Last updated 2 Wochen, 1 Tag her
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Last updated 1 Monat, 1 Woche her
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Last updated 2 Monate, 2 Wochen her
Біз 4000 мың біз😊😍🎉
Баршаңызға рахмет🫂💚
Соңғы жазбаны оқып пайдалы болса, Құран жаттап жүрген таныс-бауырларыңызға таратып жіберсеңіздер, таңға дейін 4000 оқырманға жетіп алайық, баршаңызға рахмет😊🫂💚
Ассаламу алейкум, бауырлар қалайсыздар? Сіздер үшін комментты аштым??
Құран жаттауға байланысты сұрақтарыңызды төменге жазсаңыздар болады, кейінірек жауап жазамын??
Абылай Кенжалыдан (шейхқа рахмет) бізге келген жаңа оқырмандарға қош келдіңіздер дейміз?
Бала құлап, жығылып барып кейін жүруді үйреніп кетеді деген сияқты Құранды да тез оқып үйрене бер қатемен болсын оқып кейін жөндеп оқып үйреніп аласың дегенге қосылмаймын.
Өткені Құран Алланың сөзі.
Құранды барынша қатесіз оқудың әрекетін жасауымыз керек. Оның негізгі жолы әліппені яғни “Мұғаллим сәни” кітабын жақсылап оқуда және тәжуид ережелерін жақсылап меңгеруде болады.
Менен сары Құран сұрап жүрген бауырлар Елдостың ватсабына жазып сұрасаңыздар болады
Египеттен санаулы сары Құрандар келген екен??
Елдос ватсап:
+7 707 206 6939
Тұлпарға ренжіп есекпен дос болсаң, жүк тасығанды өнер деп үйретер.
Халық даналығы
?Ұстаз бен шәкірт арасындағы оқиға
Ұстазым шейх Ахмад ал-Ахмад, араб тілінен 20 жылдай тәжірибесі бар, үлкен ғалым, бізге ұстазы шейх Әдиб ал-Калласпен р.а. болған қызықты оқиғаны айтып берген еді.
Шейх Әдиб ал-Каллас р.а көп жылдар бойы медреседе «Муғни Ләбиб» атты наху пәнінің ең жоғары деңгейіндегі кітаптан сабақ беретін еді. Бірақ ұстаздың жасы ұлғайғандықтан, медресе басшылығы ұстаздың орнына маған сабақ беруді тапсырды.
Бұл кітаптан жарты жылдай сабақ беріп жүргенімде бір күні сыныпқа шәкірттермен бірге шейх Әдиб ал-Каллас та кіріп келді. Мен орнымнан тұра бергенімде, ол жылдам шәкірттермен бірге алдыңғы орынға барып отырды. Мен оған: Ұстаз, бұл сіздің орыңыз, ұстаздың отыратын орнына келіңіз, сіз біздің ұстазымыз, біз сізден білім алдық, дедім.
Ол: Балам, бүгін сен - ұстаз, ал мен оқушымын. Мен бұл сабақ қалай өтіліп жатқанын өз көзіммен көргім келді, - деді.
Мен оның айтқанына бағынып сабағымды бастадым. Сабаққа қатысты аяттарды талдап, түрлі тәсілдермен түсіндіріп, тақтаға схемалар салып, мәтінді бір түспен, түсіндірмелерді екінші түспен, ал граматиқалық талдауларды үшінші түспен жаздым, барымды салып сабақты түсіндіріп шықтым. Сабақ соңында шейх орнынан тұрып, шәкірттерге қарап:
Бұл ұстазды қадірлеңдер, одан айырылып қалмаңдар. Шындығында, 35 жыл бойы қате түсіндіріп келген бір мәселені бүгін алғаш рет дұрыс түсіндім - деп, маған дұға тілеп шығып кетті.
Кейін мен шәкірттерге: Шейхтың: Мен 35 жыл бойы қате түсіндіріппін - деп айтқан сөздерін тура мағынасында түсінбеңдер. Ол менің сабақты түсіндіру әдісімен, тәсіліме сілтеме жасады - дедім.
Бұл оқиғадан алатын пайдалар:
Ғалымдардың кішіпейілділігі: Шынайы ғалымдар әрдайым қарапайымдылық танытады.
Әдептілік: Шәкірт ұстазы рұқсат бермейінше сабағын бастамауы керек.
Қолдау көрсету: Ұстаз шәкіртінің жетістігіне қуанып, оны қолдай білуі қажет.
Оқыту әдістері: Сабақ түсінікті болуы үшін ұстаз түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.
Түсінгенді дұрыс бағамдау: Ұстаздың сөздерін терең түсініп, дұрыс мағынада қабылдау маңызды.
Өз дінін дұрыс танымайтын кісілерден дәріс алуға уақыт пен ақша тауып, құран мен хадиске құрылған шынайы дінді оқуға уақыт таппаған бізге обал бар ма?
Last updated 2 Wochen, 1 Tag her
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Last updated 1 Monat, 1 Woche her
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Last updated 2 Monate, 2 Wochen her