Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Aqyl.oi

Description
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.

Instagram: bektaay
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago

1 month ago

Дүниенің ләззаты мен сауық-сайранын тәрк етіп, жастық шағын бір Аллаға мойынсұнумен өткізген әрбір жасқа жетпіс екі сыддықтың" сауабы беріледі. Содан кейін Алла тағала ол жасты мақтан тұтып, оған былай деп тіл қатады: - Әй, Мен үшін нәпсіқұмарлығын тыйған жас! Әй, бүкіл жастық шағын Маған арнаған жас! Сен Менің дергейімде бәзбір періштелерім сияқтысың. (Омар р.а. жеткізген)

1 month ago

Әсілінде, біз бір-бірімізге әлденені түсіндіру, үйрету үшін танысып, табысып соңынан айырылысып кететін секілдіміз.

Кездесу бұйырған тағдырға,
Қоштасу бұйырмай қалса екен.

1 month ago

Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Әр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мәңгілік емес. Шын ықыласыңды көрсет. Сезіміңді білдір. Ол адамның саған қымбат екенін сездір. Өкінбейтін бол.

1 month, 1 week ago

Таң атса түнді, түн батса күнді, күз келсе көктемді, жаз шықса қысты күтіп, күн жүргенде бәрі кеш болып кетпейді ме?

1 month, 1 week ago

Сұрамағаныңды берген Аллаһ
сұрағаныңды бермейді деп ойлайсың ба?

1 month, 1 week ago

Құранда "Ол [Алла] сендерге сұраған нәрселеріңнің бәрін берді" (14:34) деген аят бар. Ал сұрау дегеніміз – тек қол жайып, дұға жасау ғана емес, жан-тәніңмен соны қатты қалау.

Адамның ойына сол ойды салушы Алла. Жаратушы саған сондай жақсылықты сыйлап тұрғанда, орныңнан тұрып әрекет етпеуге не кедергі?!

Арманда. Шарықта. Еңбектен. Қанағат ет. Рахымды бол.

3 months, 1 week ago

«Сүю» деген не ол? Ол — «жабысқан жерінде тас боп қатып қалу» деген сөз емес. Сүю екі жаққа бірдей. Оның шарты: «өзің сүйсең ғана сүйемін, сүймесең, зорламаймын!», «өмірдің сәні таразысының екі жағы да тең басуда. Бір жағы шоңқиып жерде жатқан, бір жағы көтеріліп аспанда жүрген өмір таразысының ешкімге қызығы жоқ. Осындай теңдестікті сақтау үшін, жігіт пен қыздың қай жағы болса да, «мен сені сүйдім, маған қосыла гөр!» деп екінші жағына жалбарына бермей, араларындағы алшақтыққа екі жағынан да бірдей жақындап, таразының тіліндей жерге жетіп, теңдесе қосылу керек. Өйтпесе, өмір теңдестігі де болмайды... Түсінікті ме, менің осы сөздерім?

📚 С.Мұқанов “Мөлдір махаббат”

3 months, 1 week ago

Сүю - жүректің ісі.

Менің саған, тек қана айтарым, орыста «дистанция» деген сөз бар, ол — екі нәрсенің арасындағы алшақтық, яғни, тұтасып кетпеушілік. Осы дистанция махаббат мәселесінде де керек сияқты, еркек пен әйел ғана емес, дос пен дос, әке мен бала... сияқты жақын адамдар да бір-біріне жапсырылып қалмай, араларында алшақтық ұстауға қажет сияқты, әйтпесе, адам өзінің «мендігін» жоғалтып алатын сияқты. Сенің де сөйтуің қажет қой деймін.

📚 С.Мұқанов “Мөлдір махаббат”

3 months, 1 week ago

Қазақтың ұғымында кедей я момын болу ұят емес, келімсек я кірме болу ұят; ал, «құл» болу, қорлық.

📚 С.Мұқанов “Мөлдір махаббат”

3 months, 2 weeks ago

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Жұмаға қараған түні немесе жұма күні кімде-кім “Кәхф” сүресін толықтай оқып шықса, оған Алла сол тұрған жерінен Меккеге дейінгі аралыққа сәулесі шашырап тұратын нұрдан тәж кигізеді. Оның келесі жұмаға дейінгі күнәлары кешіріледі. Жетпіс мың періште таң атқанша сол адам үшін дұға етеді”,-деген.

📕 Муслим, Тирмизи

We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago