай жағдай болса да оқу керек. Білім ешқашан артық болмайды. Білетін адам мен білмейтін адам тең емес✨
• Әдемі қартаю керек. Қартаю ауру болып жүру емес. Жас кезден өзіңді күтіп, дұрыс тамақ, спорт болса қарттық та жақсы өтеді✨
• Әрнәрсеге рахмет айта алу. Жақсы көретініңді айту✨
• Жатарда әр дене мүшең үшін шүкір айту. Алла саған бәрін түгел, сау бергеніне және олар сен үшін қызмет етіп жатқанына✨
Анама жақсы көретінімді айтып, берген тәрбиесіне, біліміне рахмет айттым❤️ 5.12.2024
04:06
Тұрмысқа шыққаннан кейін өз үйіме алғаш рет бара жатырмын. Енді төркін деп аталады екен ол жақ🙂
Қыз жат жұрттық деген осы)
Аллаға шүкір, бүгін кітапқа қатысты біраз нәрсе реттеліп қалды.
Бірнеше адаммен сөйлесіп жаңа нәрселер білдім. Алла сондай адамдарды өзі жіберіп қояды ғой🥹❤️
Кітап шығару оңай емес😅 Қызықтармен бөлісемін алда)
Мен адамдардың бәрін жақсы көргім келеді. Ештеңеге қарамай, сынамай, бөлмей, ренжімей, күмәнданбай…
қалай бар солай қабылдағым келеді…
жақсы көру - жүректің ісі.
жүрекке әмір жүрмейді деген осы екен.
әр кітап оқитын қыздың
“кітап не жайлы екен?” дейтін адамы болуы керек✨
Құрбан Айт құтты болсын мұсылман бауырлар✨*
Алла үшін шалып жатқан құрбандықтарыңыз, оқыған айт намаздарыңыз қабыл болсын!
Алла мұсылмандарға бірлік, елімізге тыныштық, халқымызға иман берсін! Әмин!*
Құрбан айт уақытында әр намаздан кейін оқылатын дұға
Тәшриқ тәкбірі құрбан айт уақытында айтылады. Арафа күні таң намазы уақытынан басталып, айттың төртінші күні екінті намазында аяқталады.
Тәкбір тәшриқ әрбір парыз намаздан соң былай оқылады:
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил хамд».
اللهُ أكبَرُ اللهُ أكبَرُ اللهُ أكبَرُ، لا إلهَ إلَّا اللهُ، وَاللهُ أكبَرُ اللهُ أكبَرُ، وَلِلَّهِ الحَمْدُ
өмір кіші сапарлардан тұратын үлкен сапар…
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago