Aman world

Description
Senior Software Engineer at Google

Жарнама бойынша - @zhannishk
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 4 weeks, 1 day ago

tbiznes.uz
Тадбиркорлар канали.
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Янги ғоялар
Тайёр проектлар

Бизнесингизни сотмоқчимисиз? Эълон қолдиринг.
Админ орқали жойлаш @adm_tbiznes

Бот орқали @tbiznesbot

Last updated 2 months, 1 week ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 day, 15 hours ago

2 months, 3 weeks ago

Өзің жазған код-қа тест жазу - өзіңнің қабілетіңе күмәндану, әлсіздіктің белгісі.

2 months, 4 weeks ago

Youtube ads премиум подписканың бағасын көтерді деп бүткіл дүние жүзі шулап жатыр. Швейцария отбасылық подписканың бағасы 24 --> 34 франк болыпты.
Біз де қалысамыз ба? Каналда жарнама жөнінде жекеге жазыңыздар 😁😅

2 months, 4 weeks ago

Қарапайым software engineer болу уже не хайпово дейді ғой. МЛ инженер болу керек дейді. Қазіргі заманда тас атсаң AI конференцияға тиеді. Қарапайым софтвер инжениринг ешкімге қызық емес болып бара жатқан сияқты. Деп сіздерді бір үрейлендіріп алайын иә?

ЛЛМ-дардың жазып жатқан кодына қарап "тәәәәк, енді не істейміз?" - деп қоясың. codeforces рейтингі 1800 дейді. Сұмдық қой.

5 months, 1 week ago

Hard skill vs Soft skill

?Google-ға жұмысқа тұруға екеуі де қажет. Адам қанша жерден техникалық жағынан өте мықты болса да егер soft skill жағы, яғни, адамдармен тіл табысу, сөйлесе алу  қабілеті нашар болса, онда ондай адамды жұмысқа алмайды.

?Бірақ шындап келгенде техникалық собеседование кезінде hard skill, яғни, есеп шығара алу, системаларды құра алу қабілет soft skill-дан қарағанда әлде қайда маңыздырақ. Берілген есепті толықтай ашып талқыға салу үшін, әрине, минимальный софт скил болу керек, бірақ ол ондай қатты маңызды емес.

?Тәжірибем бойынша, жұмысқа тұру үшін хард скил маңыздырақ. Ал жұмысқа тұрған соң софт скил маңыздырақ болып келеді. Неге деп ойласаң, жұмысқа тұру үшін собеседование кезінде қысқа уақыттың ішінде есепті шығарып, кодын жазып керексің, ал бұл нағыз хард скил шеберлігін қажет етеді.

?Ал жұмысқа тұрған соң сені собеседованиядағыдай ешкім 1 сағаттың ішінде мына проблеманы шеш демейді. Гугл сияқты компанияда мыңдаған адам жұмыс істейді. Барлығы бір код базасында жұмыс істейді. Мен күн сайын кемінде 4-5 адаммен сөйлесіп, маңызды нәрселер туралы шешім қабылдап жатамыз. Тезірек повышение алғың келсе софт скилл жағын дамыту қажет. Жұмыста дәрежең жоғарылаған сайын адамдармен көбірек сөйлесуді қажет етеді.

?Сондықтақтан егер Гугл тектес үлкен компанияға дайындалып жүрсең онда хард скил көбірек дамыт. Егер үлкен компанияда істеп жатсаң онда софт скил көбірек дамыт.

5 months, 2 weeks ago

5 техникалық кітап кеңес

?Introduction to algorithms, Thomas, H. Cormen - Бұл кітап әрбір өзін программист санайтын адамдың жастығының астында жату керек кітап. Күрделі алгоритмдер мен структуры данных туралы оқып білгісі келетін адамға оқу керек кітап.

?Clean code, Robert C. Martin. Жазған кодыңды басқа адам түгілі өзің де түсінбей отырмас үшін оқу керек кітап. Өте көп әрі сапалы практикалық мысалдармен әдемі код жазуды түсіндіреді.

?Design Patterns: Elements of Reusable Object-Oriented Software by Erich Gamma, дизайн паттерндер туралы өте классикалық кітап. Әрбір өзін сыйлайтын программист білу керек 23 дизайн паттерндер туралы түсіндіріп жазған.

?High Performance Browser Networking, Ilya Grigorik - Браузердің желімен қалай жұмыс істейтіні туралы жақсы жазылған кітап. Кругозор дамытуға өте керемет кітап. TCP, UDP, HTTP, Socket және тб тақырыптар қамтылған. Авторы гуглда веб перформанс бөлімінде істеген.

?Designing Data-Intensive Applications by Martin Kleppmann, атауы айтып тұрғанадай, өте үлкен системаларды құру принциптары туралы ашып жазған. data models, distributed systems, stream processing және тб тақырыптар қозғалған. Систем дизайн білімін арттыруға керемет кітап

5 months, 2 weeks ago

Ешнәрсе істемеуге уақыт бөл.

Кейде жұмыс күні ұзақ болып кеткендей болады. Күні бойы неше түрлі эмоцияларға ауыр күндер жиі болып тұрады. Әсіресе левел жоғарылаған сайын корпоративный политика да көбейеді. Сөйтіп жүріп күнделікті өмірдің ағымында өзімізді жоғалтып алу оп-оңай. Бірақ күніне ең болмағанда 10 минут, өзіміз үшін, ешнәрсе істемеуге уақыт бөлу арқылы өзімізді қайта табуға болады. Бұл уақытта телефонды өшіріп, жай ғана отыр. Көздеріңді жұмып, тыныс алып, келіп жатқан ойларды қабылдап, сосын сырып тастауға тырыс.

Бұл медитация емес, керісінше миға демалыс беру. Қайта медитация кезінде дұрыс дем алу туралы ойланып басың қатып кетеді. 

Күнделікті ойлардан арылу Миды тазардып, жаңа идеяларға орын ашамыз. Бұл уақытты өзіңді тыңдауға, сезімдеріңді түсінуге арна. 10 минуттық тыныштық күні бойы жиналған шаршауды басып, күш-қуат береді.

Рухани бағыттағы жазба қалай кетті? ?

7 months, 3 weeks ago

Айтпақшы, апдейт бермеппін ғой сіздерге.
Жаңа проект бастағаныма 2-3 күн болды. Қазірше дизайн документ жазумен әлек болып жүрмін. Сениор инженер үшін код жазғаннан гөрі дизайн документ жазған әлде қайда сауапты іс дейді ғой гугда адамдар :) Шын өтірігін білмеймін, бірақ өзіме дизайн документ жазған қаттырақ ұнайды. Адамдармен интеракш көп болғаны үшін деп ұнайды деп ойлаймын.
Мен 3 ай демалыста жүргенімде, проектімде орын алған 1-2 былықты да тауып шешіп тастадым, не по фэншую істеліпті да :) Түсінгенім, проектіңе өзіңнің жаның ашымаса ешкімнің жаны ашымайды екен. #держувкурсе

7 months, 3 weeks ago

Байқаған шығарсыздар менен мобилограф/видеоредактор так себе екенін ?

7 months, 4 weeks ago

Жұмыс істеп отырып сәл қолым босып, өзіме план жазып қояйын деп шештім. Жыл соңына дейін өзімдегі не нәрселерді дамытқым келеді, білім жағынан таяздау тұстарымды жабуға тырысайын деп. Жазып жатырмын, жазып жатырмын, тізімім бітер емес. Тізімге жаңа қатар қосқан сайын ішімдегі импостер синдромым айқайлап шыңғырып жатыр. Сонымен денімнің аман саулығында қой деп тізімді тоқтатып тастадым ?

9 months, 4 weeks ago

Бүгін, 26.02.
Alatau Creative hub- та (Алматы қ. Нұркент 5/11)
17:00-де кездесу болады.
Гуглға жеткен жолымды, тәжірибемді бөлісемін. Келіңіздер ?

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 4 weeks, 1 day ago

tbiznes.uz
Тадбиркорлар канали.
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Янги ғоялар
Тайёр проектлар

Бизнесингизни сотмоқчимисиз? Эълон қолдиринг.
Админ орқали жойлаш @adm_tbiznes

Бот орқали @tbiznesbot

Last updated 2 months, 1 week ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 day, 15 hours ago