жұлдызды аспан

Description
🍵кел, өзіміз отырып шай ішейік

inst: aigultn
We recommend to visit

Last updated 2 months ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 3 months ago

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Last updated 4 months, 1 week ago

2 months ago

*gallup нәтижесі:

  1. communication
  2. ideation
  3. adaptability
  4. command
  5. maximizer
  6. empathy

енді мен де қоймай осы жайлы айтып жүретін боламын😛*

2 months ago

уақыт - үнсіз жолаушы.ол ешкімді күтпейді, ештеңені елемейді. бірақ ең құнды сырды тек сол уақыттың өзі ғана сақтайды.

2 months ago

*әр арманда қанат бар, бірақ кейбірі ұшады, ал кейбірі шаң басқан бұрышта қалады.

бәлкім, айырмашылық арманның өзінде емес, оған сенетін адамның жүрегінде шығар?*

4 months, 1 week ago

«жылқының қырық атауы болғанымен, тіл байымайды.
тілдің дамығанын көрсететін бір-ақ нәрсе - тілдің кеңістікті игеруі»

4 months, 1 week ago

білмеймін, айналаның бәрі құдды бір махаббатқа тіреліп қалғандай.
жүрген жер, жазған ән, неге бәрі бір сезім үшін?
қынжылдататыны - сол баяғы екі адам арасындағы сезім туралы.
неге ата-анаңа, өзіңе, айналаңа деген кіршіксіз махаббат жайлы сөз жоқ?
үнсіз…

мүмкін, адамдар махаббатты тым тар шеңберге сыйғызып қойған болар?
екі жүректің байланысын ғана емес, әрбір демнің, әрбір күннің құндылығын көруді ұмытқан шығар.
анаңның еркелеткен сәті, досыңның қалжыңы, кешкі аспандағы жұлдыздардың жарығы - бұлар да махаббаттың көрінісі емес пе?
жоқ, біз оны байқамаймыз. адамдардың көздері тек «ерекше біреуді» іздеумен шаршаған.

бірақ менің ойымша, махаббат ол - әрбір тыныс.
анаңның кешке: «шаршап қалмадың ба» деген сұрағы,
досыңның «саған мына жер ұнайтын шығар» деп көңіліңді табуға тырысуы,
тіпті өз-өзіңе сыйлаған жалғыз уақыт - бұл махаббат емес пе?

адамдар үнсіз, өйткені мұндай махаббат туралы сөз айтуға «мәдениет» жоқ секілді.
ал шын мәнінде, сол махаббат - ең шынайысы, ең нәзігі.
құндылығы түсініксіз болса да, жүректі мәңгі жылытып тұратын бір сезім.

4 months, 1 week ago

finals week:

did i finish the exam?
or did the exam finish me?

7 months ago

It’s always 'someone', but never 'you'.

7 months ago

а солнце светит всем одинаково, и зря ты, моя девочка, плакала**

7 months, 1 week ago

*бергеніңде бір хайыр, бермегеніңде мың хайыр бар…

бұйырмады деп мойымаңыздар, алдыңыздан әлі мың есік ашылады.*

10 months ago

ризық - тек ақша мен табыс емес.

айналаңда жақсы жандардың болуы, олардың риясыз пейілі мен саған деген шексіз мейірімі.

бүгін құрбым айтқандай:
«сен өз ортаңда жүрсің ғой дәл»
және оның да менің айналамдағылардың маған деген ілтипатын көріп қуануы - ♥️

білмеймін уақыт өте айналам өзгерер, біреу кетіп, біреу келер.
бірақ білетінім: керек орта мен жерде менің көзім алаулап жанатыны және оны өзгелердің көре алатыны.

We recommend to visit

Last updated 2 months ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 3 months ago

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Last updated 4 months, 1 week ago