Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Codeo

Description
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 2 days, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago

8 months ago
Турция соты Thodex криптобиржасының негізін салған …

Турция соты Thodex криптобиржасының негізін салған Фарук Фатих Озерді 11 196 жылға соттады. Thodex 2017 жылы жұмысын бастаған. 2021 жылы биржадағы алым-сатым кенеттен тоқтап қалған, сол кездегі жаңалықтарға қарағанда Фарук бауырларымен бірге инвесторлардың ақшасын алып Албанияға қашып кеткен.

8 months ago
**WOW!!!**

WOW!!!

WhatsApp еуропа қойып жатқан Digital Markets Act (DMA) талабын орындауға кіріскен көрінеді. Онда ірі компанияларға пайдаланушылар бір-бірімен әр түрлі мессенджермен хат алмаса алуы керек деген талап қойылған. Мессенджердің beta нұсқасында "Third-party chats" деген бөлім пайда болды, яғни, басқа мессенджерлерден келетін хат осы шерде шығуы мүмкін. Қазірше бұл бөлім жай ғана WhatsApp-тың Google Play Store-дан өшіріліп кетпеу үшін жасап отқан шарасы және бұл жұмыс істеп бастауы үшін ұзақ уақыт керек екендігі сөзсіз.

8 months ago
Хромға 15 жыл. Соның құрметіне Material …

Хромға 15 жыл. Соның құрметіне Material You дизайны және басқа да жаңа функциялар. Толығырақ мына сілтемеде:

https://codeo.blog/chrome-15-zhyl/

8 months ago
WhatsApp сурет пен видеоны HD сапасында …

WhatsApp сурет пен видеоны HD сапасында жіберу мүмкіндігін қосты.

8 months ago

Алиса қазақша сөйлей бастайды

Яндекс "Алиса" виртуал көмекшісін қазақ тілінде іске қосатынын жариялады. Жақын арада Алисамен "Яндекс.Браузерде" және басқа да құрылғыларда қазақша тілдесуге болады. Жалпы виртуалды көмекшіге ТМД елдерінің тілдері қосыла бастайтыны туралы жаңалық алғаш рет 2018 жылы жарияланған еді.

2 years, 7 months ago

DevOps маңындағы әңгімелерге қызығатындар қаншалық көп екенін білмейм, егер мың болмаса да жүз болса мынандай канал ашып жүргізіп көрмекпін. Жеке канал болғандықтан еркін форматта болады.  Linux, Kubernetes, ansible, terraform, Gitlab, Github, Azure, AWS және тағы басқа тақырыптар бойынша жазып отырғым келеді.

Қосылыңыздар, жүзден ассақ жазып бастаймын :)

Канал: https://t.me/devopstanu

Авторы өзім: https://www.linkedin.com/in/skythet

Telegram

DevOpsTanu

DevOps/SRE төңірегіндегі әңгімелер автор @skythet

DevOps маңындағы әңгімелерге қызығатындар қаншалық көп екенін білмейм, егер мың болмаса да жүз болса мынандай канал ашып жүргізіп көрмекпін. Жеке …
2 years, 11 months ago

Qazaqsha programming

Біз шетелде істейтін достарымыз бірігіп(@datbayev, @narikbi, Темірұлан) жаңа проект бастағалы жатырмыз.

Қазіргі таңда программалауға қатысты қазақ тілінде жазылған кітап жоқтың қасы шығар. Осы жағдайды ескере отырып Антидің "Competitive Programmer's Handbook" деген кітабын қазақ тіліне аударайық деп шештік.
Кітапқа сілтеме : https://cses.fi/book/book.pdf

Әрине, кітапты тек 3-4ға адамға аудару қиынға соғады. Сондықтан бұл кітапты бүкіл халық болып аударайық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді ғой.

Бұл коммерциялық емес проект. Қазақ тілінің жанашыры болсаңыз үлесіңізді қоссаңыз болады. Әрбір адам өзінің көмегін тигізе алады. Ағылшын, орыс, қазақ тілін білетін адамдар өте қажет. Аудару тобына қосылғыңыз келсе төмендегі форманы толтыруыңызды сұраймыз.

https://forms.gle/Fi277JnpT93iBybX7. Толтырсаңыз жақын арада сізбен хабарасамыз.

Репост жасап септігіңізді тигізсеңіз болады.

3 years, 6 months ago

Қытайдағы "лайк фабрикасы". Мына мобилді құрылғылардың барлығы екі ғана компьютермен басқарылады. Негізінен WeChat месенджері үшін пайдаланылады, бірақ басқа әлеуметтік желілерге де осындай фабрикалардың барлығына күмән жоқ

3 years, 6 months ago
1973 жылғы интернеттің схемасы. 45 компьютер, …

1973 жылғы интернеттің схемасы. 45 компьютер, 40 желілік байланыс (оның екеуі спутник). Бұл сандар содан бері тек өсіп келеді.

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 2 days, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago