ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

Description
Қазақстан Жазушылар одағының ресми телеграм каналы

Официальный телеграм-канал Союза писателей Казахстана

Official telegram channel of the Writers' Union of Kazakhstan
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 3 weeks, 4 days ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month ago

1 month ago
1 month, 1 week ago

«Ғасырлар ғұламалары және Түркістан» тақырыбындағы пленум қазақ әдебиеті мен руханиятына жаңа серпін беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын арттырған шара болды. Түркістанның тарихы мен мәдениетін жаңаша қырынан танытуға бағытталған бұл жиын жазушылар мен зиялы қауымның бірлескен күш-жігерін көрсетіп, әдебиет пен рухани дамудың алтын көпіріне айналды.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

1 month, 1 week ago

«Ғасырлар ғұламалары және Түркістан» көшпелі пленумы өтті

4 желтоқсан күні Түркістан қаласында Қазақстан Жазушылар одағы мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен жобасы аясында «Ғасырлар ғұламалары және Түркістан» тақырыбында ерекше маңызға ие көшпелі пленум өтті. Келелі жиынға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысып, рухани-мәдени мәселелерді талқылады. Пленум барысында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы, белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов ұйымның атқарған қызметтері, алдағы жоспарлары және көшпелі жиынның мақсаттары туралы баяндап өтті. Оның айтуынша, бұл пленум ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды дәріптеуді, сондай-ақ Түркістанның тарихи-мәдени рөлін тереңірек танытуды көздейді.Сондай-ақ ол: «Бүгін біз «Әділетті Қазақстан» идеясын талқылай отырып, ұлы ғұламалардың даналығы мен Түркістанның рухани маңызын жаңа заманға бейімдеуге жиналдық. Түркістан — тарих пен мәдениеттің куәсі ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Ясауи: «Кісі өз кемшілігін түзеп, рухани кемелденеді» деген. Бұл әділетті қоғам құру жолындағы басты қағида болуы тиіс. Әл-Фараби: «Әділеттілік — барлық нәрсенің негізі» деп, заң үстемдігі мен теңдіктің қоғамдағы маңызын көрсеткен. Ал Ибн Сина: «Әділетті қоғамда әр адам өз қадіріне сай орнына ие» десе, әл-Газали әділеттілік арқылы ішкі үйлесімділікке жетуге болатынын айтқан. Абай Құнанбайұлының: «Адам болам десең, арлы бол» деген өсиеті де әділдік пен адамгершілікке негізделген қоғамның маңызын көрсетеді. Біздің міндетіміз — әдебиет пен мәдениет арқылы ұрпақ санасына әділеттіліктің биік үлгісін сіңіру. Ұлы ғұламалардың даналығын негізге ала отырып, «Әділетті Қазақстан» идеясын алға жылжытып, рухани жаңғыру мен теңдікті қоғамға енгізу жолында күш салуымыз қажет» - деді. Мереке Құлкенов жүргізген жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Шерхан Талап министр Аида Балаеваның арнайы құттықтау хатын оқып, жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы жиынның маңыздылығы мен оның рухани жаңғыруға тигізер ықпалы жайлы өз ойларын ортаға салды.

Пленумда баяндамашылар рухани, тарихи және әдеби тақырыптарды қамтитын өзекті мәселелерді қозғады. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек: «Қазақ әдебиетін әлемге танытудың алтын қақпасы» тақырыбында әдебиет арқылы Қазақстанды әлемге танытудың маңызына тоқталып, ұлттық әдеби мұрамызды жаһандық деңгейде насихаттау мәселесін көтерді. Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов «Ғұламалар, заманалар, жылдар» тақырыбында түркі дүниесінің ұлы ғұламаларының мұрасы мен олардың замана көшіндегі орны жайлы кең ауқымды шолу жасады. Филология ғылымдарының докторы Серік Елікбай «Әділетті Қазақстан: Әулие Мәшһүр феномені» тақырыбында ұлттық тарих пен әдебиеттегі әділеттілік концепциясын Әулие Мәшһүр Жүсіптің шығармалары арқылы көрсетті. Ал Дінтанушы ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек «Қазақ халқының рухани-мәдени болмысының қалыптасуына Қожа Ахмет Йасауи ілімінің ықпалы» тақырыбында Түркістанның рухани орталық ретіндегі маңызын Йасауи ілімі негізінде түсіндіріп, ұлттық болмысқа оның қосқан үлесін атап өтті. Пленумның ресми бөлімінен кейін қатысушылар Түркістанның мәдени-рухани атмосферасын сезінуге мүмкіндік алды. Құрметті қонақтарға жергілікті өнерпаздардың қатысуымен «Алқоңыр» және «Самғау» би ансамбльдерінің көркем концерттік бағдарламасы ұсынылды. Ән мен жырдан шашу шашқан кеш көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе, композитор Шерхан Әлібектің жергілікті ақынның сөзіне жазылған «Кешіріңдер, адамдар» әнін орындауы жүректерге жылы тиіп, ерекше әсер қалдырды.

3 months, 2 weeks ago

ЖАЗУШЫЛАР БЕРДІБЕК СОҚПАҚПАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНДА
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов бастаған қаламгерлер делегациясы Алматы облысы Нарынқол ауданында өткен қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған шараларға қатысты.
Мерейтой бағдарламасы шеңберінде «Бердібек әлеміне саяхат» театралды қойылымы, «Болмысы бөлек Бердібек» конференциясы, «Ұлт әдебиетінің алыбы» атты республикалық ақындар айтысы, гала-концерт, спорттық ойындар, бәйге ұйымдастырылды.
Нарынқол ауылында Бердібек Соқпақбаевтың ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Рәсімге жазушылар делегациясымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Парламент депутаттары және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Мерейтойлық шарада сөз сөйлеген Мереке Құлкенов Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойының ЮНЕСКО аясында әлемде және еліміздің түкпір-түкпірінде аталып жатқанын еске салып, жазушының қазақ әдебиетіндегі бірегей рөлін атап өтіп, оның қиын тағдырының тағылымды кезеңдеріне тоқталды. Советтік жүйе тұсында үстемдік еткен социалистік реализмнің қасаң талаптарына бағынбаған қаламгердің шығармашылығының ерекшеліктерін атап өтті.
Өз сөзінде ол жазушының «Балалық шаққа саяхат» шығармасында суреттелген Алматы облысының көрікті жерлеріне балаларға арналған арнайы тағылымдық-туристік маршрут ұйымдастыру идеясын ұсынды.
     Екі күнге созылған мерейтойлық шараларға қатысып, сөз сөйлеген ақын-жазушылар оқырмандарымен қауышып, қазіргі қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағын тағы да бағдарлап қайтты.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз орталығыhttps://t.me/zhazushylar_odagy

3 months, 4 weeks ago

ТҮРКСОЙ – Қазақстан Жазушылар одағының сенімді серіктесі

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Алматыда Түркі мәдениеті халықаралық үйымы (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.
«Биыл жазда біздің делегация Анкарада ТҮРКСОЙ штаб-пәтерінде болған еді. Бұл кездесу сол сапардың жалғасы іспеттес» - деп сөзін бастаған Мереке Құлкенов ТҮРКСОЙ-дың түркі халықтарының рухани байланысын нығайтудағы ролінің ерекше екенін атап өтті.
Әңгіме барысында туысқан халықтардың әдеби ынтымақтастығын нығайту, түркі дүниесінің ақын-жазушыларын күллі әлемге таныту жобалары талқыланды.
«Түркі халықтары бір-бірінің әдебиетін біле бермейді, осы кемшілікті жоюда көптеген жұмыс атқаруымыз керек», - деген Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы бірқатар нақты жобаларды ортаға салды. Соның ішінде түркі әлемі әдебиетінің бас сыйлығы - "Тұран" сыйлығын тағайындау жөнінде бастама көтерді.
Бұл ұсыныстар биыл қазан айында Ашхабадта өтетін түркі мемлекеттері жазушыларының бас қосуында талқыланып, нақты шешімдер қабылданатын болып ұйғарылды.
Өз кезегінде Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ өз қызметінде Қазақстан Жазушылар одағымен мейлінше тығыз байланыста жұмыс жасап, ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

4 months ago

Қаламгер-руханият шырақшысы
           А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 11 қыркүйек 2024 жылы салтанатты жиын болды.
          Салтанатты жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет», 1  дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы - Құлкенов Мереке Әбдешұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик – Сыдықов Ұлықпан Есілханұлы, жазушы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары – Ғалым Қалибекұлы сынды тұлғалардың қатысуымен өтті.  
            Кештің мақсаты  - өңіріміздегі қаламгерлерді Жазушылар одағына мүшелікке қабылдап, жастарға  қолдау көрсету.
            Салтанатты жиынды жазушы-публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілі- Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы ашып, жыл көлемінде филиалдың атқарған жұмыстарына тоқталды.
            Келесі сөз кезегін алған Мереке Әбдешұлы Қазақстан Жазушылар одағында қолға алынған жаңа жобалар туралы таныстырды.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы стратегиялық әріптестікті іске асыру аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «ТМД Елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты үш маңызды жобаның қолға алынғаны туралы  мағлұмат берді.
          «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында істелетін жұмыстар жайында баяндады. Бұл жоба бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен талантты 20 жас қаламгер таңдап алынып, оларды еліміздің әр облысына атандырып, өздері бұрын аяқ баспаған өлкелер туралы кітап жазуға мүмкіндік берілетінін және олардың бәріне қаламақы төленіп, кітаптары шығарылатынын айтты. Аталмыш жобалардың мазмұны мен мақсаты, өткізу жолдары туралы кеңінен әңгімелеп, таныстырды. Бұл мәлімет жиынға қатысушылардың қызығушылығын туғызды.
             «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі»  атты жобада  жас жазушылардың білімін көтеру мәселесіне тоқталды. Ол бұл мәселенің болашақта ашылуы тиіс әдебиет институтының алғышарты екенін айта отырып, жас қаламгерлерге қазақ және дүниежүзілік сөз шеберлерінің шығармашылық лабораторияларымен таныстырудың, сондай-ақ шеберлік сабақтарының қандай пайдасы тиетіні жөнінде кең түрде әңгімеледі. Жас қаламгерлерге дәріс беру үшін елімізден және өзге елдерден білікті мамандар тартылып жатқанын айтты. Осы жобаға қатысып білімін жетілдіріп келген ақын Естай Жаңабайұлы осы жобадағы жағымды жаңалықтармен бөлісіп,  жас таланттарға мүмкіндік туғызып, өзінің шығармашылық кеңістігін кеңейту үшін осындай мүмкіндіктер жасағанына ризашылығын білдірді. Жазушылардың шығармашылығын дамытуға жарқын жол ашатынын жоба екендігіне тоқталды.
             Салтанатты жиында шығысқазақстандық қаламгерлер Талғат Қашқынбаев, Естай Жаңабай, Оразай Жеңісұлына Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өткендігі туралы куәлік тапсырылды.
             Одақтағы басқарма мүшелерінің қолға алған жаңа бір жобасы - 12-20 жастағы дарынды жасөспірімдер Жазушылар одағына үміткер бола алатыны туралы  жоба. Жас үміткерлерді Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке кандидаттыққа қабылдау. Шығыс Қазақстан облысынан Тоқтамұратова Ботагөз Бекболатқызы (Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп лицей-интернаты), Идаятов Расул Ринатұлы (Жамбыл атындағы мектеп гимназия интернаты), Закен Құрмет Құралханұлы (Жамбыл атындағы мектеп гимназия интернаты) аталмыш куәліктердің иесі атанды.
              Мерейтой иелері танымал ақын Бақытжан Раисова мен жазушы-журналист Жәнібек Қызыр «Құрмет» грамотосымен марапатталды. Соңында Қазақстан Жазушылар одағы өкілдерінің жергілікті ақын-жазушылармен еркін сұхбаты өткізілді.
             Сыр мен жырға толы кеш қонақтардың ізгі тілектерімен, алдыңғы буын ағалардың өнегелі әңгімелерімен жалғасын тапты. Кітапхана өз кезегінде келген қонақтарға «Абай әлемі» сериясының жаңа кітаптарын таныстырды.

Қазақстанның құрметті кітапханашысы,
Мәдениет саласының үздігі,
«Еңбек ардагері» медалінің иегері                             Уалханова Рақия Нұралықызы

6 months, 1 week ago

Шара соңында арнайы  сыйлықтар таратылып, барлығы естелікке суретке түсті.

6 months, 1 week ago

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайт Юсуф Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкеновті арнайы қабылдады. Төраға бастаған делегацияда Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы мен кеңесшілері - Әміржан Қосанов және Қанат Сәнік болды.

Қабылдауда сөз бастаған Сайт Юсуф Қазақстан Жазушылар одағы басшысын қонақ ету үлкен мәртебе екенін жеткізді.

«Сіздерді ТҮРКСОЙ шаңырағында қонақ ету – бүкіл Қазақстан жазушыларын, әдебиет майталмандарын күтумен тең. Қош келдіңіздер! Сөзімді бастамас бұрын сіздерді биыл жыл соңына қарай Түрікменстанда өтетін ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының дәстүрлі кеңес отырысына шақырамын. Ол жерде түркі мемлекеттері Жазушылар одағының Төрағалары болады. Ұсыныс-тілектеріңіз болса, сол жерде талқыланады. Ал одан кейінгі басқосуымыз 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді. Ол кезде сіздермен бірлесіп, басқосу ұйымдастыратын боламыз», - деген ол талап-тілектерді тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Сайт Юсуфтан соң Мереке Құлкенов түркі әлемі жазушыларын насихаттап, таныту үшін өзгеше ой қозғады.

«Мәселен түркі әлемі жазушыларының ішінде «Нобель» сыйлығын алған тек  Орхан Памук. Оның кітаптары бірнеше тілге аударылды. Сол үшін де танымал. Осы іспеттес көптеген талантты жазушыларымыз бар. Солардың кітаптарын түрлі тілдерге тәржімаласақ, бірнеше «Орхан Памукты» жасап шығара аламыз. Қазақстандағы жазушылардың туындыларын түрік тіліне, ал Түркиядағы жазушылардың шығармаларын қазақшаға аударсақ, сол кезде ғана бір-біріміздің әдебиетіміз, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден хабардар болып, жақыннан тани түсеміз», - деді М.Құлкенов.

Одақ Төрағасының бұл сөзін қос қолдап құптайтынын айтқан Сайт Юсуф түркі тілдес елдердегі жас жазушылар арасында жарыс өткізуді ұсынды.

«30-35 жасқа дейінгі жастардың арасында арнайы тақырып беріп, оларға белгілі бір бағытта шығарма жазғызуға болады. Не болмаса өздерінің дайын туындысынан да дода ұйымдастыра аламыз. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық беріп, әрі кітабын тәржімалап, жарыққа шығаруға болады», - деген ой айтты.

Екі жарым сағатқа созылған кездесуге екіжақты көптеген жоба ұсынылып, жан-жақты талқыланды. Сайт Юсуф қонақтардың қабылдауға келгеніне алғыс білдіріп, ақ жол тіледі.

Бұл басқосудан кейін делегация Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры, Түркия Жазушылар одағының Төрағасы Мұса Казым Арыжанның қабылдауында болды. Басқосуда Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті мен Қазақстан Жазушылар одағы және Түркия Жазушылар одағы 2 меморандумға қол қойылды. Меморандумда екіжақты іс-шараларды ұйымдастыру шарттары мен жайлары көрсетілген. Мұса Казым Арыжан мұндай меморандумға алғаш қол қойып отырғанын, және ол Қазақстан болғанына өте қуанышты екенін атап өтті.

«Біз дәл қазір Қазақстан Жазушылар одағымен үлкен құжатқа қол қойып отырмыз. Осыдан кейін Қазақстандағы жазушылар, әдебиетшілер, зерттеушілер және университеттермен жұмыс жүргізер болсақ, Қазақстан Жазушылар Одағымен байланыса отырып ұйымдастырамыз. Алда істелетін шаруа шаш етектен. Түркі әлемі үшін бірлесіп, алда көптеген жұмыс жүргізетін боламыз. Мен өте қуаныштымын. Сәттілік тілеймін! Рахмет сіздерге!», - деп М.К Арыжан бауырлас елге деген құрметінің шексіз екенін жеткізді.

Мұса Казым Арыжан сондай-ақ бас қосу өтіп жатқан шаңырақтың маңыздылығына тоқталды.

«Бұл киелі қара шаңырақ - сонау Түркия Республикасы құрылған шақтағы лидеріміз Мұстафа Кемал Ататүрік министрлердің басын қосқан киелі ордасы. Алғашқы министрлер үйі десек болады. Дәл қазір сіздер Түркияның жүрегі – Анкарада, Анкараның жүрегі – Ұлыс ауданындасыздар. Бұл жер – республикамыз құрылған жылдары мәжілістердің орналасқан, ел үшін маңызды шешімдер қабылданған жер. Сол үшін де сіздерді осы қарашаңырақта қабылдауды жөн көрдім. Біз үшін сіздерді осында күту – үлкен мәртебе», - деген ол проректордан бастап, Түркия Жазушылар одағының мүшелерімен таныстырды.

Мереке Құлкенов те өз орынбасары Ғ. Қалибекұлы мен Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының кеңесшілері – Ә. Қосанов және Қ. Сәнікті арнайы таныстырып өтті.

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 3 weeks, 4 days ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month ago