ONLINE -Амангелді Құрметұлы

Description
Арнада қару-жарақ түрлері, әлемнің түрлі аймақтарындағы соғыстар мен қақтығыстар жайлы ақпараттар жарияланады. Жеке көзқарасымыз бен пайымдарымыз да болатынын атап өткім келеді.
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago

2 months ago
Угледар 1000 күн бойы қорғанды. Мұндай …

Угледар 1000 күн бойы қорғанды. Мұндай қорғаныс Кеңес-герман майданында болмаған. Ленинградты қорғау 872 күнге созылып еді.

2 months ago
Украина билігі Бас әскери барлау басқармасының …

Украина билігі Бас әскери барлау басқармасының бастығы К. Будановты қызметінен босатуы мүмкін екені жайлы әңгіме тарап жатыр.

2 months, 1 week ago

Қызығы мұндай пікір 7 ай бұрын айтыла бастаған. Логикасы да бар. 1998 жылы Кипр Ресейден С-300 алғанда Түркия қарсы болып, NATO кешенді Грекияға берген. Гректер оны Крит аралына орналастырып, тек жаттығуда ғана пайдалануға рұқсат алған. Енді түріктер С-400 ді Инжирлік базасына орналастырып, тек жаттығуда пайдалануы мүмкін. Кешен АҚШ мамандарының бақылауында болады деген сөз. Бұл жағдайда Ресей еш дау айта алмайды. Кешен үшінші елге сатылмайды, Түркия аумағынан шықпайды. Қысқасы түріктер түбі АҚШ ангарларында тұрған, өздеріне арналған F-35 терді алады-ау.

5 months, 3 weeks ago

Елімізге шетелден лауазымды тұлғалар келсе немесе Қазақстан басшысы бір жаққа сапарға шықса, қандай құжаттарға қол қойылғанын, не айтылғанын аңдып отыру әдетімізге айналған. Сол әдетпен бүгін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдің Қазақстанға сапарын аңдыдық. Әдеттегідей сән-салтанатпен күтіп алыппыз, біраз келіссөздер болғанға ұқсайды. Екі елдің кәсіпкерлері бизнес-форум өткізіпті. Ақорданың ресми аккаунттарында тарап жатқан мәліметтер ғой бұлар. Дегенмен сол мәліметтердің ішінен бірер дерекке назар аудардық.
Айталық, Қазақстан мен Кореяның арасындағы тауар айналымы 6 млрд долларға жетіпті. Одан бөлек Оңтүстік Кореяның капиталы бар 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді екен. Қ.Тоқаев айтты мұны «Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бұл – ортақ күш-жігердің жемісі. Ауқымды экономикалық жобаларды іске асырдық. Инвестициялық ықпалдастық жылдан-жылға нығайып келеді. Қазір Қазақстанда Оңтүстік Кореяның капиталы бар 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз қарқынды дамып жатыр», – депті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сосын Оңтүстік Кореяның біздің елге құйған инвестициясы 9,6 млрд доллар екенін де айтыпты. 700 компания деген аз емес. Бұл компаниялар қызметінің нәтижесі туралы нақты білерім жоқ. Тек көкейде «Кореядан машина тасып жүргендердің ақшасы әлгі 6 млрд долларлық сауда айналымының неше пайызын құрайды екен ә?» деген сауал тұр ?
Сосын қол қойылған құжаттар бар. Соларды қарадық. Өзгелері бір төбе әрине. Қарапайым азаматтар үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасындағы жұмыспен қамту және еңбек саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум»,-дейтін құжат маңызды сияқты көрінді. Меморандумға сенім аздау болады. Бірақ корейлер меморандумға да көңіл бөлетін шығар, мәскеуліктер тәрізді құнын көк тиын етпейтін болар деп үміттенемін. Ал бұл меморандум кейін келісімге айналса Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға пайдасы тиіп қалар бәлкім. Бірақ шынымды айтайын, меморандумның аты болмаса, затымен таныс емеспін. Мен тек үміт еткеннен айтамын.
Тағы бір әңгіме сирек металдарды өндіруге қатысты болыпты. Қазақстан алдағы бірнеше жылда 5 мың жаңа кен орнын игеруді көздейтіні жайлы дерек оқығанмын. Оның ішінде сирек металдарға көп көңіл бөлінеді деген. Қ.Тоқаев Қазақстан нарығына кіргісі келетін корей компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтыпты. Меніңше бұл жерде әңгіме литийге қатысты сияқты. Корейлер ШҚО-да литий кенін барлағаны жайлы ақпарат болған. Қазірдің өзінде 15,7 млрд долларға татитын кен қоры бар екені айтылып жүр. Әрі 2030 жылға қарай әлемдегі литий нарығының көлемі 194 млрд доллар болады деген болжам бар. Шамасы біз қазірден бастап осынау қарқынды өсіп жатқан нарықтан өз үлесімізді алуға қамданып жатсақ керек. Айтпақшы литий кен орындарының төрттен бірі ғана экономикалық тұрғыда тиімді дейді. Сол 25 пайыздық «элитаға» біз де кіреді екенбіз. Бірақ жарытып өндіре алмауымыз мүмкін. Сондықтан корейлерді қызықтырып отырмыз-ау шамасы.
Айтпақшы Юн Сок Ёлмен бірге 60 тан астам компанияның өкілі келген дейді. Ішінде алпауыттар да бар шығар. Дегенмен «Hyundai Rotem, Samsung Techwin, Hanwha Defense сияқты «жындылардың» өкілдері келді ме екен ә?!»,-деген сауал тұр көкейде. Бұлардың біріншісі K2 Black Panther танкісін, екіншісі K9 Thunder өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын, үшіншісі K21 жаяу әскердің ұрыс машинасын өнідреді. Демек Оңтүстік Кореямен әскери-техникалық байланыстар орнатсақ та артықтық етпес еді. Түріктер Altay танктеріне әзірге Оңтүстік Корея моторларын орнатып жүр. T-155 Fırtına артқондырғысының да төркіні корейлерге барып тіреледі. Ал біз Оңтүстік Кореяның қорғаныс өнеркәсібі кешенінің де осал емес екеніне көп назар аудара қоймаған тәріздіміз. ??

6 months ago

"Әскери техниканы пойызбен де тасимыз." Орысқа беріп жатыр",-деген қауесет таратпасаңыздар",-деген өтініш болса керек ? ?

7 months, 1 week ago

? АҚШ Украинаға 300 шақырымға дейі ұшатын ATACMS зымырандарын жасырын түрде берген. Ракеталар наурыздан бастап жеткізілген

Бұл жөнінде америкалық бірнеше жоғары лауазымды шенеунік хабарлады. Бұған дейін бұл ақпарат ресми түрде хабарланбаған. Reuters-тің жазуынша, Украина соғыста мұны екі рет пайдаланған.

? Былтыр күзден бастап АҚШ Украинаға шамамен 160 шақырымға дейінгі қысқа қашықтықтағы ATACMS-ті ғана жеткізді деп айтылып келген еді.

Шенеуніктердің мәліметінше, алысқа ұшатын зымырандар наурызда мақұлданған 300 миллион доллар көлеміндегі әскери көмек пакетінде қарастырылған.

Олардың айтуынша, 17 сәуірде аннексияланған Қырымдағы әскери аэродромға ATACMS-пен соққы жасалған. Ол Украина шекарасынан 165 шақырым жерде орналасқан.

? Байден әкімшілігі Украинаға алысқа ұшатын зымырандарды жеткізу мәселесін бірнеше ай бойы талқылаған. Пентагон бұл Америка армиясының қорғаныс қабілетін төмендетеді деп алаңдап, қарсы болған.

Ресейдің желтоқсан мен қаңтарда Украинаға шабуыл жасау үшін Солтүстік Кореяның алысқа ұшатын зымырандарын қолдана бастағаны әкімшілік шешіміне әсер еткен.

? Ақпанның ортасында президент Байден ұлттық қауіпсіздік кеңесімен кездесіп, Украинаға алыс қашықтағы ATACMS-ті жеткізуді мақұлдаған.

t.me/azattyq

7 months, 2 weeks ago

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Украинаға 61 млрд доллар болатын көмек беру заңын қабылдады.

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago