Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Егер өзіңе жақсырап қарағың келсе қолыңды топыраққа толтыр.
Расында сен содан жаратылдың,
соған ораласың және
сол жерден Алланың құзырына қайтадан шығарыласың
© Әбулфараж Әл жәузи ( Алла рақымына алсын).
📚 «التذكرة في الوعظ»
Қасиетті Құранмен қарым-қатынаста сақтау қажет әдептер:
Құранның үстіне кітап немесе қағаз қоймаңыз.
Құранға сүйенбеңіз.
Отырғанда, Құран алдында аяқтарыңызды созып отырмаңыз.
Құранның ішінде қағаз, ақша немесе басқа заттарды сақтамаңыз.
Құранды біреуге ұсынғанда құрметпен беріңіз, лақтырып немесе итеріп бермеңіз.
Құранды жерге қоймаңыз (тіпті кілемнің үстіне болса да).
Құранды күн сәулесі әсер етіп, бүлініп қалатын жерде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Құранды жастықтың астына қоймаңыз.
Құранды кез келген кітап сияқты немқұрайлы ұстамаңыз; Алланың сөзі екенін сезініп, құрметпен қараңыз.
Құранды досыңызға үстелден итеріп бермеңіз, оны әдеппен қолына беріңіз.
Құран – Алланың қасиетті кітабы. Оған деген құрмет – иманның белгісі.
©Шейх Ратиб ән-Наблуси
غيبة الخلق إنما تكون من الغيبة عن الحق
Адамдарды ғайбаттауың - Хақ болған Аллаһтан ұзақтап кеткеніңнің белгісі
Бұл өлең жолдары адамгершілік пен адалдықты, кісі ақысын өтеп, әділдік жолымен жүруді насихаттайды. Әр жолын кеңірек талдап көрейік:
“Қажылар бул кунде жүр көп сарсаңда,”
Қазіргі заманда қажылыққа барып, діни парызын орындауға ұмтылатын адамдар көбейгенін баяндайды. Бірақ олардың арасында шынымен адал ниетпен барушылар аз болуы мүмкін деген ойда.
“Екі ұйдің бірі қажы бұл қарсаңда.”
Бұнда қажылыққа бару кеңінен таралғаны және оны орындаған адамдардың көбейгені туралы айтылған. Бірақ бұл сандардың көп болуы шынайы адалдық пен рухани тазалықты білдірмейді.
“Өтемей кісі ақысын құтылмайсың,”
Қажылыққа бару арқылы ғана күнәлардан арылуға болмайды. Егер адам өмірінде біреудің ақысын жеген, әділетсіздік жасаған болса, ол жасаған қателігін түзеуі керек. Адалдық – ең басты шарт.
“Меккеге жаяу жылап, жуз барсаң да.”
Тіпті Меккеге жүз рет жаяу барса да, адамның күнәсі кешірілмейді, егер ол әділдік пен адалдықты сақтамаса. Бұл жолда шынайы тәубе мен кісі ақысын қайтару маңызды.
Негізгі идея:
Бұл өлең адамның діни парыздарын орындауы тек сыртқы көрініс қана емес, оның ішкі рухани тазалығымен, адалдығымен байланысты екенін насихаттайды. Адамдардың арасында жиі кездесетін екіжүзділікті сынап, шынайы имандылықты ұсынады. Қажылыққа бару өз алдына сауапты іс, бірақ ол адалдық пен әділдікті сақтаған жағдайда ғана құнды болады.
⠀
اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَان
⠀
Аллахумма барик ләна фи Рәжаба уә Шаъбана уә балиғна Рамадан
⠀
«Уа, Аллаһым! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!»
Егер Алла тағала дұғаларыңыздың қабыл болуын қаламағанда, сені өзіне дұға жасауға бағыттамас еді .
«Харамнан тыныштық іздесең, тыныштық саған харам болады».
Haramda huzur ararsan, huzur sana haram olur
(с) Мехмет Йылдыз ұстаз
Қарындасым...
Қарындасым
Сен менің бағымдасың барымдасың
Құлшылық пен өткізші өміріңді
Бұйрығына Алланың бағынғасын
Қарындасым
Жүрші әркез ақиқат жағында шын
Етегің тобығыңнан асып тұрсын
Сорыңнан болсын десең бағың басым
Қарындасым
Қаншама жігіттер бар қағынған шын
Әуретіңді жауып жүр әлдекімдер
Бір көріп сені түнде сағынбасын
Қарындасым
Өмірің өтірікке шағылмасын
Қырық үйден тыйылған қыз болып өс
Сөкпестен ата-анаңның қабырғасын
Қарындасым
Жаман әдет бойыңнан табылмасын
Есте сақта ұятың азаяды
Үстіңдегі көйлегің тарылғасын
Қарындасым
Түзу жолдан табаның жаңылмасын
Қорғалатын жеріңді қорлатпағың
Жаның кетіп жатса да арың қасын!
(с) Исатай Батыр
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago