Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

KazTech

Description
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 3 weeks ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 6 days, 15 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month, 2 weeks ago

2 months, 3 weeks ago

Samsung Galaxy S24 Ultra / Galaxy AI - толық репорт. Бұл серия бойынша бірнеше пост шығады - әр аспектті қамту үшін. Galaxy AI смартфонның қай функцияларында қолданылады? 👇 – Ұялы қоңыраулар. AI арқылы speech-to-text, дауыс (сөйлеу) фокусы, және AI арқылы…

2 months, 3 weeks ago

Samsung Galaxy S24 Ultra / Galaxy AI - толық репорт. Бұл серия бойынша бірнеше пост шығады - әр аспектті қамту үшін.

Galaxy AI смартфонның қай функцияларында қолданылады? 👇
Ұялы қоңыраулар. AI арқылы speech-to-text, дауыс (сөйлеу) фокусы, және AI арқылы автоматты түрде жауап беру;
Studio / Сурет өңдеу. AI арқылы суреттен керек емес заттарды алып тастау (Шыны керек S21 Ultra-дан бері бұл функция on-device нативті жұмыс істейді), slow-mo видео жасау кәдімгі видеодан;
Samsung Notes / Samsung Browser. Веб-парақша немесе заметка жайлы қысқаша түсіндірме жазу. Заметкада тек бөліктермен ғана жасауға болады.
Video Call Effects. WhatsApp, Telegram, Facebook, Zoom, т.б. бейне қоңырау шалу қолданбаларында қосымша видеопроцессинг. Яғни, сіздің бетіңізді әдемі қылады, артыңыздағы фонды алып, сурет қояды, немесе блюр жасайды. Шыны керек бұл функция Google Meet пен Zoom-ға нативті түрде кіріктірілген, ал барлық қолданбаларға арнап оны Samsung сонау Galaxy S20 кезінде шығарған-ау деймін. Өйткені S21 Ultra-да бұл функция бар.
Samsung Keyboard. Текст стилін өзгерту (ауызекі, ресми, т.б), орфографиялық қателерді түзеу, грамматикалық қателерді түзеу.
Voice Recorder. Speech-to-text + қысқаша тезистерге бөлу;
Аудармашы.** Сізге қоңырау шалған адам, мысалыға, кәріс пе? Онда оның айтқанын аудармашы шынайы уақыт режимінде сізге түсінікті тілге аударып, дыбыстап тұрады. Және наоборот.

Ал енді, шыны керек - осы функциялардың 90% ескі (хей, ондай қатты ескі емес қой 😆) Samsung девайстарында бар. Олар - фотодан заттарды өшіру, speech-to-text, video call effects. Ал жаңа апдейт S23 пен Tab S9 сериясына осы функцияларды толық жеткізеді.

Постты жазу уақытында бұл функциялар қазақ тілін қолдамайды. Ал егер соңғы жаңалықтарға сенсек, Galaxy AI функционалы келесі жылда жазылым бойынша, яғни ақылы жұмыс істейтін болады дейді.

#Samsung / #GalaxyAI / #Шолу
———
@kz_tech
@kztech_chat

2 months, 4 weeks ago

Негізі көбірек және толықтыра жазар едім, бірақ Қазақстанда шыққанын күте тұрайын, техника дүкеніне апарып қойғанын) Сол жерде шұқылап, ұстап көргеннен кейін толығырақ жазамын 🤡

4 months ago
4 months ago

Samsung Galaxy S24 Ultra және Galaxy AI. Бірінші көзқарас. TL;DR – Егер Galaxy S23 Ultra смартфонының иесі болсаңыз, S24 Ultra-ға көшпей-ақ қойыңыз. S23 Ultra одан жақсырақ. Ең ұнамаған зат S24 Ultra-да бұл – жайық экран. Яғни, майысқан экран емес. Жалпы…

5 months ago

Қазіргі таңда, біздің еліміздің қалаларының көп жерлерінде белсенді түрде 5G желі стандарты енгізілуде.

Сонымен, 5G бізге не береді? TELE2, Activ, KCell, Beeline, Kazakhtelecom JSC былай дейді:
– Ойындардағы өте төмен ping;
– FullHD / 4k видеоларды оңай түрде ағымда көру/жіберу (стриминг);
– Өте тез жүктеу/салу жылдамдығы.

Бірақ че-та әзірше мүлдем бұлай емес сияқты мәселе.

5G-ді негізі қолданып көрдім, Алматы қаласында. Нәтижелер (Activ/Galaxy S23 Ultra):
- Dostyk Plaza: 440Mbps D / 120Mbps U;
- FORUM Almaty: 590Mbps D / 240Mbps U;
- Үй жағымда (Абай д-ғылы): 130Mbps D / 40Mbps U;
D - жүктеу жылдамдығы, U - интернетке жүктеу жылдамдығы.

Бірәқ нағыз тесттерде (қолданба жүктегенде, онлайн ойын, т.б) өзін басқаша көрсетті - иә, жаманырақ нәтижелер (FORUM Almaty):
— Ойын жүктеу, Play Store, 2GB: 5мин;
— Ping, Genshin Impact, EU Server: 160;
— Видеолар: 100/100. Барлығы тез. Бірақ шыны керек үйде де 4G/LTE дәл солай тартады :);
— Torrent: 4G-дан мықтырақ, бірақ бұл енді Seeder-лер мен Peer-лерге байланысты.

Ал, енді тағы да сол ALTEL, Activ-терден жарнамаларын көріп жатсам, 5G SIM роутерлерді сата бастапты. Бағалары 60-80k KZT (қазір акциямен, 32k, 15 қаңтарға дейін, 2024ж), сондай, ал 1Gbps-ке дейінгі жылдамдықты уәде етеді екен.

Бірақ сол 5G роутерді алуға стоит па деймін де. Өйткені, менде қазір ALTEL 4G (Huawei) CPE Cat60 WiFi SIM тұр, максималды жылдамдық - 300Mbps, 4G LTE, және 64 құрылғыға дейін қолдайды.

Бұл роутерге 2 IP Камера, 1 PS5 (Ethernet) және басқа да құрылғылар жалғанған. Және соның өзінде, біреу фильм көріп жатса, ал PS5 мысалыға RDR2 жүктеп жатса да, 2-3 сағат ішінде жүктеп береді ана ойынды (117ГБ). Ал Genshin Impact-та 123-98 ping болып тұрады. Тіпті GTA Online-ге де осы ping жетеді.

Сонда, 5G роутерге ауысуға тұрарлық па деп ойлайсыз ба? Ойларыңызды пост астындағы пікірлерге жазып кетіңіз. Бірге талқылайық!

#роутерлер
———
@kz_tech
@kztech_chat

5 months, 2 weeks ago

Осы МВФ-тегі қансорғыштардың айтатыны бар еді ғой, көмірқышқыл және карбон газдарының бөлінуін 2030-шы жылға дейін 40-50%-ке дейін түсіру керек деп? Сол өте күлкілі ше негізі 🤣

Егер осы кісілерді шынымен де экология солай қатты уайымдатса, неге олар ноутбуктердегі аналық тақтаға кіріктіріліп қойылған оперативтік жадыға және дисктерге тыйым салмайды? Ол үшін тек оперативтік жадының SO-DIMM форматынан кішірек форматты стандарт ретінде бекітсе ғана жеткілікті ғой, әсіресе қазіргі жаңа ноутбуктарда тек 2-ақ RAM чиптері болғандықтан.

Бұған қоса мысалы, ноутбук және смартфон батарейкаларын алынып-ауыстырылатындай да жасауға болар еді, ескі телефондар мен ноутбуктердегідей. Бірақта олар олай істемейді ғой. 😁

#IMF
———
@kz_tech
@kztech_chat

5 months, 4 weeks ago
***⚙️*** **ТОП-10 Жартылай өткізгіштер провайдерлері және …

⚙️ ТОП-10 Жартылай өткізгіштер провайдерлері және өндірушілері.

Тайвань компаниялары, әсіре TSMC, әдеттегідей бірінші орында тұр. Одан кейін Оңтүстік Корея (Samsung), және басқа елдер кетеді.

#статистика
— — —
@kz_tech
@kztech_chat

9 months, 3 weeks ago
9 months, 3 weeks ago
**I ***❤️*** Canada** ***👍***

I ❤️ Canada 👍

#мем

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 3 weeks ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 6 days, 15 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month, 2 weeks ago