Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Ortan Terek | Коронавирус

Description
Тек қана юмор, тек қана xардкор. Сарказм, цитата және өзге де ойлар. Керек болса "мысқылдың" түбін түсіреміз... Қара әзіл 🔞
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 3 weeks ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 6 days, 15 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month, 2 weeks ago

4 years ago
Ortan Terek | Коронавирус
4 years, 1 month ago
Ortan Terek | Коронавирус
4 years, 2 months ago

Бәлкім, бұл менің соңғы постым шығар. Кім біліпті. Просты, жыл сайын көктем келгенде крутойлығыма қарамастан ауыратын әдетім бар еді. Бірақ коронавируспен қатар ауырған біртүрлі екен. Пока что мойындамай жатырмын.

Соңғы 1 аптада мүмкін емес жағдай орын алып, ставкадан қадалуды қойдым. Жоқ, аяқ астынан капперлік қасиет орнап немесе Бекшиннен жб прогноз алып жүрген ештеңем жоқ. Коронавирустың кесірінен барлық футбол, хоккей, теннис, кёрлинг сияқты танымал спорт матчтарымен қоса, өзге де спорт түрлерін тоқтатып тастады. Сондықтан, міне, бірнеше күннен бері оң қолдан басқа тігетін ештеңе қалмады.
Ақша ұсақтатпақ боп, бір Орбит алып шығайын деп супермаркетке кірсең анталаған қазақтар "Взрыв из прошлого" фильміндегі секілді 35 жыл бункерде тұрайын деп жатқандай тамақ алып, кассада кезекте тұр. Қазақстанда шемешкі майды судың орнына ішетіндей 100 жылдық запаспен алып жатса, Америкада дәретхана қағазына километр кезекке тұрып жатыр.
Осындайда ой келеді: дәретхана қағазына ажиотаж жасап, қырылып жатқан халықты қалайша мықты халық деуге ауыз барады? Google, Facebook, Apple, Amazon-ды құрғандары не керек, қиын кезде көттерін сүртетін альтернатива таба алмай жүрсе. Біздің қазақтар ол альтернативаны баяғыда Егемен Қазақстаннан тауып қойған. Осыдан кейін қазақтар ұлы халық емей немене? Бірақ, екінші жағынан, критикалық ойлауды іске қосып қарасақ, бұл жерден екі халықтың менталитетін көруге болады. Біздің қазақтар ішуін ғана ойлап, тышуында шаруалары жоқ, ал Американдықтар екі мағынада да "артын" ойлайтын халық екені көрінеді. Және оның үстіне Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, немесе Сарыарқа самалы деген газеттерден гөрі әлемге танымал USA Today, New York Times, Washington Post-пен қажеттілігіңді өтеп жатқан как минимум біртүрлі, көргенсіздік болып саналатын секілді. Газеттері әлемдік деңгейде болғанына олар кінәлі емес қой.
Әрине, бұл күлетін жағдай емес. Коронавирустың қарқыны қатты. Кеше ғана Қытайда жүрген коронавирус эпицентрі бүгінде Иран, Италия сияқты елдерге ауысты. Вирус Зевс немесе Кришнаға табынғаныңа қарамайды.
Бірақ, коронавирустың таралуынан да жылдам бірнәрсе бар. Ол - мұсылман қауымының вирусты "Құдайдың Қытайға түсірген қарғысы", "КОРАНовирус" деген пікірінің сол вирус енді өздеріне келгенде автоматты түрде "Құдайдың бізге берген сынағы" деген пікірге өту процессі.

4 years, 2 months ago

​​Сігілсінші 8 март мерекесі

[​​](https://telegra.ph/file/a1c8cd1e85060b746013d.jpg)Сігілсінші 8 март мерекесі
4 years, 3 months ago
Ortan Terek | Коронавирус
4 years, 3 months ago
Ortan Terek | Коронавирус
4 years, 3 months ago

Игра престолов: қазақша нұсқа. Еліміздің барлық кинотеатрларында!

4 years, 3 months ago

"Айсұлтанның бастан кешкендері" жақында еліміздің барша таксилерінде.

4 years, 3 months ago

Кабина жарқ-жұрқ етіп, ішіндегі плазма қабырғаларына бір шапшып, бір қайтып, ақыры тына қалды. Сосын есігі ашылды да, қою түтін будақтап атқылап, ақыры түтін — Әбілқайыр ханның кейпіне еніп, жан-жағына қарады. Естілер-естілмес «әбілдер...» деп кейігендей болды. Бұл кезде кабинаны айнала отырған ғалымдар батылдығын жиып үлгірген болатын. Ақыры ең сақалауы жөткірініп алып, сөзін бастап кетті:
— Ассалаумағалейкүм, Әбілқайыр хан! Сізді 25 ғасырдың технологиясы арқылы о дүниеден уақытша алдырып отырмыз. Тарих Институтының тапсырысы бойынша дәл өзіңізді шақырып отырмыз. Қазір бір топ тарихшыларымыздың түйінді сұрақтарына жауап берсеңіз дейміз.
Әбілқайыр сөйлеушіге алая қарады.
— Не дейд мынау төлеңгіт, нақтың? – деді сосын жекіріп, — Әй Барақ сұлтан, қаралар ханға тура қарап сөйлейтін болған ба, лібәдтар?
Тарихышлар ду ете қалды. Барлығы жамырай:
— Барақ сұлтан? Сізді өлтірген сол емес пе еді, қалайша…
— А? Мына ептібайымайдтар не деп тұр? Қуасыңдар ма нақ? Әй Барақ, сен бе мені өлтірген?
Аспаннан «Қойнақ» деген дауыс шықты: Барақ болса керек.
— Қарап тұрсам, өңшең төлеңгіт бабасстар кілең, мен туралы неше түрлі жазып тастағанға ұқсайсыңдар! Кәне, тағы не сұрайсыңдар?
Аздап жұмсарғандай болған Әбілқайырдың райы ғалым бұтақбастарға қосымша батылдық бергендей болды. Кезектесіп сұрақ қоя бастады. Алдымен Мақтым Поло сөз алды:
— 1730 жылы Сіз башқұрттар арқылы Анна Иоановна патшайымға хат жазып, бодандығына қабылдауды өтініпсіз. Сосын…
Сол-ақ екен: Мақтым Полоның тасының тұсына 150 граммдық күміс сақина тарс ете қалды. Шабын қос қолдап ұстап, құлай кеткен бұтақбас Марко Полоға, Әбілқайыр төніп келіп:
— Шешесстің, мықтап жазған екенсіңдер нақ! Қазір, Барақ сұлтан келсін, басыңды алдырам! – деп бақырды.
— Олай болған жоқ па не? – деді Мақтым Поло жатқан күйі жыламсырап.
— Лібә, қайдағы патшайым Анна деген? Кәпірді пикникке шығарда алдыратынбыз, қымбат алмайтын қатын еді, хе-хе… Не дейсің, патшайым дедің бе жаңа? Бұттан кетті нақ! – деген Әбілқайыр, жата қалып, құлақтан кеткенше күлді. Біресе ішін, біресе басын ұстап, мойын тамыры шығып күлкіден қатып жатқан Әбілқайырды келесі ғалым түртті.
— Рұқсат етсеңіз… Жаңағы… Енді иә, тарих аздап бұрмалатыны рас… Сонда да сұрайын: Сіздер Бұланты өзенінде…
— Ааа, иә, ол отырыс есімде: Барақ сұлтанның туған күнінде жынды отырғанбыз – деді Әбілқайыр күлкісін тиып.
— Ж-жоқ… Бұланты өзенінде жоңғарлармен болған қырғында деймін де, неге жоңғарларды түгелімен мәңгіге жойып жіберуге мүмкіндік боп тұрғанда, Сіз…
Ғалым сөзін әрі қарай жалғасытрайын десе, аузында бірдеңе кедергі болып тұрғанын сезді. Қараса: асатаяқтың бір шеті шығып тұр екен. «Бұл қайдан тап болды?» деп ойлағанша, желкеден кірген асатаяқтың тесігінен қан судай атқылап таусылып, жан тәсілім етті. Асатаяғын кері суырып алған Әбілқайыр хан, кабинаның жанына барып, үнсіз жантайды да: «Ептібайымайд ұрпақтың жадысын-ай… Мені о дүниеге кері қайтарыңдар… Сөзім жоқ уж..» деді.
Сақалау келген ғалым:
— Иә, сүйткен бәрімізге де жақсы сияқты...-деді де, реакторды қосып жіберді. Әбілқайыр хан қайтадан түтінге айналып, кабинаға кері сорыла бастады. Ашылып кеткен шапанының астынан, шалбарының ышқырына қыстырылған екі «Магнум» тапаншалары көрінгендей болды.
— Тапаншааа??? Жетізарядты «Магнумдар» 20 ғасырда ғана...-деп бастап жатқан ғалымға жетекші ғалым:
— Көтіңді қысшы нақ, өзімнің миым ашып кетті ептібайымайдтың!- деп, жекіп тастады…
©Сатыбалды Кербабаев

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 3 weeks ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 6 days, 15 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month, 2 weeks ago