Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

jazuşy emes.

Description
Ömırge menıñ közımmen qara.

Әкімгер: @azirgejalgyz

Арна админнің иманының бейнесі не дәлелі емес!
Advertising
We recommend to visit

Ömırge menıñ közımmen qara.

Әкімгер: @azirgejalgyz

Арна админнің иманының бейнесі не дәлелі емес!

Last updated hace 2 semanas, 2 días

2 weeks, 2 days ago

Нұрсұлтан ұстаздың атышулы, трендтегі «Ғаламның жауһарлары» атты кітабын аяқтадым.

Жалпы кітапты екі бөлімге бөлуге болады: алғашқы бөлімде адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) абзалдығы жайында айтылса, екінші бөлімде ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмбетінің (яғни, біз 😁) ерекшеліктері жайлы сөз болады. Жалпы, соңғы Елшінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) алдыңғы пайғамбарлардан біршама ерекшелігі, ал соңғы үмбеттің алдыңғы қауымдарға қарағанда біршама үстемдіктері бар екен.

Кітап бар болғаны 150 беттен тұрады, оқуға жеңіл, бір деммен оқып шығуға болады.

📖«Ғаламның жауһарлары»
© Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы

Баға: 9/10

+11📚

2 weeks, 3 days ago

Pain is not always in tears, sometimes its also present in smile.

@yanafsu

2 weeks, 4 days ago

Кеше өзімнің көптен бері оқығым кеп жүрген кітапты аяқтадым.

Стиг Ларссонның «Айдаһар таңбалы қыз» атты кітабын оқу көптен бергі қалауым болатын, сол қалауды да орындадық.

Кітап мазмұны бойынша, Хенрик Вангер, «Вангер» компаниясының экс-директоры соңғы уақытта дау-дамай арасында қалып, беделінен айырылған журналист Блумквистке ерекше тапсырма береді. Басты міндет - 36 жыл бұрын жоғалып кеткен Хенриктің немере қызы Харриеттің құпиясын ашу. Бұл тапсырма үшін Блумквистке миллиондаған ақша ұсынылады. Басында мұндай қиын құпияны ашатынына сенімсіз болған Блумквист істі зерттей келе Харриеттің жоғалуы Швецияда орын алған адам нанғысыз кісі өлтіру қылмыстарына тікелей қатысы барын анықтайды. Дегенмен, құпияны ашуға сәл қалғанда Блумквисттің өзінің өміріне қауіп төнеді. Бірақ, Харриет құпиясының ашылғанын қаламайтын кім болды екен?

📖«Айдаһар таңбалы қыз»
©Стиг Ларссон

Баға: 9/10

+10📚

2 months, 2 weeks ago

💡
Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

©️Ахмет Байтұрсынұлы

2 months, 2 weeks ago

💡Ойыңды түзеймін десең - АБАЙДЫ оқы,
сөзіңді түзеймін десең - ӘУЕЗОВТІ оқы,
мінезіңді түзеймін десең - МОМЫШҰЛЫН оқы,
санаңды түзеймін десең - ӘЛ-ФАРАБИДІ оқы, ал қазіргі қоғамға деген көзқарасыңды түзеймін десең...
-замандастарыңды оқы.
Әсіресе, журналистиканың қара қазанында қайнаған, ел-жұрттың қамын ойлаған, жүрегі мен тұла бойында патриоттық сезімі қайнаған ЖІГІТ-ҚЫЗДАРДЫ оқы. Олар кәнігі тамыршыдай диагнозды дәл қояды, танымыңды кеңейтеді, ойыңды тереңдетеді.

©️Бейсен Құранбек

2 months, 2 weeks ago

Әдемі дұға

Иа, Раббым...
Кандай амал жасасамда сенің дидарыңды көздеп жасайын. Мені жалғыз қалдырма.
Өзін нәсіп қылған несібеңді берекелі ет.
Журегімдегі дүниелік уайымдарды кетіріп, оны езіңмен толтыр, әрі жузімді
нұрландыр...

2 months, 3 weeks ago

Ей нəпсім, маған мойынсұнасың сен əлбетте.
Ант ішейін, бүгін шəһид боламын мен қайткенде.
Сен көнесің өлімге, бұған разы боласың
Мəңгі өмірге разы болмас қай пенде.
Бұл соғыста жан бермесең егерде,
Айтшы нəпсім, Өлмейтұғын адам бар меді өмірде.
Жафар бин Əбу Талиб, Зəйд бин Харистер,
Бəрі шəһид, бəрі жетті мəреге.
Ей нəпсім, тоқтама сен, алға ұмтыл, Сонда ғана жетесің сен кəдеңе
.

©Абдуллах бин Рәуаханың Мутә соғысында шайқасып жүріп айтқан өлеңі

P. S. Мутә соғысында саны үш мыңды құрайтын мұсылман әскері 100 мың кәпірге (!) қарсы шайқасқан екен)

2 months, 3 weeks ago

14-күні "Кітап сыйлау мерекесін" біраз ахи жігіттеріміз сылтауратайын деп тұр ғой)

Не надо так, палевно)

2 months, 3 weeks ago

Асығып аптығып жүріп, ашудың асау ағысына ерік берем деп жүріп, осы бір сырты бүтін, іші түтін болған мендік қуысты есіңнен шығарып алдың ғой деймін. Жарайды, ештеңе етпес, бұл бұрыштан шығудың жолы да айлы түндегі даладай анық көрініп тұр, себебі. Қыстамаймын ғой, қалауың - таңдауың. Әр адамның жеке өмірі бар екенін естен шығарғанымды есіме тағы да бір рет алып отырмын, бұрышымды шимайлап отырып. Айып етпессің, бұл жаққа саған білдірмей алып келген өзім едім. Күндердің күнінде келетін орның ғой, қанша дегенмен. Бұйырса.

3 months ago

Кейде басымнан гөрі, қолым бірінші жұмыс істеп кетеді.

@qyzyqqanym

Ал кейде ауыз)

We recommend to visit

Ömırge menıñ közımmen qara.

Әкімгер: @azirgejalgyz

Арна админнің иманының бейнесі не дәлелі емес!

Last updated hace 2 semanas, 2 días