ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Description
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

1 month, 1 week ago

**♦️*4️⃣5️⃣0️⃣-ХАДИС:**

Әбу Муса (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүміннің бауыр еті баласы қайтыс болғанда Аллаһ Тағала періштелерінен: Құлымның баласының жанын сендер алдыңдар ма?» – деп сұрайды. Періштелері: «Иә, біз алдық», – деп жауап береді. Аллаһ Тағала оларға: «Демек, оның бауыр етін алған екенсіңдер ғой?» – дейді. Періштелері тағы да «Иә» деп тіл қатады. Аллаһ Тағала олардан: «Бұған құлым не деп айтты?» – деп сұрайды. Ол Саған мадақ айтып: «Бәріміз Аллаһқа тәнбіз және бәріміз де (уақыты келгенде) Оған ораламыз», – деп айтты», – дейді періштелер. Сонда Аллаһ Тағала: «Ендеше, құлым үшін жаннаттан зәулім сарай салыңдар да, оны «Бәйтул-хамд» (мадақ сарайы) деп атаңдар», – деп бұйырады», – деген.

**(Тирмизи, жәнәйз 36).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН***https://t.me/hadister_jinagy

1 month, 2 weeks ago

**♦️*4️⃣4️⃣9️⃣-ХАДИС:**

Умму Сәләма (р.а.): «Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың қандай да бір құлының басына қайғы келгенде: «Расында, бәріміз Аллаһқа тәнбіз және соңында Аллаһқа қайтамыз. Уа, Аллаһ Тағалам! Мына қайғымда маған сауаптан жазып, мен үшін артын қайырлы қылғайсың», – деп дұға етсе, Аллаһ Тағала сол қайғысы үшін (145) оған сауап жазып, міндетті түрде артын қайырлы қылады», – деп айтқанын естіген едім. Күйеуім Әбу Сәләма (р.а.) қайтыс болғанда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырғандай дұға қылдым. Соңында Аллаһ Тағала Әбу Сәләмадан да қайырлы болған Аллаһ елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған өмірлік жар қылды», – деген.

**(Муслим, жәнәйз 4).

(145) Яғни, тағдырына налымай сабырлылық танытқаны үшін

📕 РИЯДУС-САЛИХИН***https://t.me/hadister_jinagy

1 month, 2 weeks ago
1 month, 2 weeks ago

**♦️*4️⃣4️⃣8️⃣-ХАДИС:**

Умму Сәләма (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолдасым Әбу Сәләманың мәйітіне жақындап, ашық қалған көздерін өз қолымен жапты да: «Жан тәннен шыққанда мәйіттің жанары шығып бара жатқан жанға қарап қалады», – деп айтты. Сол кезде марқұмның жақындарының кейбіреуі егіліп жылай бастады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өздерің үшін тек қана жақсы дұға жасаңдар (бастарыңа келген қайғыға бола беттеріңді жұлып, өз-өздеріңе лағынет айтпаңдар). Өйткені періштелер ауыздарыңнан шыққан әрбір сөзге «әмин» (144) деп тұрады», – деп ескертті. Содан кейін марқұм үшін: «Уа, Аллаһ Тағалам! Әбу Сәләманы жарылқап, күнәларын кешіре гөр! Һидаят жолындағы құлдарыңның арасында мерейін өсіріп, бір Өзің артында қалған жақындарының қамқоршысы болғайсың! Уа, күллі әлемнің Раббысы! Біздің де, оның да күнәларын кешіре гөр! Қабірін кең етіп, нұрға бөлей гөр!» – деп дұға жасады», – деген.

**(Муслим, жәнәйз 7).

(144) Қабыл ете гөр!

📕 РИЯДУС-САЛИХИН***https://t.me/hadister_jinagy

1 month, 3 weeks ago

**♦️*4️⃣4️⃣7️⃣-ХАДИС:**

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған сүйеніп жатып: «Уа, Аллаһ тағалам! Мені кешіре гөр, шексіз рақымыңа бөлей гөр және Ұлы досқа (немесе достарға) (143) қауыштырғайсың», – деп дұға жасағанын естідім», – деген.

**(Бұхари, марда 19; Муслим, сәләм 46).

(143) «Ұлы дос» дегені – Аллаһ Тағала немесе періштелер, дүниеден озған пайғамбарлар, шейіттер және салиқалы жандар.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН***https://t.me/hadister_jinagy

1 month, 3 weeks ago

**♦️*4️⃣4️⃣6️⃣-ХАДИС:**

Әбу Сағид (р.а.): «Бірде Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Уа, Мұхаммед, ауырып қалдың ба?» – дегенде, ол: «Иә» – деп жауап береді. Сонда Жәбірейіл періште: «Бисмилләһи әрқикә мин кулли шәйин йузикә, мин шәрри кулли нәфсин әу айни хасидин Аллаһу йәшфикә, бисмилләһи әрқикә” (Аллаһтың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын. Жаныңа батқан барлық ауру-сырқау мен күллі кесірлі жандардың жамандығына және күншіл көздің сұғына қарсы Аллаһ Тағала саған шипа берсін. Аллаһтың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын)», – деп дұға оқыды», – деген.

**(Муслим, сәләм 40).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН***https://t.me/hadister_jinagy

4 months, 2 weeks ago

**?СӘЛЕМДЕСУ ӘДЕБІ*

«Уа, иман еткендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлердің табалдырығынан рұқсат сұрамайынша және үй иесіне сәлем бермейінше, аттамаңдар».
(«Нұр» сүресі, 27-аят).

«Үйге кіргенде, өздеріңе (яғни, үй ішіндегілерге) Аллаһ тағала тарапынан білдірілген (сендерді сауапқа бөлейтін) құтты да берекелі (әс-сәләму аләйкум деген сөзді айтып) сәлем беріңдер».
(«Нұр» сүресі, 61-аят).

«Егер сендерге біреу сәлем берсе, сендер одан да артық ілтипат білдіріңдер немесе ол қалай амандасса, сендер де дәл солай амандасыңдар (яғни, егер біреу сендермен «әссәләму аләйкум» – деп амандасса, сендер оған «уа аләйкумус-сәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһу» деп жауап беріңдер. Тіпті болмаса, сол сияқты сәлем беріңдер)»
(«Ниса» сүресі, 86-аят).

♦️4️⃣2️⃣4️⃣-ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а) «Бір адам Аллаһ елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исламдағы ең игі іс қандай?» – деп сұрағанда, ол: «Қарны аш адамды тамақтандыруың және танысаң да, танымасаң да, жолыққан адамдарға сәлем беруің», – деп жауап берді», – деген.

**(Бұхари, иман 6; Муслим, иман 63).

? РИЯДУС-САЛИХИН***https://t.me/hadister_jinagy

4 months, 3 weeks ago

96 мың теңге жиналды.

4 months, 3 weeks ago

79 мың теңге жиналды.

4 months, 3 weeks ago

? Ілім ізденуші бауырымызға көмек.

Түркия елінде шариғат ілімдерін оқып жатырған бауырымызға университет ақшасын төлеуі үшін 300 мың көлемінде қаржылай жәрдем қажет болып тұр. Бұл бауырымызды жақсы танимын. Тіптен жас ұстаз десем де болады. Көптеген шәкірттерге өзінің білімімен пайдасын тигізіп жүрген жан.

Каспий: +77786117215

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago