Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago
📌 Әйелдің дұрыстығы – білімде
Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтты:
صلاح المرأة: أن تكون المرأة نفسها صالحة، لتكون أسوة حسنة وقدوة طيبة لبنات جنسها، ولكن كيف تصل المرأة إلى الصلاح؟ لتعلم كل إمرأة أنها لن تصل إلى الصلاح إلا بالعلم، وما أعنيه هو العلم الشرعي الذي تتلقاه، إما من بطون الكتب - إن أمكنها ذلك - وإما من أفواه العلماء، سواء أكان هؤلاء العلماء من الرجال أو النساء. وفي عصرنا هذا يسهل كثيراً أن تتلقى المرأة العلم من أفواه العلماء، وذلك بواسطة الأشرطة المسجلة، فإن هذه الأشرطة -ولله الحمد- لها دور كبير في توجيه المجتمع إلى ما فيه الخير والصلاح، إذا استعملت في ذلك. إذًا فلا بد لصلاح المرأة من العلم، لأنه لا صلاح إلا بالعلم.
«Әйелдің дұрыстығы алдымен өзі дұрыс (ізгі, салихалы) әйел болып, сосын өзінің айналасындағы әйелдер мен қыздарға үлгі болуында. Дегенмен де, әйел адам сол дұрыстыққа қалай жете алады? Әрбір әйел білуі тиіс болған нәрсе – ол ізгілікке тек білім арқылы ғана қол жеткізбек. Білім дегеннен мақсат – кітаптардың арасынан немесе ғалымдардың өз ауыздарынан (тікелей өздерінен) алынатын шариғи білім, мейлі ол ғалымдар ер кісілер болсын немесе әйел адамдар болсын, еш айырмашылық жоқ. Әсіресе, біздің ғасырымызда таспалар мен жазбаларда сақталған сабақтарды тыңдау арқылы әйелдерге ғалымдардың өз ауыздарынан білім алу жеңілдей түсті. Ақиқатында, ғалымдардың таспалары (сабақтары, уағыздары) қоғамды дұрыстық пен жақсылыққа нұсқау жолында үлкен рөл атқаруда, егер сол жазбаларды дұрыс жолда қолданатын болса. Сондықтан, әйел адам салихалы болуы үшін міндетті түрде шариғи білім алуы қажет. Өйткені, білімсіз дұрыстыққа (ізгілікке, салихалыққа) қол жеткізу мүмкін емес».
📚 «دور المرأة في إصلاح المجتمع»؛ (7)
————————
#әйелдерге_насихат
🔖 ШАРИҒИ ІЛІМ АЛУҒА ҚАТЫСТЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ АЙТЫЛҒАН ӨТЕ ҚҰНДЫ МОТИВАЦИЯ
Имам Мухаммад Бәшир әл-Ибраһими (рахимаһуллаһ) айтқан:
إن المرأة المسلمة يجب أن تتعلّم، ويجب أن تتهذب، لكن بشرط أن يكون ذلك في دائرة دينها وبأخلاق دينها، وأن الإسلام ضمن لها حقوق الإنسان كاملة، وحاطها من جميع الجهات بما يجبر ضعفها الطبيعي، وأقرّها في أحضان البرّ والتكرمة بنتًا وزوجًا وأمًّا، وهي أطوارها التي تجتازها في الحياة، وحدّد لها الوظيفة التي حدّدتها لها الفطرة، وهي أشرف الوظائف الإنسانية بل هي الإنسانية في أول مراتبها، وأعطاها من الماديات والمعنويات ما لم تعطها شريعة سماوية ولا قانون وضعي، وألزمها أن تتعلّم كما ألزم الرجل أن يتعلّم، لأنه سوّى بينهما في التكاليف، والتكاليف لا تؤدّى إلا بالعلم، وأوجب عليهما العشرة، والعشرة لا تصلح إلا على العلم وجعلها مغرسًا للنسل، وغارسة للخصائص فيه، ومتعهّدة له بالسقي والإصلاح، وكل هذا لا يتمّ إلا بالعلم، وإذا كانت تربية النحل والدود تفتقر إلى العلم، فكيف لا تفتقر إليه تربية الإنسان؟ فإذا جهلت المرأة أتعبت الزوج، وأفسدت الأولاد، وأهلكت الأمّة.
«Әйел адамға білім алу және өз-өзін тәрбиелеу – уәжіп. Алайда, оның білім алу жолы – шариғат шеңберінде болуы тиіс. Ақиқатында, Ислам діні – әйел кісінің адамдық құқықтарының барлығын түгелдей сақтаған және оның табиғи болмысындағы әлсіздігінің орнын толықтыратындай етіп оның жағдайын барлық жақтан толықтай қамтыған. Сондай-ақ, әйел кісінің осы өмірдегі барлық кезеңдерінде, яғни, ол қыз, әйел және ана болған уақыттың барлығында оны игілік пен құрметтіліктің құшағында тербеткен. Және оған табиғи болмысына сай келетін қызметтерді бекіткен. Расында, ол қызметтер – адами қызметтердің ішіндегі ең құрметтісі, тіпті адамгершіліктің ең биік мәртебесі деуге де келеді. Әрі Ислам діні әйел кісіге ешбір заң мен ешбір дін бермеген материялдық және мағыналық мүмкіндіктерге жол ашқан. Сол себепті, ерлерге білім алуды қалай уәжіп қылса, әйелдерге де білім алуды солай міндеттеген. Өйткені, Ислам діні – құлшылықтар мен ғибдаттарды орындау мәселесінде ерлер мен әйелдердің арасын теңестірген. Ал, құлшылықтар мен ғибадаттарды (дұрыс әрі қабыл етілетін көріністе) орындау – айналып келгенде білімге келіп тіреледі. Сонымен қатар, Ислам – ерлі-зайыптыларға көркем түрде ғұмыр кешуді парыз қылды. Ал, көркем түрде ғұмыр кешу – тек білімнің арқасында болмақ. Сондай-ақ, Ислам діні әйел затын нәсіл (ұрпақ) шығаратын ұлы кеңістік және сол нәсілге жақсы қасиеттерді сіңіретін, оны дұрыс нәрселермен суарып оған дұрыс тәрбие беретін ұлы тәрбиеші етіп тағайындады. Міне, осы ұлы қызметтер мен үлкен жауапкершіліктің барлығы тек білімнің нәтижесінде ғана жүзеге асады. Шын мәнінде, егер бал арасы мен жібек құртын үйретудің өзі сол саладағы білімді талап ететін болса, онда адамды үйрету, оны дұрыстыққа тәрбиелеу жайында не деуге болады?! Ал қашан әйел адам діннен хабары жоқ болатын болса, онда бірінші кезекте күйеуін шаршатады, сосын балаларын бұзады және соңында бүтіндей бір үмбетті құрдымға кетіреді».
📚 Әл-Әсәр; (4/49-50).
#paidaly_bilim #мотивация #әйелдерге_насихат
———————
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
📌 Раббысының ақысын өтегісі келетін келіншектерге насихат
Шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) былай деп жазды:
أيتها الصالحة إن أردتي أن تعرفي حظك من حق ربك فانظري في حظك من حق زوجك وإن أردتي أن تذوقي حلاوة الإيمان فاعتني بحق زوجك ولايغرنك العابثون بحياتك وأخلاقك قال النبي صلى الله عليه وسلم : (لن تؤدي المرأة حق ربها حتى تؤدي حق زوجها) وقال:(لا تجد امرأة حلاوة الإيمان حتى تؤدي حق زوجها)
«Уа, салихалы әйел! Егер сен Раббыңның ақысын өтеудегі үлесің қаншалықты деңгейде екенін білгің келсе, онда күйеуіңнің ақысын өтеудегі үлесіңе назар сал. Сондай-ақ, иманның ләззатын (дәмін) татқың келсе, онда күйеуіңнің ақысын өтеуге ерекше мән бер, әрі сенің өміріңді және мінез-құлқыңды ойыншыққа айналдырғысы (мазақ қылғысы) келетіндерге (феминсткалардың алдамшы сөздері мен ұрандарына) мән берме. Пайғамбарымыз ﷺ хадисте: «Әйел адам күйеуінің ақысын өтемейінше, Раббысының ақысын өтемеген болады»,- деген.
📚 Ибн Мəжəһ; (1853), Ахмад; (19403).
Және бір хадисте: «Әйел кісі күйеуінің ақысын толықтай орындамайынша иманның дәмін тата алмайды»,- делінген.
📚 Әл-Хаким; (7325).
🔖 Шейхтың твиттердегі ресми парақшасынан алынған пайда.
————————
#әйелдерге_насихат
📜 Тілі ұзын әйелдерге ескерту...
Әйел адам түні бойы намаз оқып, күні бойы ораза ұстаса да, алайда тіліне ие болмаса, оның жасаған салихалы амалдары оған еш пайда бермейді. Бұған дәлел келесі хадис:
عن ابي هريرة رضي الله عنه قال: قيل للنبي صلى الله عليه وسلم: يا رسول الله إن فلانة تقوم الليل وتصوم النهار، وتفعل وتصدق، وتؤذي جيرانها بلسانها فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم: "لا خير فيها، هي من أهل النار"، قال: وفلانه تصلي المكتوبة وتصدق بأثوار (من الأقط) ولا تؤذي أحدا، فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم: "هي من أهل الجنة".
Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымызға ﷺ: «Уа, Аллаһтың елшісі! Пәленше бір әйел бар, ол түні бойы намаз оқып, күні бойы ораза ұстайды және көптеген садақалар таратып, жақсылықтың түр-түрін жасайды, алайда ол әйел тілімен көршілеріне азар (зиян) жеткізеді (осындай әйел жайында не дейсіз)?»,- деп айтылады. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ: «Ол әйелде ешбір жақсылық жоқ, әрі ол – Тозақтық әйел»,- дейді. Сосын оған: «Түгенше бір әйел бар, ол тек парыз намаздарды оқиды (түнгі немесе нәпіл намаздарды оқумен танылмаған) және ол өте аз садақа береді, бірақ та ешкімге тілімен азар жеткізбейді (осындай әйел жайында не дейсіз)?»,- деп айтылады. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ: «Ол әйел – Жәннат иелерінен»,- деп жауап қатады.
📚 Бұхари, «Адаб әл-Муфрод»; 119. Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.
Осы хадисті түсіндіре келе, шейх Абдурраззақ әл-Бадр (хафизаһуллаһ) былай деп айтқан:
( تؤذي جيرانها بالسانها ).
حدد نوع الأذى مثل غيبتهم وسبهم تتبع عوراتهم والتحدث عنها .. ومثل ذلك من الذي يكون باللسان.. ( لا خير فيها هي في النار )
قال رسول صلى الله عليه وسلم كلمتين عظيمتين في هذا السياق:
1. لا خير فيها_ برغم أعمالها الصالحه
2. أنها من أهل النار.
دل ذلك دلالة واضحه أن أذية الجار من الكبائر سواء باللسان أو غيره, فهو سبب في دخول النار وفيه دليل أن فعلها من الكبائر.
Пайғамбарымыз ﷺ әлгі әйелдің көршілеріне тигізетін зиянын қандай екенін нақтылап айтып кетті. Яғни, ол әйел көршілерін ғайбаттаумен, оларды сөгумен және олардың айып-кемшіліктерін айтумен айналысады. Осы сипаттағы әйел жайында пайғамбарымыз ﷺ: «Ол әйелде ешбір жақсылық жоқ»,- деді. Сондай-ақ, Аллаһ елшісі ﷺ осы жерде екі өте ауыр сөз айтты:
1. Салихалы амалдарының көптігіне қарамастан, ол әйелде ешбір жақсылық жоқ деді;
2. Ол әйел – Тозақтық әйелдердің қатарынан екенін алға тартты.
Міне, осылайша бұл хадис көршіге тілмен немесе басқа да нәрселермен азар жеткізу – үлкен күнәлардан әрі тозаққа түсіретін себептерден екеніне дәлел болады. Сонымен қатар, осылай жасау – (шынайы тәубе етуді талап ететін) үлкен күнәлардан екенін меңзейді.
💽 Шарх Адаб әл-Муфрод.
Сондай-ақ, тілі ұзын әйел – күйеуінің басына түскен ең үлкен қасірет болып саналады. Бұл турасында ұлы сахаба Омар ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) былай деген:
وما استفاد رجل بعد الكفر بالله شرا من امرأة سيئة الخلق حديدة اللسان.
«Ер адам Аллаһқа күпір келтіруден кейін, мінезі нашар әрі тілі ұзын (тістеп сөйлейтін) әйелден асқан жамандыққа қол жеткізген емес».
📚 Мусоннаф Ибн Әби Шейба; (17427).
Сондай-ақ, тілі ұзарған әйелдің күйеуімен бірге болатын күндері де қысқара беретін болады. Данагөй ғалымдардың бірі айтқандай:
المرأة إذا طال لسانها قصرت أيامها في قلب الرجل وبيته.
«Әйелдің тілі ұзарған сайын, күйеуінің жүрегі мен үйіндегі күндері қысқара бермек».
📱Телефонда көп отыратын әйелдерге насихат
Сұрақ:
Шейх, Аллаһ сізге жақсылықтан жазсын! Мына жақта әйелдерден сұрақ келіп жатыр, ол сұрақта былай делінген:
Күйеулерінің ақыларын берместен азанды-кеш Фейсбук, Уатсап (Инстаграм, Тик-Ток) сияқты әлеуметтік желілерде отыратын әйелдерге бір насихатыңыз болса?!
Жауап:
Үлкен ғұлама шейх Убейд әл-Жәбири (хафизаһуллаһ) айтады:
Расында, бұл – қиянат әрі күйеуінің ақысымен ойнау болып саналады. Негізінде, мұсылман әйел күйеуінің малына (ақшасын, дүниесін) және балаларына дұрыс қарауы қажет. Сондықтан, әйел кісі күйеуіні балаларды тәрбиелеуде жәрдемші болуы әрі уақытын өзіне (дүниесі мен ақыретіне) пайдамен оралатын істерге жұмсауы тиіс. Айтатын болсақ: Құран оқу, жағдайы жеткен кітаптарды оқу, намазға шамасы келсе, нәпіл намаздарды көбейту дегендей. Күйеуінің ақысынан басқа нәрсемен шұғылданып кетпеу керек. Өйткені, олай жасау – үлкен зұлымдық. Яғни, егер сол әлеуметтік желілермен шұғылдану күйеуінің ақыларын беруден кешіктіретін немесе мүлде тосып қоятын болса, онда үлкен зұлымдық әрі шектен шығушылық қылған болады. Сондай-ақ, бұл пайғамбарымыздың ﷺ: «Әйел кісі – күйеуінің үйіне, дүниесіне және балаларына қараушы»- деген хадисіне қарама-қайшы келу болып табылады. Сондықтан, мұсылман әйел (өзінің қарауының астындағыларға немқұрайлы қараудан) сақтануы тиіс. Басқа бір хадистерде айтылғандай: «Қандай да бір қараушы (басшы, ер кісі, әйел кісі) өзінің қарамағындағыларға шынайы жанашырлық танытпаса, оларға дұрыс қарамаса, сосын өмірден өткен кезде оларға деген аманатқа қиянат қылып кеткен болса, онда ол адам Жәннатқа кірмейді».
Сол үшін де мұсылман әйел Раббысынан қорқып, күйеуінің ақыларын толықтай беруі қажет. Себебі, бұл – Аллаһтың әйелдер қауымына жүктеген ақысы. Сосын, әйел кісі ұзақ уақыт бойы сол әлеуметтік желілерде отырғаннан не пайда табады дейсіз?! Тек уақытты босқа жоғалтудан басқа ештеңе таппайды. Я, қызым! Уақыт деген не сенің пайдаңа не сенің зияныңа жұмыс істейтін нәрсе. Сондықтан да, уақытты өзіңнің пайдаңа жұмыс істет, әрі оны құр босқа өткізуші болма, әйтпесе сол босқа өткен уақыт саған қарсы куәлік беруші (зияны тиюші) болып жазылады.
🎙 Шейх Убейд әл-Жәбири: Телефонда көп отыратын әйелдерге насихат
⬇️ Аудармасы астында ⬇️
? Жаңа кітапша!
? БІЛІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
? Имам Ибн Қудаманың «Мұхтасар Минһәж әл-Қосидин» кітабынан алынған
Талқыланған тақырыптар:
▪︎Білім алудың артықшылықтары;
▪︎Білім берудің артықшылықтары.
? БІЛІМ БАҚШАСЫ арнасының редакциясы
✔️ Оқимыз әрі таратамыз
? Білімді арттыратын бес дұға
Транскрипциясы:
«Робби зидни ‘илмән».
Мағынасы:
﴾Уа, Раббым! Менің білімімді арттыра гөр﴿.
То-һа сүресі, 114-аят.
Транскрипциясы:
«Робби-шрах ли содри, уә яссир ли әмри, уәхлул ‘уқдәтәм мил лисәни, яфқоhу қоули».
Мағынасы:
﴾Раббым! Көкірегімді кеңіте гөр, әрі ісімді жеңілдет және тілімнің түйінін шеш. Олар сөзімді түсінуі үшін﴿.
То-һа сүресі, 25-28 аяттар.
3. Арабшасы:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نَافِعا،ً وَرِزْقاً طَيِّبا،ً وَعَمَلَا مُتَقَبَّلَا.
Транскрипциясы:
«Аллаһуммә! Инни әс-әлукә ‘илмән нәф’иән, уә ризқон тойибән, уә ‘амәлән мутәқоббәлән».
Мағынасы:
"Аллаһым! Мен Сенен пайдалы білім, адал ризық және қабыл болатын амал сұраймын".
? Ибн Мәжәһ; (925), Ахмад; (26521).
4. Арабшасы:
اللَّهُمَّ انْفَعْنِي بِمَا عَلَّمْتَنِي، وَعَلِّمْنِي مَا يَنْفَعُنِي، وَزِدْنِي عِلْمًا.
Транскрипциясы:
«Аллаhуммә-нфа’ни бимә ‘алләмтани уә ‘әллимни мә йанфә’уни уә зидни ‘илмән».
Мағынасы:
"Аллаһым! Берген біліміңді мен үшін пайдалы ет, әрі маған пайдалы білім бер және менің білімімді арттыра гөр".
? Тирмизи; (3599), Ибн Мәжәһ; (251).
5. Арабшасы:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لَا يَنْفَعُ، وَمِنْ قَلْبٍ لَا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لَا تَشْبَعُ، وَمِنْ دَعْوَةٍ لَا يُسْتَجَابُ لَهَا.
Транскрипциясы:
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ‘илмин лә янфә’, уә мин қолбин лә яхшә’, уә мин нәфсин лә тәшбә’, уә мин дә’уәтин лә юстәжәбу ләһә».
Мағынасы:
"Уа, Аллаһ! Мен Сенен пайда бермейтін білімнен, Өзіңнен қорықпайтын жүректен, тойымсыз нәпсіден және жауапсыз қалатын дұғадан пана сұраймын".
? Муслим; (2722).
———————
❗️Ескерту: Егер алып жатқан білім адамға пайда бермесе, міндетті түрде зиянын тигізетін болады. Аллаһ елшісі ﷺ айтқандай:
وَالْقُرْآنُ حُجَّةٌ لَكَ أَوْ عَلَيْكَ.
«Құран (шариғи ілім) – не сенің пайдаңа, не сенің зияныңа құжат».
? Муслим; (223).
Және имам Суфьян ибн ‘Уйейна (рахимаһуллаһ) айтқандай:
الْعِلْمُ إِنْ لَمْ يَنْفَعْكَ ضَرَّكَ
«Білім егер саған пайдасын тигізбесе, онда ол міндетті түрде зиянын тигізеді».
Осы сөзді түсіндіре отыра имам Хатиб әл-Бағдади (рахимаһуллаһ) былай деген:
يعني إن لم ينفعه بأن يعمل به ضره بكونه حجة عليه.
«Яғни, сол білімге сай амал етуі арқылы білім оған пайдасын бермесе, онда сөзсіз оған қарсы құжат болу арқылы зиянын тигізбек».
? Әл-Иқтидо; (1/82).
———————
Осыдан келе, Аллаһтан пайдалы білім сұрау өте маңызды істерден екені түсінікті болды. Ендеше осы дұғаларды жаттап алып, оны жақындарымызбен бөлісіп, бұл дұғаларды әрдайым айтып жүру арқылы пайдалы білімге бет бұрайық. Аллаһ Тағала баршамызға пайдалы білім берсін. Әмин.
–––––––
#paidaly_bilim #мотивация #bilim #duga
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago