Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
Желіде жастар Шерзат ісіне байланысты бір челленж бастаған.
Жасөпірімнің қазасы туралы ештеңе айтпаған, әкесінің-әпкелерінің жауапқа тартылғаны туралы бір ауыз сөз жазбаған миллиондаған оқырманы бар танымал блогерлерден жаппай «отписка» жасап жатыр.
Қай блогердің комментарийін ашсаң да, «Шерзат туралы неге дым айтпадың? Халқым-халқым дейсің, халықтың бәрін алаңдатқан мәселе туралы жақ ашпайсың» деген сарындағы коммент.
Біраз блогер осыдан соң Шерзат туралы пост пен сторис салып, әділдік туралы айтып, іс әділ тергелсін дегендей үн қатып жатыр. Оқырмандары сонда да аяр емес, кешіктің деп :))
Өзім біреу неге мына нәрсе туралы айтпады дегенді құптамаймын. Айтса да, айтпаса да адамның өз еркі деп білем.
Бірақ жастар осындай әлеуметтік-саяси мәселе бойынша желіде ықпалды күшке айналғаны, танымал адамдарға олардың қоғам алдында жауапкершілігі бар екенін мәжбүрлеп ұқтыра бастағанына риза боп отырмын.
Шымкенттегі психдиспансерде ем алған екі қыз "орталықта істейтін санитар жігіттер зорлағанын" айтты. Бірі 17 жаста. Екіншісі 22-де. Кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр боп қалған.
Қыздардың сөзінше, санитар екі жігіт бірін укол салып, денесінен әл кетіріп зорлаған, екіншісін күш қолданып, «бұл жерден шықпай қаласың» деп қорқытқан. Мұндай жағдай жиырма күн ем ішінде бірнеше рет болған.
Болған жайтты 22-дегі қыз орталықтан шыққан соң анасына айтқан. «Бұл жаққа енді келмеймін. Санитарлар мені ғана емес, тағы үш қызды зорлады» деген. Анасы қызы айтқан үш қыздың да отбасын тауып, соның біреуі ғана полицияға арыз жазуға келіскен. Қалғандары ашылып сөйлеуден бас тартқан.
Зорлады деген екі санитардың бірі өз еркімен жұмыстан кеткен. Екіншісі ақысыз демалысқа шыққан. Полиция сараптама тағайындап, қазір нәтижесін күтіп отыр. «Зорлау» бабымен қозғалған істе әзірше күдікті жоқ.
Санитардың бірі бұл орталық он жылдан бері, екіншісі екі жылдан бері істейді екен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «бұрын мұндай болған емес» дейді.
Бірі — депрессияға, екіншісі шизофренияға шалдыққан екі науқастың халі қазір тіптен ауыр…
Әріптесім Дилара Иса екі қызбен, әке-шешесімен сөйлескен. Оқып, көріп, таратыңдар. Бұл іс қоғам назарынан тыс қалмауы керек.
Мәселен, АЭС-ке қарсы азаматтың бірі, энергетика сарапшы Әсет Наурызбаевты Әблязовпен байланыстыруға тырысыпты. Наурызбаев 1999 жылы KEGOC-та Әблязовтің қол астында істеген екен.
Ал? Не айтқыларың келді сонда? Әблязовпен 25 жыл бұрын бірге істегені нені білдіреді сонда? АЭС-ке қарсы адамдар "экстремист" дегілерің келеді ғой, түсінгенім?
Мақаланың жалпы мақсаты — "АЭС-ке қарсылар — ұйымдастырылған адамдар, ал қарсы пікір айтқандар — әблязовшілдер" деген ойға сендіру ғой.
Лас журналистика деген не десеңдер, "Орданың" осы мақаласын көрсетер ем. Мақаланы оқып отырып, "фуууу" дегеннен басқа сөз келмеді.
https://orda.kz/kto-stoit-za-protivnikami-i-storonnikami-stroitelstva-ajes-v-kazahstane-391604/
Ақтөбенің шалғай бір ауылындағы 21 жастағы жігіт былтыр Ресейге жұмыс істеуге кетіп, биыл соғыстан бір-ақ шықты. Қазір аяғына оқ тиіп, госпитальда жатыр екен.
Жандос әскерден келген соң тұрақты жұмыс таба алмай, былтыр көктемде достарымен Ресейге жұмыс істеуге кетеді. Қара жұмысқа жалданып жүреді. Биыл көктемде елге қайтқалы жатқанда төлқұжатын жоғалтып алып, Ресейдің Орынбор облысындағы Сагарчин шекара өткелінде "депортация түрмесіне" түседі.
Әкесі осы түрмеге барып, ұлымен аз уақыт сөйлесіп шығады. Ұлы сонда түрмеде өзіне бірнеше құжатқа қол қойғызып алғанын айтады. Әкесі депортациямен айналысатын сот приставтарына барса, "ұлың арнайы әскери операцияға баруға келісті" дейді. "Балам орысшаға шорқақ еді, алдап-сулап қол қойғызып алған ғой" дейді әкесі.
Жандос депортация орталығында екі айға жуық болған. Әкесімен жолыққаннан кейін көп ұзамай Ресейдің күш құрылымдары жас жігітті әуелі Орынборға, одан әрі Екатеринбургке, кейін Украинаның Луганск аймағына әкеткен. Ал тамыздың аяғында ол майданда аяғына оқ тиіп жараланып, әскери госпитальге түскен.
— Қазақстанның Ресейдегі Бас консулына бірнеше рет хат жолдадым, бірақ олардан нақты көмек болмады. "Ұлымды соғысқа әкеткелі жатыр, көмектесіңіздер!" деп Қазақстан президенті мен үкіметіне, сыртқы істер министрлігіне де хат жаздым. Ешқайсынан қайыр болмады, — деп қынжылды Қанат Ахметов.
Әріптесім Жаңагүл әпке осы ауылға барып, отбасымен сөйлесіп қайтқан. Оқып шығыңдар мақаланы.
⚡️ "Алтай Сырбар КНБ". Күдікті Жақанбаев жайлы Азаттық анықтаған дерек
Ашық ақпараттарға қарағанда, Алтай Жақанбаев 2017 жылы Астанада Turan development жылдымайтын мүлік компаниясын құрған. Кейін ол бұл компанияны Юрий Жақанбаевқа берген.
? Азаттық Юрий Жақанбаевтан Алтай Жақанбаевты танитын я танымайтынын сұрағанда ол бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.
? Getcontact қосымшасында Жақанбаевтың нөмері "Алтай Сырбар КНБ", "Алтай КНБ", "Алтай Сыр" деп сақталған.
*❗️ "Сырбар" — ҰҚК-ның сыртқы барлау қызметі.*
? Азаттық Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "бұл екі адам орган құрамында жұмыс істей ме, істеді ме?" деп сауал жолдады және комитет төрағасының орынбасары, "Арыстан" қызметінің басшысы Берік Құнанбаевқа қоңырау шалды.
? Ол "Құдай сақтасын, ондайларды танымаймыз. Мен [бұл қызметке] 2022 жылы, Қаңтардан соң келдім. Мен оларды танымаймын да, көрген де жоқпын. Бізде ондай адамдар болған жоқ" деді.
Дегенмен Құнанбаев екеуінің күдікке ілінгенінен "хабардар" екенін жеткізді.
Бүгін таңертең Наталья Садықовамен сөйлестім. Азаттыққа сұхбат берді. Айдос ағаның халі ауыр. Оқ самайынан кіріп, миына тиіпті. Дәрігерлер кеше «түннен тірі шықпауы мүмкін» деп ескерткен. Бірақ Наталья бүгін таңертең ауруханаға хабарласып, аман екенін білген.
Наталья «оқ атқан адам — арнайы жалданған кәнігі қылмыскер. Кетіп бара жатқан көлікке бір-ақ рет атып, Айдосқа тура тигізді» дейді. Ол бұл шабуылды «саяси қастандық» дейді. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырыс берді деп санайды. «Біздің оппозициялық арнамыз «Ақорданың» тамағына тұрып қалған қылтанақ сияқты болды» дейді.
Президент Тоқаев бүгін осы оқиғаға пікір білдірді. «Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын» деген екен. Киевтегі полиция бастығы Натальяға істі ерекше бақылауына алғанын айтыпты.
Іс әділ тергеліп, қылмыскерлер тезірек табылсын. Бастысы Айдос аға тезірек сауығып кетуін тілеймін.
Сұхбаттың толық нұсқасы мұнда.
Telegram
Azattyq - Азаттық
***⚡️*** Оппозициялық журналист, "БӘСЕ" YouTube-арнасының авторы Наталья Садықова Азаттыққа сұхбат беріп, өздеріне жасалған қастандық туралы айтты Садықованың сөзінше, күйеуінің халі ауыр. Оқ оның самайынан кіріп, миына тиген. Дәрігерлер "осы түнде тірі қалмауы…
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago