Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

Sayasat Nurbek

Description
https://www.facebook.com/sayasat

https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

https://sayasatnurbek.com/
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

hace 3 semanas, 1 día

Металлургия және байыту институтының бас директоры Бағдәулет Кенжалиев қонақтарды институттың зертханаларымен және тәжірибелік металлургиялық өндірісімен таныстырып, Eurasian Resources Group тобын қызықтыратын ғылыми әзірлемелерді ұсынды.

Осы талқылау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, Сәтбаев Университеті мен Металлургия және байыту институты арасында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Ол топ өндіріс алдында тұрған маңызды мәселелерді шешумен, соның ішінде жоғары көміртекті феррохромды вакуумдық-термиялық өңдеу әдісін, жоғары темірі бар бокситтерді өңдеу технологиясын әзірлеумен, сондай-ақ галлийді алудың ұтымды технологиясын және оның өндірісін іске қосумен айналысатын болады.

Eurasian Resources Group тобының өкілдері институтта ғылыми зерттеулер жүргізу үшін оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл қадам металлургия және кен байыту өнеркәсібі саласындағы инновациялық прогресті ынталандыруға, жаңа технологияларды дамытуға және өндірістік әрі ғылыми мекемелер арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.

hace 3 semanas, 1 día
hace 3 semanas, 2 días

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысы
Алгоритм
1. Материалдық залал келтірілген зардап шегушілер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға (әкімдік) материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.

Жәбірленушінің өзінің өтініш жазуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның туыстары немесе сенімхат негізінде өзге де адамдар, сондай-ақ егер жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған болса, заңды өкілдері келтірілген зиянды (залалды) өтеу туралы өтінішпен жүгіне алады.
Келтірілген залалды өтеу туралы өтінішке: зардап шегуші адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; табиғи сипаттағы ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде зардап шеккен адамның жоғалған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі қоса беріледі.

2.Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді әкімдік зардап шегушіге құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат бере отырып, материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүргізеді.

3.Материалдық залалды өтеу туралы өтініш әкімдікке құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бағалаушыны тарта отырып, келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды (өтініш берушінің мүлкіне қолжетімділік болуға тиіс) ұйымдастырады. Жәбірленуші бағалау жүргізілетін уақыт пен орынды анықтайды, кейін жәбірленуші бағалау туралы есеппен танысуға тиіс.

  2. Әкімдік бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

6. Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы су тасқыны жағдайы тұрақталып, үйлер мен аула аумақтарынан су толығымен тартылғаннан кейін басталады.
Жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту тапсырылды.📱 https://t.me/KZgovernment

hace 2 meses, 3 semanas

Бұл ретте В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының зертхана меңгерушісі Шестакова Любовь Илларионовнаны атап өтудің реті келіп тұр. Любовь Илларионовна – уақыт белдеуінің адам биоритміне әсері туралы зерттеулер жүргізген білікті ғалым.

Міне, достар, біздің өткен тарихымыз бен бүгінгі жасампаз заманымыздың әйел-аналары осындай қабілетке ие болғаны баршамыз үшін зор мақтаныш және бұл ғылымдағы әйелдердің бір легі ғана.

Осынау даталы күнде  ғылым және жоғары білім саласында табанды қызмет атқарып жүрген әйелдер мен қыздарымызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Батыр да, ғалым да, алып та анадан туады демекші, сіздер алаштың атын асқақтатып, отандық ғылымның дамуы жолында аянбай қызмет етіп келесіздер. Сіздер салған сара жол шыңға шығып, биік белестерді бағындыратынына кәміл сенемін. Ерен еңбектеріңіз еселеніп, толымды табыстарға кенеле бергейсіздер! Мереке құтты болсын!

hace 2 meses, 3 semanas
hace 2 meses, 3 semanas
hace 2 meses, 4 semanas
*****🇰🇿*** ALTYNSARIN INSTITUTE: НОВЫЙ ИМПУЛЬС ПРОГРАММЫ …

*🇰🇿 ALTYNSARIN INSTITUTE: НОВЫЙ ИМПУЛЬС ПРОГРАММЫ «СЕРПІН-2050»
⚜️* Делегация «Молодежного ресурсного центра» управления общественного развития Туркестанской области посетила Altynsarin institute.

Целью мероприятия была встреча со студентами Туркестанской области, поступившими в Аркалыкский педагогический институт имени И. Алтынсарина по государственной программе «Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға».

В составе делегации под руководством заместителя главы Туркестанского областного управления общественного развития «Молодежный ресурсный центр» Пердебека Сержанулы были руководители ресурсного центра, директора школ и эксперты молодежных дел.

На встрече они ознакомились с жизнью учебного заведения. В частности, посетили научно-педагогический музей И. Алтынсарина и музей «Естественно-историческая наука», студенческое общежитие, посетили Передвижной планетарий, лекционные залы и именные аудитории.

🔗 Подробнее

hace 2 meses, 4 semanas

Дулати университетінің геотехникалық зертханасында әзірленген темірбетон қадалары берік әрі сапалы деуге толық негіз бар. Бұл іргетас құрылымдары призмалық қадалармен салыстырғанда үлкен жүк көтергіштікке ие.

Олардың жүк көтергіштігі дәстүрлі қадаларға қарағанда:

🔹️ тік қысым жүктемесінің әсерінен 1,3-1,6 есе жоғары;

🔹️ көлденең жүктеме кезінде 1,4-1,5 есе жоғары;

🔹️ суыру жүктемесінің әсерінен 2,1-2,4 есе жоғары.

Зертхана мамандары діңгегінің кеңейтілген бөліктері бар қадалардың жұмысын зерттеу бойынша эксперименттік және теориялық зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік басылымдарда жарық көргенін айтып өткім келеді. Қадаларды өнеркәсіпке шығару үшін жұмыс сызбалар әзірленді және оларды дайындау, жобалау және Қазақстандағы құрылыс объектілерінде қолдану бойынша ұсынымдар даярланды.

Ғалымдардың мұндай нәтижелерге толы еңбектері қашанда қолдауға лайықты. Дана халқымыз: «білімдінің күні – жарық, білімсіздің күні – кәріп», – деп бекер айтпаса керек. Іргелі жаңалықтар мен осындай бірегей бастамалар терең білім мен сарқылмас ғылымның арқасында туындайтыны ақиқат. Жарық күнге ұмтылып, білім биігін бірге бағындыруға беттеген Дулатилық әріптестерге толымды табыс тілеймін! Біліміміз тұғырлы, ғылымымыз ғұмырлы болғай, достар!

hace 2 meses, 4 semanas
hace 3 meses

Полимер негізінде  жасалған дәрілік форма босатылған дәрілік препараттың мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Дайындалған көз пленкалары 6-8 сағатқа дейін емдік әсерін бере алады. Алдағы уақытта ғалым дәрі-дәрмектің әсер ету уақытын мүмкіндігінше ұзақ уақытқа арттырудың әдіс-тәсілдерін анықтауды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, Гузель Қабілетқызының «Жергілікті дәрі-дәрмектерді жеткізуге арналған функционалды биополимерлер негізінде пленкалы дәрілік формалар» тақырыбындағы жобасы 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» конкурсында гранттық қаржыландыруға ие болды.

​Академик Қаныш Сәтбаев бір сөзінде: «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі», – деген болатын. Осындай талап пен іргелі ізденістің арқасында ғылыми ашылымдармен елді қуантып отырған Жұбановтық әріптестерге әрдайым толымды табыстар тілей отырып, білім биігінен көрінсін деген лебізімді білдіремін!

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago