Ислам орталығы

Description
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

2 weeks, 1 day ago

*Адамдардың статустарына қарап, алданып қалмаңдар!

Адамгершілік басқа, статус басқа…

Адамның қандай екендігі статуста білінбейді.

Ешкім статусқа жаман кезін салмайды.*

2 weeks, 1 day ago

«Қадір түнін ұйқымен өткізіп, жаңа жыл кешінде таңға дейін ояу болған бұл үммет басына түскен қайғы-қасіреттің себебін сұрамай-ақ қоя берсін»

Шейх Ахмад әт-Тайиб*

2 weeks, 2 days ago

«Әрлі беттен, Арлы бет сұлу»

Қазақ нақылы*

3 weeks ago

📍Мешіт – рухани тәрбиенің ошағы

Әбу Умама (р.а) Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп риуаят етеді:

«Кімде-кім мешітке тек жақсылық үйренуді немесе үйретуді мақсат етіп барса, оған қажылығы толық орындалған қажының сауабындай сауап жазылады», - деген.

Әбу Саид әл-Худридің (р.а) риуаят етуінше, Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

«Егер бір кісінің мешітке жиі барып жүргенін көрсеңдер, оның имандылығына куәлік етіңдер. Себебі, Алла Тағала: «Шын мәнінде, Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман келтіргендер ғана көркейтеді», - деп айтқан»

3 weeks ago

«Ислам дінінің әрбір бұйрықтары мен тыйымдары адамзат­ баласының бақытына негізделген»

Ізгілер даналығы*

3 weeks ago

«Жамандық - жауапсыз
Жақсылық
- сауапсыз қалмайды»

Қазақ нақылы*

4 weeks ago

Бақыт деген...

Жоғарыдан іздесең Әкеңнің қабағында,
Төменнен іздесең Анаңның табанында,
Қарсы алдыңнан іздесең Жарыңның жанарында,
Артқы жағыңнан іздесің Балаңның қадамында,
Айналаңнан іздесең Дос-туыстың аманында.

Ендеше сол
Ата ананың мерейі тасқындасын.
Ғұмырыңның құрметте бас тұлғасын.
Жарыңның жанарына жас тұнбасын,
Бесіктерің Ешқашан бос тұрмасын.
Баланың қадамын қиыс бастырмасын!
Дос-туыстың қатары сиреп,
Сан түрлі сынақ састырмасын.
Қалғанын көресіңдер пешенеңнен,
Бастысы жердің емес аспанның астындасың!

#Асқат_Қылышбек

4 weeks ago

«Жарабет жазылар. Қарабет жазылмайды»

Марқұм ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла оны рахымына бөлесін)*

4 weeks ago

**Сіз кішкентай кезіңізде барлық балалар сияқты ауырған шығарсыз. Ал дәрігер: «Қай жерің немесе не ауырады?» - деп сұрағанда, Сен анаңның жауабын іздедің. Өйткені, ол сенің сезінгеніңді сезетініне сенімді едің. Сондықтан, жалғыз қалғанда оның қамқорлығын ұмытпа...

Ең үлкен махаббат ол ана махаббаты ❤️**

Марқұм ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла оны рахымына бөлесін)*

4 months ago

Ислам Шариғатының алты мақсаты бар. Олар:
1. Дінді қорғау;
2. Жанды қорғау;
3. Ар-намысты қорғау;
4. Ақыл-ойды қорғау;
5. Ұрпақты қорғау;
6. Мал-мүлікті қорғау;

Дінді қорғау деген - Құдай мен адамның, адам мен адамның және адамның өзіне деген қарым-қатынасындағы реттілікті қорғау деп түсінуіміз керек.

Жанды қорғау деген - Құдай адамзатқа қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырған. Ол үшін азық-түлік қауіпсіздігі керек. Адамзат сақталуы үшін үйленіп ұрпақ жалғасын табуы керек. Әр түрлі апаттардың алдын алып қауіпсіздік шараларын жасау, егер апат бола қалған жағдайда адамдарды құтұару шараларына дайындау, сондай-ақ адамның бостандығы мен құқықтарын және т.б. қорғау деп түсінуіміз керек.

Ар-намысты қорғау - зинақорлықтяң түрлерінің баршасынан аулақ болу, ұятты жерлерді жабу сондай-ақ адамның жеке шаруаларына кірмей құрметін сақтау деп түсінуіміз керек.

Ақылды қорғау деген - адамды басқа жаратылыстардан ерек етіп, құрметін асыратын ақыл болатын болса сол ақылды орап ықпалсыз ететін маскүнемдік пен мастық, сергектіктен айырып бейғамдыққа салатын қылықтар мен әрекеттерден сақтану деп түсінуіміз керек.

Ұрпақты қорғау деген - адамзат нәсілі жалғасын табуы үшін үйлену, ұрпақ алып келу, ұрпақтың дұрыс өсуі үшін тәрбиесі мен материалды қажеттіліктерін қанағаттандыру, ер адам мен әйел адамның ара-қатынасындағы реттілікті қорғау деп түсінуіміз керек.

Мал-мүлікті қорғау деген - еңбек етіп, кәсіп етіп мал-мүлікке ие болу және оны дұрыс пайдалану деп түсіну керек.

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago