СИЛСИЛӘ ӘЛ-АХАДИС ӘС-САХИХА

Description
Оқырмандардың назарына Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді хадистерінің мағыналық аудармармасын ұсынамыз. Бұл хадистердің сенімділігін (сахихтығын) заманымыздың атақты хадистанушысы шейх әл-Әлбани тексеріп растаған.
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

2 months, 2 weeks ago

2540 – Әнас ибн Мәликтен Пайғамбарымыздың ‎ﷺ былай дегені жеткізіледі: «Расында, Аллаһ (Тағала) иман келтірген адамның ізгі амалдарына байланысты әділетсіздік етпейді және Ол оған (басқа риуаятта: «Осы өмірде де ризық береді» деп айтылған) әрі Ақыретте (де) сый-сауап нәсіп етеді. Кәпірге келсек, Аллаһ (Тағала) оны жасаған ізгі амалдары үшін осы өмірде ризықтандырады, алайда Ақырет өміріне келгенде, оның сый-сауап алатын ізгі амалы болмайды» («әс-Сахиха», 53).

2 months, 2 weeks ago

2539 – АбдуЛлаһ ибн Амр былай баяндаған: «Мен Аллаһ Елшісінің ‎ﷺ былай дегенін естідім: «Расында, Аллаһ Қиямет күні бүкіл жаратылыстарының алдында менің үмметімнен бір адамды таңдайды. Оның алдына (амалдары жазылған) 99 дәптері қойылады, әрі әр дәптерінің көлемі назар жететіндей жерге дейін болады. Кейін оған: «Сен осы (жазылған дәртерлерден) бір нәрсені жоққа шығарысың ба? Оны жазғандар саған әділетсіздік жасады ма?», - деп айтылады. Ол: «Жоқ, уа Раббым!», - деп жауап береді. Оған: «Сенде ақталу үзірің бар ма?», - деп айтылады. Ол: «Жоқ, уа Раббым!», - деп жауап береді. Оған: «Жоқ, бар. Расында, Бізде сен үшін бір жақсы амал сақталған. Саған бүгін еш әділетсіздік жасалмайды», - деп айтылады да, (сосын ол үшін) «Мен Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ егендігіне және Мухаммад Оның Құлы мен Елшісі екендігіне куәлік етемін» жазылған кішкентай қағаз шығарылады. Кейін оған: «Бар да, амалдарың өлшенетін жерде бол», - деп айтылады. Ол: «Үлкен дәптерлердің алдында бұл кішкентай қағаз не болмақ?», - деп сұрайды. Оған: «Бүгін саған ешқандай әділетсіздік жасалмайды», деп айтылады. Әрі дәптерлердің барлығы (таразының) бір жағына, ал әлгі қағаз басқа жағына салынады да, әлгі 99 дәптерлер ұшып кетеді, ал бұл қағаз ауыр болады. Өйткені Аллаһтың атымен ештеңе салмақты бола алмайды»» («әс-Сахиха», 135).

2 months, 3 weeks ago

2538 – Шәддәд ибн Аустан Пайғамбарымыздың ‎ﷺ былай дегені жеткізіледі: «Расында, Аллаһ (Тағала) менің алдыма бүкіл жерді жинап көрсетті және мен оның шығысы мен батысын көрдім. Расында, менің үмметім маған жинақталып көрсетілген жерге дейін иелік етеді» («әс-Сахиха», 2).

3 months, 2 weeks ago

2535 – Әнас былай деген: «Бірде Пайғамбар ‎ﷺ бір нәрсемен сыналған адамдардың қасынан өтіп бара жатып: «Бұл адамдар бастарына түскен нәрседен құтылуды сұрамайды ма?!», - деді» («әс-Сахиха», 2197).

3 months, 2 weeks ago

2534 – Қатададан: «Маған Әнас ибн Мәлик бір адамның былай дегенін айтқаны жеткізді: «Уа Аллаһтың Пайғамбары! Кәпірлер Қиямет күні беттерінің үстінде жүретін күйлерінде тіріледі ме?» Пайғамбарымыз ﷺ: «Осы өмірде кәпірді екі аяғымен жүретін қылып жаратқан (Аллаһ), Қиямет күні оларды өз бетттерімен төмен қарап жүретін етіп қоюға құдіретті емес пе?!», - деді. Қатада былай деген: «Әрине, Раббымыздың ұлылығымен ант етемін» («әс-Сахиха», 3507).

3 months, 2 weeks ago

2533 – АбдуЛлаһтан былай жеткізіледі: «Пайғамбарымыз ‎ﷺ дұға етіп: «Уа Аллаһ! Бізге біздің Меккемізде береке бер. Уа Аллаһ! Бізге біздің Мәдинамызда береке бер. Уа Аллаһ! Бізге біздің Шамымызда береке бер. Уа Аллаһ! Бізге соғымызда және біздің муддымызда береке бер», - деп дұға жасады. Сонда бір адам: «Уа Аллаһтың Елшісі! Біздің Ирак үшін де», - деді. Пайғамбарымыз ﷺ одан теріс бұрылды, ал әлгі адам бұны үш рет қайталап, әр сөзінде «Біздің Ирак үшін де», - деді. Пайғамбарымыз ﷺ оған теріс қарап, кейін: «Ол жерде жер сілкіністері мен бүліктер болады және шайтанның мүйізі сол жақтан шығады»,*** - деді» («әс-Сахиха», 2246).

*Бүгінгі Палестина, Иордания мен Сирияның жерлері.

** Көлем өлшемі: 1 сағ = 4 мудд; 1 мудд = ересек ердің қос алақанның мөлшері.

1 year ago

2500 – Уқба ибн Амир әл-Жуһани былай деген: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Менің үмметімнің опаты Кітап пен сүтте». Сонда адамдар: «Уа Аллаһтың Елшісі! Сіз Кітап пен сүт дегенде нені мензедіңіз?», - деп сұрады. Ол ﷺ: «Олар Құранды үйренеді және оны Аллаһ Тағала түсіргеннен басқа мағынада түсіндіретін болады. Әрі сүтті жақсы көргендіктен жамағат намаздары мен жұманы тастап, шөлде тұратын болады», - деп жауап берді» («әс-Сахиха», 2778).

1 year ago

2499 – Мағбад әл-Жуһани былай баяндаған: «Муғауия Аллаһ Елшісінен ﷺ сирек жеткізген, бірақ бір нәрсе жеткізсе, Пайғамбардан ﷺ мына сөздерді ‎қосатын: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, соны дінді дұрыс түсінуші етеді. Расында, бұл мал-мүлік – тәтті және жасыл. Кімде-кім бұл мал-мүлікті соған қақылы болып алса, оған сол мал-мүлікте береке беріледі. Бір-біріңді мадақтаудан сақ болыңдар, өйткені, расында, ол бауыздау (секілді)»» («әс-Сахиха», 1196).

1 year ago

2498 – Хумайд былай деген: «Мен Муғауия ибн Абу Суфияның адамдарға құтпа айтып жатып, былай дегенін естідім: «Мен Пайғамбардың ‎ﷺ: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, соны дінді дұрыс түсінуші етеді. Мен тек бөлушімін, ал беруші тек Аллаһ. Бұл үммет Аллаһтың әмірлерін орындайтын болып тұрғанға дейін оларға қарсы шығатындар Аллаһ Тағаланың әмірі* келгенше зиян тигізе алмайтын болады», - былай дегенін естідім» («әс-Сахиха», 1195).
* Яғни Қиямет күні.

1 year ago

2497 - Ибн Аббас Пайғамбарымыздың ‎ﷺбылай дегенін баяндаған: «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, соны дінді дұрыс түсінуші етеді» («әс-Сахиха», 1194).

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago