Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
📌Бұл осы арнада келтірілген хадистерден құралған кітап.
📚Жаңа кітап: "Сүннетпен танысу"
"Бір күнде - бір хадис" бағдарламасы
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы Жәннатқа алып баратын жалғыз жол болғандықтан, оның сүннетін білмей, оған амал етпей Жәннатқа жету мүмкін емес.
Бұл шағын кітапша ардақты Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кіршіксіз сүннетімен танысуды әрі оның хадистерін жаттап, соларға амал етуді бастағысы келген бауырларымыз бен әпке-қарындастарымызға, жас жеткіншектер мен ересектерге осы мақтаулы талпыныстарында жол сілтер көмекші болады деп үміт етеміз әрі осыны Аса Жоғары Аллаһтан тілейміз.
Ондағы келтірілетін хадистер ертеде өмір сүрген атақты ғалым Жәләлуддин әс-Суютыдың «әл-Жәмиғ әс-соғир» кітабындағы хадистердің ішінен шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани, Аллаһ ол екеуін де рахым етсін, сахих (сенімді) және хасан (жақсы) деп бекіткен хадистер ішінен таңдалған.
? Оның мейірімімен игі істер соңына жететін Аллаһқа бүкіл мақтау.
Пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Осымен кітап аяқталды.
Аллаһ Тағала бізден және сізден қабыл етуін сұраймыз.
✨ Жәннатта жүз ұлы дәрежеге кімдер ие болады
574 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:
إِنَّ فِي الجَنَّةِ مِائَةَ دَرَجَةٍ أَعَدَّهَا اللّٰهُ لِلمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللّٰهِ مَا بَيْنَ الدَّرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالأَرْضِ
«Расында, Жәннатта жүз дәреже бар, Аллаһ оларды Аллаһ жолында күресетін мужаһидтерге әзірледі әрі әр дәреженің арасындағы қашықтық жер мен көктің арасындай».
? Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 2126.
✨Қиямет күні әрбіріңмен Аллаһ Тағала тәржімансыз сөйлеседі
573 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:
مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا سَيُكَلِّمُهُ اللّٰهُ يَوْمَ القِيَامَةِ لَيْسَ بَيْنَهُ وَبَيْنَهُ تَرْجُمَانٍ، فَيَنْظُرُ أَيْمَنَ مِنْهُ، فَلَا يَرَىٰ إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ أَشْأَمَ مِنْهُ فَلَا يَرَىٰ إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ بَيْنَ يَدَيْهِ فَلَا يَرَىٰ إِلَّا النَّارَ تِلْقَاءَ وَجْهِهِ؛ فَاتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ، وَلَوْ بِكَلمَةٍ طَيِّبَةٍ
«Сендердің әрбіріңмен Қиямет күні Аллаһ сөйлеседі, әрі Аллаһ пен оның арасында ешбір аудармашы (дәнекер) болмайды. Сол кезде ол өзінің оң жағына қарайды да, тек өзінің істегендерін ғана көреді, және сол жағына қарайды да, тек өзінің істегендерін ғана көреді, ал алдына қараса – бетінің алдында тек Отты көреді. Ендеше құрманың жартысымен болса да, бір жақсы сөзбен болса Тозақ пен өздеріңнің араларыңа бөгет жасаңдар».
? Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5798.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago