Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Description
Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы

Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы

2015-2018 Сарыағаш медресесі
2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр)
2022-2024 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks, 1 day ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

1 month, 1 week ago

Қазір кейбір адамдар «зекетті шет елдегі ілім талап етушілерге беруге болмайды. Себебі фиқһ кітаптарында зекетті басқа қалаға, елге беруге рұқсат жоқ деп айтылған» дейтін болған.

Негізінде бұл сөзді айтатын адамдар көбіне фиқһты тек өзінің пайдасы көзделген жерде ғана алады. Басқа жағдайда көңілі қаласа басқа мәзһабтан пәтуа ала салады. Оның бір мысалы, тек құран оқу үшін ақша алу — арам десең, «енді бұл жағдайда шәфиғи боламыз да» деп мазаққа айналдыратындарды көзіміз көрді.

Осындай көкелерге айтарымыз ең бірінші фиқһтағы мәтінді дұрыс түсініп, орнымен қолданың❗️Иә, фиқһ кітаптарымызда зекетті басқа елге, қалаға алып бару — мәкрүһ делінген. Тек осы жерін ғана оқымай, ары қарай оқысаң жалғасында:

(كره نَقْلُهَا إلَّا إلَى قَرَابَةٍ أَوْ إلَى طَالِبِ عِلْمٍ)

«Зекетті өзге қаладағы, елдегі жақын туысқа немесе ілім талап етушіге берсе, мәкрүһ емес», делінген.

Өзге елдегі адам ілім талап етуші, жақын туыс яки мұқтаж адам болмаса, зекетті сонда жіберу — мәкрүһ болады. Оның өзінде бұл жердегі мәкрүһ — тәнзиһан, тахриман емес. Бұл жайлы ибн Абидин:

أَنَّ الْكَرَاهَةَ تَنْزِيهِيَّةٌ تَأَمَّلْ، فَلَوْ نَقَلَهَا
جَازَ

«Бұл жердегі мәкрүһ сөзінен мақсат — тәнзиһан (хәләлға жақын). Егер зекетін өз жерінен басқа жаққа жіберсе, рұқсат», - дейді.

Және соңғысы, шет елдегі ілім талап етушілер өзге елдің адамы емес. Өзіміздің қазақтар. Екіншіден, ілім талап етушілер — елді тірілтушілер. Ілім талап етушілер болмаса, елде білім болмайды. Ілім болмаған елдің ертеңі жоқ. Өзге елде жүріп ілім талап етпеген адам олардың жағдайын түсінбейді. Сосын әлгіндей сөздерді айтады. Өз қалтаңды ойлап арыңды сатпашиш!

Егер керек десең фиқһ кітаптарынан сен күнде ішіп-жеп жүрген тамағыңды, іс әрекетіңді харамға шығаратын көзқарас тауып беруге болады. Сол үшін әр үкімді сүзгіден өткізбей мақсатыңа пайдалана берме❗️

1 month, 1 week ago

Телефоныңды 5-6 сағатқа өшіріп қоссаң, іздемейтін адамдар іздеп, жазбайтын адамдар жазып, смс-қоңыраулар толып қалады неге олай?) Өзіңді қатты важный адам сезініп қалады екенсің😁

1 month, 1 week ago
1 month, 2 weeks ago

Усуль шәши және мухтасар уиқаядан өткен дәрістерімді алғысы келетіндер болса, осы уатсабқа жазсын доступ ақылы!

1 month, 2 weeks ago

Әйел адамға өзінің қайын атасы махрамға жатады. Яғни қайын атасының алдында жоғарыда айтылған ағзаларын ашып жүре алады.

Ал егер қайын атасы қызқұмар, пасық болса, оның алдында орамалсыз жүруге болмайды. Тіпті ондай адаммен бір үйде тұруға да рұқсат жоқ. Себебі егер қайын атасы келініне қол жүгіртіп жақындайтын болса, ерлі-зайыптылардың арасында неке жойылып, бір-біріне харам болады.

Дәл сол секілді, ер адамға да өзінің енесі махрам саналады. Сәйкесінше, анасының қай жеріне қарау рұқсат етілсе, енесінің де сол ағзаларына қарауына рұқсат.

«Хәләл мен харамның шариғи нормалары» кітабынан

1 month, 2 weeks ago
1 month, 3 weeks ago

Бауырлар, шамаларыңыз келмейтін сұрақты қоймаңыздар! Кейбір бүлікшіл табиғаттағы адамдар скриншот үшін әдейі қысыр сұрақ қояды. Қысыр сөз түлеген жыланның түгіндей кез-келген шөптің басында қалатынын ұмытпаң! Ондай сұрақтарға жауап берілмесе яки қисық сөз естісеңіз өзіңізден көріңіз, сөкпеңіз

1 month, 3 weeks ago

Ертеңгі күні уағыз айту құзыреттілігі Өнер қырандарына берілсе таң қалмаймын… Халық әртіс пен имамды айыра алмай қалмаса игі еді…

Дінді әзілмен жеткізудің үкімі қалай екен?!

1 month, 3 weeks ago

Тарауих намазын (төрт ракағатты бөліп) екі имам болып оқу ханафи мәзһабының қуатты пікірі бойынша — құп көрілмейді. Имам Әл-Кәсәни және басқа ғалымдардың айтуынша, бұл іс сахаба және табиғиндердің амалына қарсы.

Сондай-ақ, егер имам бір мешітте тарауих намазын өткізіп болған соң, сол күні екінші мешітке барып тарауихқа шығуы дұрыс емес. Егер жамағат сол имамның артына тұрып намаз оқыса, тарауихты қайта оқуы тиіс. Себебі имамның мойнынан сол күнгі бекітілген сүннет тарауихы түсті. Ал жамағаттан түскен жоқ. Имамның хәлі — жамағаттан әлсіз болғандықтан, имамдыққа шығуына рұқсат жоқ. Әрі сүннет намаз екі рет қайталанбайды. (Бәдәәиғ сәнәәиғ 1/289, Әл-биная 2/560)

1 month, 3 weeks ago

Мінезі құран болған Шоқан қарекем! Алла Тағала құранның берекетімен дүние ақыретіңізді нұрға бөлесін, иджаза құтты болсын!

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks, 1 day ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago