Ізгілік жолы⏳

Description
📝📚
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам. [Ахмет  Байтұрсынұлы]
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago

4 months, 1 week ago

Кім өз ойлау қабілетін шариғат қағидаларына сай негіздемесе, ақиқат жолдан адасады. Кім өз мінез-құлқын шариғат әдептеріне сай дамытпаса, адасуға алып келеді. Кім өз ісінде шариғатқа сүйенбесе, залымдардан болады.

📝 Мустафа ас-Сиба’и р.һ

5 months ago

Махаббат тақырыбы үлкен тактыны, ерекше әдептілікті керек етеді. Дарақылық, дөрекілік, бәдіктік оның болмысына жат. Сәл ауытқып түскен тіркес, шалыс басқан шалағай сөз махаббатқа да, ғашықтарға да абырой әпермейді.

©️ Қадыр Мырза Әлі

5 months, 3 weeks ago

Адамдар әр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-өнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бойұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе.

Ғұмар Қараш. "Өрнек".

5 months, 4 weeks ago

Өз мүлкін өлердей жоқтап, өз өмірін түкке тұрғысыз санайтын адамға не дерсіз?!

?Аманат өмір
Эрих Ремарк

5 months, 4 weeks ago

Адам баласы осы енді. Желкесі қиылмай, желігі басылмайды.

?Аманат өмір
Эрих Ремарк

5 months, 4 weeks ago

Егіннің көгеріп шыққан көгіндей, көгерім шағыңда, кірпігің жыпылықтап, әркімге бір жалтақтасаң , ертеңгі күнің - ездікпен өтер...

?Сайтанкөпір
Оралхан Бөкей

5 months, 4 weeks ago

Мықтылық дегеніміз - әдемі тұрмыс құрып, бақытты ғұмыр кешу емес, қоржын арқалап жүрсең де, адамдығыңды жоғалтпау.

?Сайтанкөпір
Оралхан Бөкей

5 months, 4 weeks ago

Қарағайдың қарсы біткен бұтағы болмасаң, бөксе басты жалтақ күй кешесің.. осылайша иесіне жалтақтаған итше көрінгенге құйрығыңды бұлғап сүрген өмірден - өлген артық.

?Сайтанкөпір
Оралхан Бөкей

7 months, 2 weeks ago

Егер керемет әділ қоғамда өмір сүріп, бірақ отбасың тозақ болса, онда, басы ашық, сен бақытсызсың. Ал саған құдай адал жар, сүйкімді перзент беріп, шаңырағыңды шаттыққа толтырса, қылмысқа толы қоғамда өмір сүрсең де, сен бақыттың дәмін татпадым деп айта алмайсың. Отбасың сенің рухани панаңа, қорғаныңа айналады.

Төлен Әбдік
? "Ардегер" пьесасы

8 months ago

Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс, арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Сондықтан да махаббатқа соқпай кететін сезім аз.

Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштылық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді.

(с) Әзілхан Нұршайықов, “Махаббат қызық мол жылдар”

#кітап_нәр_тағылым

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago