MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Description
Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы

Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы
Сарыағаш медресесі 🇰🇿 2015-2018
Бакалавр 🇯🇴 2018-2022
Магистратура 🇯🇴 2022
Мамандық: ханафи фиқһы
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 3 weeks, 5 days ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

1 month, 1 week ago

Баяғыда дін тек мешіттің төрт қабырғасында емес, өмірдің өзегінде еді. Ол адамның тек намаз бен жаназадағы амалына ғана емес, жүріс-тұрысына, сөзінің салмағына, ісінің адалдығына тіреу болатын. Ал қазір ше? Қазір діннің білім деген тірегі әлсіреп, эмоция мен жеңіл сөздердің көлеңкесіне тығылып қалғандай. Оны өзіңіз күнде көріп жүрсіз.

Әлеуметтік желі толған жалт-жұлт еткен уағыздар. Сөз көп, мағына жоқ. Біреу тыңдайды, толқиды, бірақ ертеңіне оны ешкім есіне де алмайды. Эмоция қалды, бірақ жүрекке жеткен ілім қайда? Медреселер мен діни оқу орындарына көз салсаңыз, олар әлі сол бір “молдалықтың” айналасынан шыға алмай жүр. Ал молдалық деген не? Құлшылықты үйрету, жаназа шығару, мешіттің ішінде қалу. Бірақ дін тек мешіттің төрінде емес, қоғамның өзегінде болу керек еді…

Ал кейбір пәленше-түгенше деген діни топтарды бақылап қараңызшы. Олардың мектебінен шыққандар жай уағыз айтумен шектелмейді. Олар әлдеқашан қоғамның түрлі қабаттарына еніп, өз идеологиясын таратып жүр. Біреуі биліктің басында, енді біреуі ірі компанияларды басқарып, өз ықпалын жүргізуде. Ал біз ше? Біз әлі сол молдалықтың шеңберінен шыға алмай, бір-біріміздің қатемізді іздеп, сөз аңдып жүрміз.

Бұл топтар діннің шынайы мақсатын ұрлап алғандай көрінеді. Өйткені олар дінді тек құлшылық емес, күш пен ықпалдың құралына айналдырып үлгерген. Біз солай жасайық демеймін, бірақ олардың жүйелі түрде ілім алып, оны іске асырып жатқанына қарап, өзіміздің білімсіздігімізге қынжыламын.

Біз әлі сол қысқа уағызбен өмір сүріп келеміз. Бір сәттік әсер, бүгін тыңдап, ертең ұмытылатын сөздер біздің “білім” деп түсінетін деңгейімізге айналды. Ал діннің тереңдігі қайда? Оның адам өміріне толық енуі, жүріс-тұрысқа ықпал етуі, қоғамның түзелуіне әсері қайда?

Мұсылман аптасына бір рет мешітке барса, қалған уақытын қоғамда өткізеді. Демек, дін тек мешіттің айналасында емес, сол қоғамның ішінде де болуы керек. Ал біз осы адамдарға дінді қалай жеткізіп жатырмыз? Біз олардың сөзін, ісін, әрекетін дін исламға қалай бейімдеп жатырмыз?

Дін – адам өмірін бағыттаушы шамшырақ. Ол тек құлшылықта емес, адамның кәсібінде, сөзінде, шешімінде көрініс табуы тиіс. Бірақ біз діннің өзегін ұмытып, оны тар шеңберге қамап қойдық. Енді тек мешіт пен жаназа айналасында жүрген дінді “толық дін” деп есептейтін күнге жеттік…

Ал шынайы білім іздеп, дінді терең түсінуге тырысатындар азайып барады. Оның орнына эмоциямен елтіген, бір сәттік әсерге алданған халық қалды. Біз тек бір-біріміздің кемшілігімізді іздеп, сөз аңдып, өзімізді алға қойғаннан басқа түк бітірмедік. Діннің шынайы мақсатынан алыстап бара жатқанымызбен жұмысымыз жоқ.

Бізге тек молдалықты ғана емес, діннің шынайы білімін меңгеріп, оны қоғамға енгізетін жүйе керек. Бізге бір сәттік эмоция емес, жүректі де, сананы да оятатын ілім керек. Дін тек мешіттің төрінде қалмауы тиіс. Ол адамның сөзіне, ісіне, қоғамына әсер ететін күш болуы керек. Әйтпесе, біз өзімізді дін жолындамыз деп санап, шын мәнінде, тар шеңберден аса алмай жүре береміз…

1 month, 1 week ago

Төбелеске тұмар таққандар
Баяғыда қайырымдылық ниет пен адал жолдың тоғысқан тұсында жасалатын еді. Ал бүгін ше? Біреудің жұдырығы мен тізесінің шуы шығып жатқан жерде “сауап іздеу” сәнге айналды. Рингте бәсекелесінен қан жоса қылған жігіттің жеңісі мен атағын арқаланып, енді жұрт оны дәріптеп, бір заттарын сатып, содан түскен табысты “қайырымдылыққа” айналдырып жатыр. Бұл қандай жаңа заманның үрдісі?

Рингтегі риясыз “өнерді” қолдап, оны дінмен үндестіруге тырысу – қисынсыздықтың шыңы емес пе, ағайын?! Біреулер “бұл тек спорт, адал еңбек” дейді. Ал енді біреулер, “қайырымдылыққа ниет” деп ақталады. Бірақ ақылға салып қарасақ, шариғат қай жерде шапалақ пен шу қай жерде? Мұндай іс дінге қайшы ма, жоқ па деп талқыға түсірудің өзі артық негізі. Мұны білмек үшін кітап ақтарудың да, ғұламадан сұраудың да қажеті жоқ.

Бәлкім енді әр соққы сауап ретінде жазылып, әр лақтырылған жұдырық ақыретке “қосымша аманат” болар? Мүмкін қайырымдылықтың ең оңтайлы жолы – қатыгездік пен төбелесті дәріптеу шығар? Тек жұдырықтасудың артықшылығы – “рухани байлыққа” жақындатуы болып қалмасына кім кепіл? Қайырымдылыққа ниет еткен адамның рингті көмек құралына айналдыруы ақылға қонбайды, халқым.

Дін жүрек пен тәрбиенің діңгегі екенін ұмытпайық! Ол қатыгездік пен әшекейлі мадақтың тасасында қалмайды. Біреуді жерге құлатқанды дәріптеп, содан үлгі алып, қайырымдылыққа жол іздегеніміз – адасуға бір қадам жақындағанымыз. Бұрын сауапты іске ниет еткен адам адал еңбекпен, таза ниетпен ақша табатын еді. Ал қазір жұрт төбелес пен шоу-сауданың арасына қайырымдылықтың байрағын іліп қоя салды. Бұл адалдыққа сыймайды.

Қасиетті дінімізді төбелестің шапанына ораудың қажеті жоқ. Қайырымдылық жүректен шығуы тиіс, рингтің даусынан емес. “Төбелес арқылы сауап жинау” деген ақылға қонымсыз ойдан арылып, қайырымдылықтың шын жолын іздейік. Дін мен дүниені шатастырмасақ екен. Әр “тізе” мен “жұдырықтан” сауап іздегенше, жүректің түбіндегі шынайылықты табайық. Өйткені сауап төбелестің емес, таза ниеттің нәтижесі…

4 months ago

Қой құрсын, осымен каналдың негізгі бағытына оралайық. Арасында осылай фиқһты қойып, бағыттан ауытқып тұратыным баар енді, түсіністікпен қараңдар)

4 months ago

Шынайы оқиғаның куәсі ретінде, түннің бір тыныш сәтінде қаламым өздігінен қозғалғандай…

Жүрек – нәзік, ал оны алдау – үлкен опасыздық. Бір адамды үмітке байлап, кейіннен одан теріс айналу – көңілдің кілтін таптап, арды аяққа басу. Сенім артқан жүректі алдарқатып, өз пайдаңа жарату – рухани мүжілудің айқын көрінісі. Әркімнің сенімін жібектей иіп, ақыры суық сөзбен кесіп тастау – бұл дүниенің ауыр жүгін арқалаумен тең.

Өмірде бәрі өткінші: күлкі де, құшақ та, алдамшы жылы сөздер де. Бірақ адам баласының бір ғана қымбат аманаты бар – ол сенім. Оған қиянат жасасаң, бір күні сол сенімнің өзіңе қайтарымын көресің. Қолдағыдай көрінгенімен, адалдықсыз сезімдер уақытша ғана жалт етіп, қара түннің құшағына жұтылады. Өмірде адалдықтың жүзі жарқырайды, ал жалғандық ертеңгі күні өзіңді тасқа соғады.

Біреудің жүрегіне жалған үміт сеуіп, кейіннен сол үмітті өз қолыңмен қирату – адамгершіліктің азғындауы. Әрбір үміттің артында бір жанның тағдыры, бір жүректің арманы тұрғанын ұмытпа. Сен бүгін біреудің сенімін аяққа басып, жеңімпаздай сезінгеніңмен, ертең сол әрекетің үшін опық жеп қаларың сөзсіз.

Өмір – сынақ. Әрбір ойнақтап айтылған сөз, орынсыз берілген үміт – сенің жолыңда өз ізін қалдырады. Сеніммен ойнау – тікенмен өрілген жолға түскенмен бірдей. Әрбір қадам сайын сол тікендер жанды жаралайды, ал ең соңында сенің де жүрегің сол тікеннің ұшында қалуы ғажап емес…

4 months ago

Бұқара не айтпақ, қай жаманды көрмек – оның еркі, ал сенің еркіндігің – шынайылық.

Өзгелерге сен жайлы жаман ойлауға мүмкіндік бер.

4 months, 1 week ago

Басымдағы азғантай миымда сансыз идеялар мен жоспарлар тоғысып жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, оларды жүзеге асыруға қажетті мүмкіндік, қолдау жетпей жатады. Жан-жағыңда сені демеп, серпін беретін ешкім болмағанда, көтерген еңсең қайта түсіп, үмітің сөніп қалады. Кейде қолымда бар мүмкіндіктер болса, дүниенің игілігін пайдаланып, барлық күш-жігерімді салар едім деген ой келеді. Бірақ бұл ойдың шынайылығына күмәнім бар – мүмкін, бұл тек алдамшы арман шығар, кім білсін. Осындай сәттерде бәрін тастап, тек күнделікті тіршіліктің қамын ойлағың келеді. Дегенмен, алдыма қойған мақсатымды еске алып, қайтадан сабырға келемін. Жанымдағы бар күш-жігерімді жинап, алға қарай ұмтылудан танбаймын.

Өмірде қиындықтар мен кедергілер кездескенімен, алға қойған мақсаттар мен арманға деген ұмтылыс рухымды шыңдайды. Әрбір өткінші қиындық – адамды шынайы күшімен сынайтын, рухын бекітетін кезең. Қолдау болмаса да, сенім мен табандылық жолды жарықтандырады. Өмірдің шынайы мәні де осы – мақсатқа жету жолында күресіп, әрбір қиындықты жеңу. Тіпті, барлығы қарсы болғанда да, алдыңдағы жарық сәулеге қарап, өзіңе сеніммен, үмітпен жол табу – нағыз табандылықтың көрінісі.

4 months, 1 week ago

Жан жылуын аңсаған жүректер Отбасылық өмірдің алтын діңгегі – ерлі-зайыптылар арасындағы өзара құрмет пен жауапкершілік. Алайда, кейде барлық жағдайы жасалып, махаббат пен мейірімге толы шаңырақтың ішінде де әйелдердің өз міндеттерінен бас тартып жататынын…

4 months, 1 week ago

Жан жылуын аңсаған жүректер

Отбасылық өмірдің алтын діңгегі – ерлі-зайыптылар арасындағы өзара құрмет пен жауапкершілік. Алайда, кейде барлық жағдайы жасалып, махаббат пен мейірімге толы шаңырақтың ішінде де әйелдердің өз міндеттерінен бас тартып жататынын байқаймыз. Осындай жағдайларда әйелдің күйеуінің төсектегі ақысынан бас тартуы – отбасының берекесін шайқалтып, жылуын сөндіретін ауыр соққы болуы мүмкін.

Ер адам отбасының амандығы мен бақыты үшін күн-түн демей еңбек етіп, барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етіп отырғанда, әйелінің мұндай әрекеті оның жүрегін жаралайды, оның көңілін мұздай суытады. Төсек қатынасы тек тәндік емес, рухани байланыс екенін ұмытпайық. Бұл байланыс – ерлі-зайыптылардың махаббатпен өрілген нәзік жібі. Әйел адам ерінің жан-дүниесіне терең бойлап, оның қажеттіліктеріне мейіріммен жауап бермесе, бұл жіп үзіліп, отбасының іргесі сөгілуі мүмкін.

Жаратқанның әйелге берген ерекше мәртебесі бар, бірақ бұл мәртебе жауапкершілікпен келетінін естен шығармау қажет. Ер азамат өзінің барлық парызын адал атқарып, әйеліне деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын аямай отырғанда, әйелдің төсектегі міндетінен бас тартуы – әділетсіздік. Мұндай әрекет ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншіліктің шырағын өшіріп, отбасының жылуын жоғалтады.

Әйел адамға сеніп тапсырылған осы бір нәзік міндетті орындау – отбасының тыныштығын, махаббатын сақтаудың басты кепілі. Әйелдерге Алла Тағала тарапынан берілген осы бір қасиетті рөлді құрметтеу қажет. Ер азаматтың көңілін қалдырмау, оның жан дүниесіне мейіріммен қарау – әйелдің ең үлкен міндеті.

Махаббат пен сыйластық – бұл тек екі жанның ғана емес, бүкіл отбасының амандығы үшін қажет қасиеттер. Әйел өз рөлін адал атқарғанда ғана отбасында нағыз береке орнап, жылулық сақталады. Әйелдер өз ерлерінің жүрегін жараламай, оған деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын көрсетіп отырса, отбасының іргесі мықты, шаңырағы биік болмақ.

4 months, 2 weeks ago

https://www.instagram.com/reel/C_I6eBYMeah/?igsh=YzR3NG9sOWVxbmJ2

Сот арқылы ажырасудың шариғи үкімі

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 3 weeks, 5 days ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago