Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Мемлекеттік борыш: әрқайсымыз шетелге 8 мың доллар қарыз екеніміз рас па?
Ел арасында көптен осындай пікір бар. Ол қаншалықты шындыққа жанасады? Мемлекеттік борыш деген не? Сыртқы қарыз деген не? Мемлекеттер не үшін қарыз алады? Қазақстан сыртқа қанша қарыз? Қарапайым адамға, яғни сіз бен бізге уайымдауға негіз бар ма? Ресми сандарды «сөйлете» отырып, бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік те «$8 000»-ға қатысты әңгімеге нүкте қояйық.
Іргелі БАҚ-тардың өзі, онда істейтін журналистер сыртқы қарыз бен мемлекеттік борыштың аржігін ажырата алмай жатады. Өйткені сыртқы қарыздың ішінде мемлекеттің өз еншісіне келетін қарыздар да бар, сонымен бірге жеке компаниялар алған қарыздар да бар. Оның бәріне МЕМЛЕКЕТ жауап береді деген сөз емес.
Сыртқы қарыз деген не?
Кімнің қанша қарызы бар екенін төменде есептеп көрсетерміз. Қазір осы сұраққа жауап тауып алайық.
Иә, мемлекеттер бір-бірінен қарыз алады. Бұл — әлемдік тәжірибе. Білмеген болсаңыз айтайық, экономикасы дамып кеткен АҚШ пен ЕО да осы тәжірибені қолданады. Яғни, олар да қарыз алады.
Біздің жағдай тұрғысынан баяндасақ, сыртқы қарыз деген — Қазақстанның басқа елдер мен халықаралық ұйымдардан алған қарызы. Ол ақша, займ, несие, облигация, бағалы қарыз қағаздары және басқа да міндеттемелер түрінде болуы мүмкін.
Мемлекеттер не үшін қарыз алады?
Әдетте, мемлекеттер қарызды, мысалы, жол салу секілді басқа да көптеген инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру үшін алады. Кейде бюджет тапшылығын жабу үшін алады. Осылайша, сыртқы борышқа байланысты операциялар, көбіне, ел экономикасына инвестиция тарту үшін, инфрақұрылымды жақсарту үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін және түсетін салық көлемін көбейту үшін жасалады. Бір жағынан қарыз боп келген қаражат елдің әлемдік экономикаға араласуына және өзі өндірген тауарларды жаңа нарықтарға шығаруға көмектесе алады.
Қазақстанның сыртқы борышы неден тұрады?
Біздің елде сыртқы борыш екі бөліктен тұрады: мемлекеттік сектордың борышы (Үкімет пен Ұлттық Банк) және жеке компаниялардың қарызы. Оның құрылымы мынадай:
1. Мемлекеттің сыртқы борышы — Қазақстанның халықаралық ұйымдар мен басқа елдерге берешегі. Ол — елдің жалпы сыртқы борышының шамамен 9,2%-ы.
Мысалы, қазір ресми дерек бойынша, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы — 165 млрд 630 млн доллар. Соның ішінде мемлекеттің борышы — 9,2%. Демек, мемлекеттің бережағы — 15,24 млрд доллар ғана.
2. Жеке сектордың сыртқы борышы — коммерциялық банктер мен басқа да жеке ұйымдардың шетел кредиторларынан алған қарызы. Оның үлесі — 35,5%.
Есебін шығарайық: 165 630 000 000 × 0,355 = 58 млрд 698 млн доллар.
3. Корпоративтік сектордың борышы (фирмааралық берешек) — Қазақстанда жұмыс істейтін шетел корпорацияларының филиалдары мен еншілес компанияларының шетелдегі бас компанияларына берешегі. Бұл қарыз жалпы сыртқы қарыздың 55,3%-ындай болады.
Есебін шығарайық: 165 630 000 000 × 0,553 = 91 млрд 570 млн доллар.
Түйін: «Әр адам бережақ 8000 доллар» қайдан шығып еді? Әрине, 165 млрд жалпы қарызды 20 млн халыққа бөлген. Сол кезде шыққан сома. Әлбетте, мемлекеттің өзінің қарызы 165 млрд емес. Демек, сіз бен біз «шетелге 8 мың доллардан қарызбыз» деген сөз шындыққа жанаспайды.
Айтпақшы, Қазақстанның өзінің сенімді қоры, «қауіпсіздік жастығы» бар. Ол — Ұлттық қордағы қаражат пен алтын-валюта резервтері. Олардың жалпы көлемі сыртқы қарыздан әлдеқайда көп. Солай.
Қай банк «кредит төлеуді ұмытпа» деп жиі мазалайды?
Әр оқырман өз оқиғасын жаза кетсе. Жауаптарды саралап отырып, алғашқы үштікке енген банктерден оның себеп-салдарын анықтап көрейік. Бәлкім оның да бір сыры бар шығар клиент білуге тиіс.
Жалпы, әр банктің өз ережесі бар. Әрқайсы клиентпен өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл жерде бәріне ортақ ереже болмауы мүмкін.
Ал, кейбір банктер демалыс күнге қарамай, клиентке қоңырау шалады екен. Кредит төлейтін күн келмесе де бірнеше күн бұрын жиі мазалайтын банктер көп адамның шамына тиетіні даусыз.
Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Анықтап көрейік. Бірақ, артық эмоциясыз, ойдан ештеңе қоспай, нақты жағдайды баяндап көріңіз. Пікір алаңымыз ашық.
Алтын алу мен оны сақтау жолдарын біле бермейміз екен
Оны әлеуметтік желілерде көпшілік сұрап жазған пікірлерден білуге болады.
Жалпы, алтын — өте қымбат металл. Ұлттық банктің ресми сайтында 1 грамм таза алтынның бүгінгі бағасы — 44 685 теңге деп көрсетілген. Бұл алтынның сырға-сақина түріндегі алтындардан айырмашылығы жер мен көктей. Ол өте таза алтын. Сынамасы — 999,9.
Отандық банктерде сатылатын алтын құймалардың салмағы 5 грамнан басталады. Ең үлкені — 100 грамм. Егер бүгінгі бағамен 5 грамдық бір алтын құйма сатып алатын болсаңыз:
5 х 44 685 = 223 425 теңге
10 х 44 685 = 446 850 теңге
20 х 44 685 = 893 700 теңге
50 х 44 685 = 2 234 250 теңге
100 х 44 685 = 4 468 500 теңге
Көрдіңіз ғой, мұндай дүниені сақтау да оңай емес. Әрине, әр адам дүниесін қалай, қайда сақтағысы келсе де өзі біледі. Ол әркімнің өз қалауы. Әрине, үйде көзден таса жерде шағын сейф ұстап, сонда сақтауға да болады. Бірақ ол 100% қауіпсіз деп айтуға тағы келмейді.
Алтын сақтаудың қандай жолдары бар?
Қауіпсіз бір жер болса, ол — банктегі ұяшық (ячейка). Бірақ ол қызмет — ақылы. Қазақстанда ондай қызметті барлық банк ұсына алмайды екен. Әрине, жарнама болмас үшін мен аттарын атамаймын, бірақ ақпарат білейін деп бірнеше банктің call-орталығына шықтым.
Не білдім? Бір банктер ондай қызмет жоқ деді. Ал, сақтау қоймасын ұсынатын банктерде депозитарий ұяшықтың механизмі мен көлеміне қарай баға әртүрлі болып шықты. Көп банктің бірінде 1 күнге 400 теңгеден — 12 айға 110 мың теңгеге дейін барады.
Ұяшықтың мехнизмі жағынан екі түрі бар екен:
- механикалық сейфтік ұяшық
- биометрикалық бақылауы бар ұяшық.
Сейфтің 3 түрі бар екен:
- кіші сейф (биіктігі 100 мм дейін)
- орташа сейф (биіктігі 101-294 мм дейін)
- үлкен сейф (биіктігі 295-600 мм дейін)
Мысалы, бірнеше алтын құйма сақтауға кіші сейфтің көлемі келіп қалу керек. Олай болса, механикалық сейфті таңдасақ:
1 күнге — 400 теңге
1 айға — 5 000 теңге
1 жылға — 39 000 теңге ақы алады.
Биометрикасы бар сейфті таңдасақ:
1 күнге — 1 000 теңге
1 айға — 10 000 теңге
1 жылға — 50 000 теңге ақы алады.
Алтын сенімді инвестиция ма?
Бір нәрсе анық — алтын үнемі өсе беретін металл емес. Жиі қымбаттайтыны рас, бірақ нарықта бағасы бірде өсіп, бірде түсіп тұрады. Салыстырмалы түрде белгілі бір көлемде пайда табуға мүмкіндік беретін инвест-құрал.
Алысқа бармай, соңғы 3 жылдағы «жүрісін» бағамдап көрейік. Ол үшін Ұлттық банктің сайтын қолданамыз. Мысалы, орташа есеппен алтынның 1 грамы минимум:
2021 жылы желтоқсанда — 24 000 теңге болған
2022 жылы желтоқсанда — 26 000 теңге болған
2023 жылы желтоқсанда — 29 000 теңге болған
2024 жылы желтоқсанда — 40 000 теңге болған
Бүгінгі датаға нақты құны — 44 685 теңге. Соңғы 3 жылда 1 грамм алтынның құны минимум 20 мың теңгеге өскен.
Оны былай да көрсетейін. Мысалы, сіз 2021 жылы 480 000 теңгеге 20 грамдық алтын құйма сатып алған болсаңыз, бүгін оның құны 893 700 теңге болар еді.
Алтынға ақша салуға тұра ма, жоқ па — енді оны ойланып, өзіңіз шешіп көріңіз.
Қалай ақша жинап үйренуге болады?
ChatGPT-ден сұрап көргем ғой. Ақылды чат ақыл-кеңесін үйіп-төкті дейсің.
Мынадай тәсілдер ұсынады, оқып көрейікші:
1. Мақсат қоя біл
• Ақшаны не үшін жинағың келеді, алдымен мақсатыңды нақтылап ал: үйге, көлікке, демалысқа, білімге немесе өзіңнің сақтық қорыңа.
• Мақсатыңның құнын анықтап ал да, қажет соманы кезең-кезеңімен жинауға шешім қабылда.
2. Бюджет құра біл
• Ай сайынғы табыс пен шығынды қағазға түсір, анализ жаса.
• 50/30/20 ережесін қолдан:
50% қажеттілікке жұмса (азық-түлік, коммуналдық қызметтер).
30% қалауыңа жұмса (демалыс, ойын-сауық).
20% жинағыңа сал, қарызыңды жабуға жұмса.
3. Ақша жинауды әдетке айналдыра біл
• Әр табыстан міндетті түрде жинағыңа 10-20% бөл.
• Банкте автоматты түрде аударым жасау функциясын пайдалан.
• Арнайы депозит ашып, оған тиіспеймін деп шешім қабылда.
4. Қажетсіз шығындарды азайта біл
• Көшеден тамақтану, бренд киім алу әдетіңді шекте.
• Тауарды жеңілдікпен сатып алуды немесе арзан балама түрлерін таңдауды әдетке айналдыр.
5. Қарыздан құтыла біл
• Ең алдымен жоғары пайыздық қарыздарыңды өте.
• Несие аларда ойлан, оны тек шұғыл шаруаға ғана ала біл.
6. Қаржылық құралдарды пайдалана біл
• Депозит: жинақтарыңды инфляциядан қорғау үшін банктік депозит ашып ал.
• Инвестиция: егер тәуекел етуге дайын болсаң, акция, облигация секілді басқа да қаржы құралдарына инвестиция жасап көр.
7. Мотивацияңды жоғалтпа
• Кез келген жетістігіңді бағалай біл және оны үзбей жалғастыр.
• Жинақтарыңның қалай өсіп жатқанын көзіңмен көріп, мақсатыңа жақындап келе жатқаныңды сезіне біл.
8. Қосымша табыс тап
• Қосымша жұмыс, фриланс немесе хобби арқылы табыс көзін арттыруды ойластыр.
9. Қаржылық біліміңді арттыра түс
• Қаржы тақырыбына арналған кітаптар оқы, курстарға қатыс (мысалы, Роберт Кийосакидің “Бай әке, кедей әке” кітабы).
• Қаржылық жоспар құруға көмектесетін мобильді қосымшаларды қолданып үйрен (мысалы, Money Manager немесе CoinKeeper).
Ең бастысы, осы қағидалар алдында «тәртіпті» болуың керек. Өзіңнің қаржылық әлеуетіңді жақсартуға деген ниетіңді сақтай біл. Уақыт өте бұл әдет өміріңнің айнымас бір бөлігіне айналады.
**? P.S. Ештеңе алып-қосқан жоқпын. Тек мағынасын сақтай отырып сәл ғана өңдедім. ChatGPT бізге жаман нәрсе ұсынбаған секілді. Өзіме келсем, кіріс пен шығысты ерінбей қағазға түсіруді әдетке айналдырып келем. Сосын табысымның (айлық жалақы/премия/көрімдік/байғазы) 10%-ын міндетті түрде жинағыма шегеріп қалам. Шығармашылыққа тән қосымша жұмыс істеймін (мәтін аударам, жарнама оқимын, деректі фильмдерге, еске алуға сценарий жазамын т.б.) Ақша жиналады екен. Сеніңіз. Істеп көріңіз. Ең бастысы, оны айнымас әдетке айналдырып алу керек. Соған берік болсаң, қалтаң да жұқа болмайды.?****@qarzhylyq_sauat
Ұлттық банк базалық ставканы 15,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Дәл осы меже жыл басында болған еді. Содан күні бүгінге дейін ставка 14,25%-ға дейін түсті.
Нарықта және әлемдік экономикада соңғы күндерде болып жатқан жағдай бүгінгі шешімге кәдімгідей әсер еткенге ұқсайды.
Нақты себебін мына жерден оқып білуге болады — https://www.nationalbank.kz/kz/news/press-relizy/17173
14.25%. Базалық ставка жыл соңына дейін өзгеріссіз қалуы мүмкін
«Ұлттық банк базалық ставканы өзгеріссіз қалдырды» деген жазбаларды түрлі ақпараттық ленталардан кезіктірген боларсыз. Мойындаңызшы, құр ақпараттың өзін ғана оқыдыңыз, талдау, түсіндіру жоқ. Нәтижесінде: базалық ставканың не екенін ұқпай қалдыңыз, не жазылғанын, не үшін жазылғанын түсінбедіңіз. Енді соны реттеп көрейік.
Біздің елде ақша-кредит саясатын жүргізетін Ұлттық банк инфляциямен күресу үшін базалық ставканы құрал етеді. Талай жаздық. Бұл ставканың деңгейі сіз бен біз алатын кредиттің де, депозиттің де пайыз «тағдырын» шешеді. Түсіну үшін айтсақ, бүгінгі базалық ставка 14.25% болып тұрғанда, нарықта одан төмен кредит пайызы болмайды деген сөз.
Осы базалық ставкаға қатысты жылына 8 мәрте шешім қабылдайтын Ұлттық банк басшылығы журналистерді жинап, бүгінгі шешімге не түрткі болғанын түсіндіріп берді.
Инфляция. Шілде айында жылдық инфляцияның өскені (8.6%) бар. Демек, елде бағалар кешегіден де шарықтай түсті деген сөз. Негізі ұзақ уақыт бойы инфляцияның қарқыны бәсеңдеп келе жатқан еді. Сол үрдісті ескеріп, Ұлттық банк жыл басынан-ақ ақша-кредит шарттарын жұмсартып көрді.
Мысалы, қаңтарда базалық ставка деңгейі 15,25% болса, шілдеге дейін ол 14.25%-ға түсті. Бірақ, инфляция қайта күшіне мінгесін Орталық банк өз болжамдарын қайта қарауға мәжбүр болды. Себеп?
Елде байланыс пен әуе қызметі қымбаттаған. Жалға берілетін үйлер бағасы да өсе түскен. Осы құбылыстың бәрі шілдеде инфляцияның қарқын алуына түрткі болыпты. Қоғамдық тамақтануда, туризм, өнер саласында қызметті тұтынушылардың шығыны көбейген. Бұның бәрі аталған салаларда инвестициялық белсенділікті күшейтіп, ішкі сұраныстың артуына ықпал етеді деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Демек, бұл үрдіс жалғасатын болса, инфляциялық тәуекелдер тарқаған жоқ деген сигнал болса керек. Осы жайды баяндап, түсіндіріп берген орталық банк басшылығы ақша-кредит шарттарын ендігі жерде жұмсарту қиын, бәлкім, жыл соңына дейін де ұстап тұруымыз ғажап емес дегенге келтірді.
Өйткені Ұлттық банк елдегі инфляция деңгейін 5%-ға түсіргісі келетінін біз әуелден біліп, жазып келдік. Ол мақсатына, әлбетте, ұстамды ақша-кредит саясатын жүргізу арқылы жете алары сөзсіз. Ендігісін алда көреміз. Нарық өзі сондай дүние. Ешкім ештеңені кесіп айта алмайды, тек болжай алады.
Ал, біз жағдайды одан әрі бақылай түсейік. Осы тақырыпта басқа мысалдармен танысқыңыз келсе, біздің бұған дейінгі жазбаларымызға көз салып қоюға болады:
Үкімет пен Ұлттық банк. Инфляциямен күресте қайсысының жауапкершілігі басымырақ? – https://t.me/qarzhylyq_sauat/28
Қазақстанда базалық ставка туралы шешімді кім қабылдайды? – https://t.me/qarzhylyq_sauat/107
*– Жоспарсыз кредит алып той жасау, оңды-солды шашу – бұл дарақылық және жалған намыс. Енді әркімнің өз басы бар ғой. Қазір біреуге ақыл айтсаң, ауырып қалатын заман. Кейбір жағдайларды көріп жүрміз. Ұлан-асыр той жасайды. Бір ай, екі айға жетпей, жастардың арасына жік түсіп жатады. Ол өте ауыр көрініс. Артында миллиондаған қарызы қалады, ортаға түскен шаңырақ қалады...
Ең үлкен өткізген тойларымның бірі – 650 адам қатысқан той болды. Қаладағы ең үлкен мейрамхана кәдімгідей лық толды. Сонда әкесінің әріптестері дегенде 70 адам шықты. Сол әкесінің әріптестері үйленіп жатқан баланы танымайды. Тек әкесін біледі. Келіп жатқан құдаларды танымайды. Ол жастардың тіпті аты-жөнін білмейді. Арада бір ай өткенде емес, тіпті, ертеңіне сол балалардың атын ұмытып қалады. Мысалы, қараңыз, әкесі жұмыста беделді шығар, жақсы қызметкер шығар, бірақ өзінің отбасына қатысы жоқ сол әріптестерін түгел шақыру міндет пе?*
– деп «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» авторына сұхбат берген еді былтыр тарихшы Айшуақ Дәрменұлы.
Ол сұхбаттың:
І БӨЛІМІ – https://t.me/qarzhylyq_sauat/25
ІІ БӨЛІМІ – https://t.me/qarzhylyq_sauat/26
Тойға дайындалып жатсыздар ма?
...Коронавирустың құтырып тұрған кезі еді. Жаңақорған жаққа хабарласып, жеңгеммен сөйлесіп, тойсыз өмір қалай екенін сұрадым.
– Миымыз тынышталып, ақшамызды үнемдеп, жақсы боп қалдық, – деді күліп. Індеттен бұрын аптасына жеті күн тойға баратын. Күйеуінің 250 мың теңге жалақысы тойға кетеді, өзінің 200 мың теңгесімен үйін асырайды. Карантиннің арқасында соның бәрі қалтасында қалған. Оның үстіне өкімет беретін 42 мың 500 теңге тағы бар.
«Коронавирустың да бір пайдасы тиді, тойды тоқтатты» деген көп адамды көрдім. Тойханамызды мектепке береміз, тойы құрысын деп еді біраз кәсіпкер. Бүгінде бәрі таз қалпына түсті.
Бағана ауылдағы кластасыма звондадым. Сауатты жігіт. «Мына, той дегенді тоқтатпасақ, халықты тонап бітетін болды» деді. Ауылда айлықпен жүрген бір жігіт екі айда 500 мың теңге тойға бердім деп қиналып отырған көрінеді. Асып-тасығандығынан емес, амал жоқтықтан берген.
– Тойға заңмен тыйым сала ма, білмеймін, өкімет қолға алмаса, өзіміздің қолдан шығып кетті. Өз бетімізбен тойды тоқтата алмаймыз. Осыны тоқтатса, ешкім қарсы болмайды, – деді кластасым.
Өкімет тойды заңмен тоқтата алмайды. «Той тоқтасын, үйлену тойына 150 адамнан артық қатыспасын» деген министр, я депутат жексұрын болады, қалың қазақ тойдан шаршап тұрса да бәрібір ит терісін басына қаптайды. Ондай «непопулярный» шешімді ешкім мойнына алмайды.
Шілденің соңында ағам баласын үйлендіріп, той жасады. Тойхананың кезегіне сәуірдің басында тұрды. Алматы мен төңірегінде бірде-бір бос тойхана жоқ. Сенбі-жексенбі түгілі, дүйсенбіге де жоқ.
Алматының шет жағына барсаңыз қаз-қатар тізілген небір зәулім ғимараттарды көресіз. Бәрі – тойхана.
Ақтау, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Таразда тойханалардың көшесі бар екен. Басқа қалаларда да солай шығар. Ономастикалық комиссия сондай көшелерге «Дарақылық даңғылы» деген ат берсе ғой.
2013 жылы «Протон» зымыраны құлап, Қармақшы ауданына бардым. Байқоңыр қаласының тура іргесінде Ақай деген ауыл бар. Шаршап, өкпесі өшкен ауыл. Не жол жоқ, не су жоқ. Шыға берісте жалғыз әдемі ғимарат тұр – тойхана екен.
Пәлен мың доллар қарыз алып, ұлан-асыр той жасап үйлендірген баласы бір жыл болмай ажырасып кеткендер де жетеді. Рас-өтірігін білмеймін, үйленгендердің 50 пайызы ажырасады екен. Сонда той не үшін?
Жұрт 30, 40, 50 жасын ертең өлетіндей неменеге жетісіп тойлайтынын түсінбедім. Бұрын ақын-жазушы құмар еді, қазір иттің-итақайы әуес болды.
Наспай кескен, құлақ тескен, қырқынан шығарған, кісен ашқан дейтін бытықы-шытықыларды да ұқпаймын.
«Кит-мит» деп өзін де, өзгені де алдап жүрген біреу әйтеуір.
Интернетте жүр: Қай күні біреу өзіне жапқан шапанды сол жерде лақтырып тастапты. Не үшін лақтырғанын білмеймін, «байғұс шаршаған шығар» дедім.
Құлаққағыс:
Бұл пост бір тойға ақша таппай отырғанда жазылды.
Жазба авторы: журналист Асылхан Мамашұлы
Жалақысы азайған немесе сырқаттанып қалған азаматтың несиесі кешірілуі мүмкін
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға құжат шығарыпты.
Агенттік жеке тұлғалардың берешегін өндіріп алушы коллекторлық компаниялардың өтеу ережелерін әзірлеген, оның ішінде қарызды толық кешіру де бар, деп жазады naryk.kz.
1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болатын құжат түбі қабылданатын болса, қарыз алушы азамат несие төлеу мерзімін, оның ішінде өсімпұл мен айыппұлды өзгерте отырып, кейінге қалдыру және бөліп төлеу кезеңдерінен өтуі керек болады.
Ол кезде төлемді кейінге қалдыру немесе қарызды кешіру туралы өтінішті кімдер бере алады? Олар:
*?АИТВ-инфекциясы салдарынан екі айдан астам мүгедек, III топтағы мүгедектер, туберкулезбен ауыратындар;
?жақын туыстары ауырған немесе қайтыс болған қарыз алушылар;
?апат, өрт, су тасқыны, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер;
?орташа айлық табысы 30% төмендеген ресми тіркелген жұмыссыздар;
?халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жатқызылған немесе отбасында осындай мәртебеге ие мүшесі бар жұмыссыздар.*
Сонымен қатар, жаңа ереже жеке тұлғаларға қарызын өтеу үшін кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуға немесе сатып алушыға борыштық міндеттемелерін бере отырып сатуға рұқсат етуді көздейді.
Сол секілді, өндіріп алынған мүлікті коллекторлық агенттікке беруге де рұқсат етілуі мүмкін.
Тағы да ескерте кетейін, «Ашық НҚА» порталындағы құжат жобасы 1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago