ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл/ Уполномоченный по правам человека в РК

Description
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл /
Уполномоченный по правам человека РК

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman?lang=ru
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months ago

@TayyorBiznesBot

Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар

Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness

Last updated 4 weeks, 1 day ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 2 weeks, 6 days ago

1 month ago
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл/ Уполномоченный …
1 month ago

📌Омбудсмен Артур Ластаев Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесінің №2 мекемесінде болды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесіне барды.

Бару кезінде Уәкіл мекеме аумағын, жаңа тұрғын жайларды аралап көрді, наубайхананы, тігін цехын және индустриялық аймақтағы ангарларды, ғимараттарды аралады.

Сондай-ақ Артур Ластаев сотталғандарды қабылдады, олар өздерін толғандырған сауалдарға, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану, бас бостандығынан айыруды жеңілдетілген жаза түрімен ауыстыру, келтірілген зиянды өтеу, медициналық қызмет көрсету және т.б. мәселелерге қатысты жауап алды.

Бару қорытындысы бойынша сотталғандардың біріне мекеме басшылығының және «Еңбек» РМК филиалының көмегімен «Базис» ЖШС-не жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.

🔹🔹🔹

📌Омбудсмен Артур Ластаев посетил учреждение № 2 ДУИС по г.Астана

Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев посетил учреждение № 2 Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Астана с целью мониторинга соблюдения прав заключенных и условий их содержания.

В ходе визита Омбудсменом произведен обход территории учреждения, нового жилого корпуса, осмотрены пекарня, швейный цех и строения новых ангаров промышленной зоны.

Также Артуром Ластаевым осуществлен прием осужденных, которым даны разъяснения по интересующим их вопросам, в том числе по применению условно-досрочного освобождения, замене лишения свободы более мягким видом наказания, возмещению ущерба, оказанию медицинских услуг и др.

По результатам посещения одному из заключенных, при содействии администрации учреждения и филиала РГП «Енбек», оказана помощь в трудоустройстве в ТОО «Базис».

1 month, 1 week ago

📌Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі ҰАТ жаңа мүшелерін сайлады

2024 жылғы 19 желтоқсанда Артур Ластаевтың төрағалығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кездесудің негізгі күн тәртібінде Ұлттық алдын алу тетігіне (ҰАТ) қатысушыларды іріктеу мәселесі қаралды. ҰАТ мүшелігіне үміткерлерден барлығы 175 өтініш түсті.

ҰАТ жаңа қатысушыларының тізімі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің веб-сайтында орналастырылады.

Омбудсмен Артур Ластаев ҰАТ-нің қайта сайланған мүшелерімен Үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысын өткізуді, сондай-ақ 2025 жылға арналған мекемелерге бару жоспарын дайындауды шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Үйлестіру кеңесі азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу жүйесі түріндегі Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған. Үйлестіру кеңесі 37 қатысушыдан тұрады. Төраға – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

🔹🔹🔹

📌Координационный совет при Уполномоченном по правам человека избрал новых участников НПМ

19 декабря 2024 года состоялось очередное заседание Координационного совета при Уполномоченном по правам человека под председательством Артура Ластаева.

Центральной повесткой встречи стал отбор участников Национального превентивного механизма (НПМ). Всего поступило 175 заявок от претендентов в кандидаты участников НПМ.
Список новых участников НПМ будет размещен на сайте Уполномоченного по правам человека.

Омбудсмен Артур Ластаев призвал членов Координационного совета провести совместную встречу со вновь избранным составом НПМ, а также подготовить план посещений на 2025 год.

Напомним, Координационный совет создан как консультативно-совещательный орган, в целях эффективной координации деятельности национального превентивного механизма в виде системы предупреждения пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания, функционирующий посредством деятельности участников национального превентивного механизма. Координационный совет состоит из 37 членов. Председателем является Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев.

3 months, 3 weeks ago

Омбудсменнің Түркістан облысы бойынша өкілі әйелге заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық істі қайта бастауға көмектесті

Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкіліне әйел хабарласып, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі мен оның екі досы өзін байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына апарып тастағанын айтты.

Арызданушының сөзіне қарағанда, күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны ақыл-есі кем деп орналастырған. Әйел емханада 3 күн болған.

Сондай-ақ шағымданушы осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жеткізді.

Сонымен қатар, әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазғанын, олар алдымен қылмыстық іс қозғағанын, кейін 2024 жылдың тамызында іс жабылғанын айтты.

Омбудсмен өкілі өтініш берушіге оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолдануға болатын тәсілдер мен құралдарды түсіндірді. Қазіргі таңда Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.

Жәбірленуші бейнежазба түсірген, онда ол өкілге мәселесін шешуге көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Кері байланысқа шығып, біздің өкілдеріміздің жұмысы туралы жылы пікір қалдырған азаматтарға алғыс айтамыз. Біз Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және ппоблеманы жедел шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға ұмтылу арқылы ақтауға тырысамыз.

🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по Туркестанской области помог женщине добиться возобновления уголовного дела о незаконном лишении свободы

К представителю Уполномоченного по правам человека по Туркестанской области обратилась женщина, которая рассказала, что после семейной ссоры, супруг вместе с двумя своими знакомыми, связав, отвезли ее в Областной центр психического здоровья г. Шымкент.

По словам заявительницы, муж по предварительному сговору с сотрудниками данного центра, поместил ее туда как психически невменяемую. В клинике женщина находилась 3 дня.

Обратившаяся также заявила о незаконных действиях сотрудников центра во время ее нахождения в этом учреждении.

Кроме того, женщина рассказала, что обращалась с заявлением в Управление полиции г. Туркестан, где сначала возбудили уголовное дело, но затем закрыли его в августе 2024 года.

Представитель Омбудсмена разъяснила заявительнице способы и средства, которые она может использовать для защиты своих прав и свобод. В настоящее время прокуратурой города Туркестан отменено постановление о прекращении уголовного дела, уголовное дело возобновлено.

Пострадавшая записала видеоотзыв, в котором поблагодарила представителя за помощь в решении ее проблемы.

Благодарим граждан, которые возвращаются с обратной связью и оставляют отзывы о работе наших представителей. Мы ценим ваше доверие и стараемся оправдать его, стремясь к оперативному рассмотрению вопросов и совершенствуя рабочие процессы.

3 months, 4 weeks ago

Шығыс Қазақстан облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың «Құқықтық сағат» бастамасы өткен келесі өңір болды. Бұл шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтарды негізгі құқықтары мен өздерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған.

«Құқықтық сағатқа» қоғам белсенділері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Чернобыль апатынан зардап шеккендер қатысты.

Кездесу барысында Омбудсмен тұрғындарға заңнаманың қандай құқықтарына кепілдік беретінін және оны қалай тиімді қорғауға болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Тәжірибелік мәселелерге ерекше назар аударылды: құқықтар бұзылған жағдайда қайда бару керек, әрбір азамат үшін қандай қорғау құралдары бар, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мұндай жағдайларды шешуге қалай көмектесе алады?

Арутр Ластаев, сондай-ақ Уәкіл институтының жұмысына тоқталып, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан кейін ұлттық құқық қорғау институты өңірлердегі өз қызметін айтарлықтай кеңейткенін атап өтті. Бұл Омбудсменнің ірі қалалардан тыс жерде тұратын азаматтарға қолжетімді болуына және өтініштерге жауап беру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.

«Институттың адам құқықтары жөніндегі функцияларын күшейте отырып, біз қолдауды тезірек және тиімді қамтамасыз ете аламыз, бұл әсіресе құқықтық көмекке қолжетімділік шектелуі мүмкін аймақтар үшін маңызды», - деді ол.

Артур Ластаевтың айтуынша, өз құқықтарын білу адамдарға кез келген өмірлік жағдайларда, мейлі ол еңбек дауы, отбасылық жанжалдар немесе мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу кезінде өзін сенімдірек ұстауға көмектеседі.

Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Омбудсменге сұрақтарын қойды. Сонымен бірге, жиналғандар «Жерлеуге арналған біржолғы төлем туралы» заңның неліктен жұмыс істемейтінін сұрап, Өскемен қалалық ауруханасындағы ардагерлер бөлімінің жұмысын қалпына келтіруге ықпал етуді сұрады.

Барлық сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.

Айта кету керек, «Құқықтық сағат» бастамасы еліміздің 7 облысын қамтыды, соның ішінде Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Ұлытау өңірі бар. Шараға 20 мыңға жуық адам қатысты.

🔹🔹🔹

Восточно-Казахстанская область стала очередным регионом, где прошла инициатива Уполномоченного по правам человека Артура Ластаева под названием «Правовой час». Это мероприятие направлено на повышение правовой грамотности и информирование граждан о ключевых правах и механизмах их защиты.
В «Правовом часе» приняли участие общественники, представители ветеранских организаций, чернобыльцы.

В ходе встречи Омбудсмен подробно объяснил жителям, какие права им гарантирует законодательство и как можно эффективно их защищать. Особое внимание было уделено практическим вопросам: куда обращаться в случае нарушения прав, какие инструменты защиты доступны каждому гражданину, и как Уполномоченный по правам человека может помочь в разрешении таких ситуаций.

Также Артур Ластаев рассказал о работе института Уполномоченного, отметив, что после принятия Конституционного закона «Об Уполномоченном по правам человека» национальный правозащитный институт значительно расширил своё присутствие в регионах. Это позволило Омбудсмену стать более доступным для граждан, живущих за пределами крупных городов, и повысить оперативность реагирования на обращения.

«С усилением правозащитных функций института мы можем оказывать поддержку оперативнее и эффективнее, что особенно важно для регионов, где доступ к юридической помощи может быть ограничен», - подчеркнул он.

По словам Артура Ластаева, осведомлённость о собственных правах помогает людям увереннее чувствовать себя в любых жизненных ситуациях, будь то трудовые споры, семейные конфликты или взаимодействие с государственными органами.

В свою очередь участники встречи могли задать свои вопросы Омбудсмену. Так, присутствующие поинтересовались, почему не работает закон «О единовременной выплате на погребение», а также попросили оказать содействие в восстановлении работы отделения ветеранов при городской больнице Усть-Каменогорска.

4 months ago

Омбудсмен Артур Ластаев Ақтөбе облысының тұрғындарына «Құқықтық сағат» өткізді

Қазақстанның бірнеше өңірін қамтыған «Құқықтық сағат» бастамасы аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ақтөбе облысының тұрғындарымен сұхбаттасты. Шара барысында Уәкіл азаматтардың негізгі құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы жан-жақты айтып берді.

Омбудсмен сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлі мен міндеттерін түсіндіріп, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның қабылдануының маңыздылығын атап өтті және бұл заң ұлттық құқық қорғау институтының қатысуын кеңейткенін атап өтті. Сондай-ақ өңірлерде Омбудсменнің адам құқықтары жөніндегі функцияларын күшейтті.

Айта кету керек, «Құқықтық сағатқа» кәсіпорын қызметкерлері мен теміржолшылар қатысты. Олардың алдында сөз сөйлеген Артур Ластаев жұмысшылардың құқықтарын қорғауда құқықтық сауаттылық пен біліктілік маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Ол кездесуге қатысушыларға «E-Otinish» электронды жүйесі – құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлаудың немесе кеңес алудың ыңғайлы және қолжетімді тәсілі арқылы оған хат жолдауға болатынын еске салды.

Еске сала кетейік, іс-шара Уәкіл кеңсесінің басым бағыттарының бірі болып табылатын құқықтық білім беру аясында өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өңірлік өкілдері де қатысты. Олар әйелдер мен балалардың құқықтары, гендерлік теңдік және адам құқықтарын қорғаудың басқа да аспектілері туралы айтты.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып саналады. Азаматтар өз құқықтары туралы неғұрлым көп білсе, оларға қиын өмірлік жағдайларда қорғану оңайырақ болады.

Құқықтық білім адамдарға өз құқықтарын, оларды қалай жүзеге асыруға болатынын және көмек сұрауға болатын ресурстарды жақсырақ түсінуге көмектеседі. Бұл - әрбір адамның құқықтары құрметтелетін және қорғалатын қоғам құрудың негізгі элементі және азаматтардың хабардар болуы қылмысты азайтуға және құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары аясында 2024 жылдың 6 айында 64 мыңнан астам адам біліммен қамтылғанын атап өткен жөн.

🔹🔹🔹

Омбудсмен Артур Ластаев провёл «Правовой час» для жителей Актюбинской области

Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев выступил перед жителями Актюбинской области в рамках инициативы «Правовой час», которая охватывает несколько регионов Казахстана. В ходе мероприятия Омбудсмен подробно рассказал о ключевых правах граждан и механизмах их защиты.

Омбудсмен также разъяснил роль и задачи института Уполномоченного по правам человека, подчеркнув важность принятия Конституционного закона «Об Уполномоченном по правам человека» и отметив, что этот закон расширил присутствие национального правозащитного института в регионах и укрепил правозащитные функции Омбудсмена.

Отметим, в «Правовом часе» приняли участие работники предприятий и железнодорожники. Выступая перед ними, Артур Ластаев отметил, что правовая грамотность и осведомленность играют важную роль в защите прав трудящихся.

Он также напомнил участникам встречи, что подать обращение в его адрес можно через электронную систему E-Otinish – удобный и доступный способ, позволяющий заявить о нарушении своих прав или получить консультацию.

Отметим, мероприятие прошло в рамках правового просвещения, которое является одной из приоритетных задач офиса Уполномоченного. Во встрече также приняли участие региональные представители Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК. Они рассказали о правах женщин и детей, гендерном равенстве и других аспектах сферы правозащиты.

Повышение правовой грамотности граждан – важный шаг к обеспечению их правовой защиты. Чем больше граждане знают о своих правах, тем легче им защищать их в сложных жизненных ситуациях.

Правовое просвещение помогает людям лучше понимать свои права, механизмы их реализации и доступные ресурсы для обращения за помощью.

6 months, 3 weeks ago

?26-27 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше әлеуметтік мекемені аралады. Олардың қатарында Айыртау ауданының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, «Айыртау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Жастар үйі бар.

?Бару кезінде Уәкіл кеңсесінің өкілдері балалардың тұрмыстық жағдайымен, оның ішінде жатын бөлмелерінің, медициналық кабинеттердің, асханалардың және басқа да үй-жайлардың жай-күйіне ерекше көңіл бөлді.

?Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері аталған мекемелерде тұратын мүмкіндігі шектеулі науқастармен және балалармен жеке әңгімелесті.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Уәкіл кеңсесінің өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді.

???

?26-27 июня представители офиса Уполномоченного по правам человека в РК посетили несколько социальных учреждений Северо-Казахстанской области. Среди них - Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации Айыртауского района, Айыртауский центр социального обслуживания и Дом юношества.

?В ходе посещения представители офиса Уполномоченного ознакомились с условиями проживания детей, в том числе особое внимание было уделено состоянию спальных комнат, медицинских кабинетов, столовых и других помещений.

?Представители офиса УПЧ также лично побеседовали с пациентами с инвалидностью и детьми, проживающими в данных учреждениях.

Кроме того, проведена разъяснительная работа с сотрудниками учреждений, направленная на соблюдение прав и законных интересов граждан с инвалидностью и детей. Также представителями офиса Омбудсмена были даны соответствующие рекомендации по улучшению их условий проживания.

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months ago

@TayyorBiznesBot

Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар

Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness

Last updated 4 weeks, 1 day ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 2 weeks, 6 days ago