tbiznes.uz
Тадбиркорлар канали.
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Янги ғоялар
Тайёр проектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз? Эълон қолдиринг.
Админ орқали жойлаш @adm_tbiznes
Бот орқали @tbiznesbot
Last updated 2 months, 1 week ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 1 day, 15 hours ago
ПОДКАСТ #10 ?
Шай үстіндегі әңгіменің атаулы 10 сериясы Михраб арнасының көрермендеріне жол тартуға тас түйін әзір.
Подкаст қонағы ретінде көпшілік оқырмандардың сұрауымен, Нұр Мүбәрак ислам университетінің оқытушысы, уағыздары жамағат арасында кеңінен танымал, көпшіліктің сүйікті ұстазы, Ризабек Ілімбайды шақырдық.
Ал, екінші қонақ ретінде қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеуші, айтыстың ақтаңгер ақыны, оратор Жандарбек Бұлғақов қатысты.
Бұл жолғы жүздесуде нағыз еркектерше әңгіме-дүкен өтті. Атап айтқанда, қазақ қоғамындағы еркектердің рөлі, діндегі орны, жігіттік қасиет пен отбасылық жауапкершіліктің маңызы секілді ер-азаматтарға қатысты түйткілді мәселелер қозғалды. Ризабек ұстазымыз тақырыпты шариғи тұрғыдан тарқатса, Жандарбек ақын қазақтың танымы мен ата-баба дәстүрінен сүбелі сөз қозғап, подкасттың көрігін қыздырды.
Подкастты, Алла қаласа, бүгін кешкі шайдың шамасында YouTube арнамыздан тамашалай аласыздар!
Бізді бақылай жүріңіздер! ?
YouTube
БҒК #5 | АҚИДА ІЛІМІ: КІРІСПЕ | Ризабек Батталұлы | Жанболат Сапашов | Mihrab.kz
Ислам ақпараттық ағарту порталыАлматы қаласыinstagram.com/mihrab.kz
YouTube
Мухтасар әл Қудури | Ұстаз Ерғали Алпысбай | 1дәріс - Кіріспе | Mihrab.kz
Михрабта ЖАҢА ЖОБА Құрметті, @Mihrab\_kz парақшасының оқырмандары! Бүгіннен бастап YouTube арнамызда жаңа дәріс көрермендерге жол тартпақ! Ханафи мәзһабының таңдаулы еңбектерінің бірі - "Мухтасарул-Қудури" кітабы бойынша дәрістер топтамасы аптаның сәрсенбі…
Михрабта ЖАҢА ЖОБА ?
Құрметті, @Mihrab_kz парақшасының оқырмандары!
Бүгіннен бастап YouTube арнамызда жаңа дәріс көрермендерге жол тартпақ!
Ханафи мәзһабының таңдаулы еңбектерінің бірі - "Мухтасарул-Қудури" кітабы бойынша дәрістер топтамасы аптаның сәрсенбі және сенбі күні арнамызда жарық көріп отырады.
Мухтасарул-Қудури - ханафи мәзһабындағы төре туындылардың бірегейі, таңдаулы "Мутун әс-сәләсә"-ның бірі. Кітапта дәреттен бастап мұрагерлікке дейінгі 12 000 сұрақтың шариғи шешімі жинақталған.
Дәрісті Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, фиқһ саласының білгірі Ерғали Алпысбаев ұстаз жүргізеді.
Алғашқы дәріс бүгін сағ. 18.00-де жарық көреді.
Бізді бақылай жүріңіздер!
Ассаламуалейкум уа рохматуллахи уа барокатуһ құрметті бауырлар! Жақсы, діни мағлұматтарды оқығыларыңыз келсе Mihrab.kz телеграм каналына тіркеліңіздер!
? "МҰСЫЛМАН ЕКЕНІҢЕ ДӘЛЕЛ БАР МА..?" (жылататын оқиға)
Көп қыздары бар бір әйел бар еді.Күйеуі өлгеннен кейін ол әйел жесір қалды.Көп қиналып, бейшара күйге түсті.Өзінің мүсәпір күйіне намыстанған ол қыздарымен басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болды. Бір елге көшіп барады. Ол елде намаз оқылмайтын бір мешітті паналады. Әйел қыздарын ол жерге қалдырып, азық ауқат тауып келуге шығып кетеді.
Содан сол елдегі аса дәулетті мұсылман байдың үйіне барып, есігін қағады. Әйел оған хал-жағдайды түсіндірді. Бірақ үй иесі: «Шынымен кедей екеніңді анықтайтын бір анықтама қағаз алып кел»! – деді. Әйел: «Мен жергілікті емеспін, бөтен жақтан келдім!» — десе де бай кісі түсінгісі келмеді. Жесір шарасыздықтан ол үйден шығып кете барады.
Сөйтіп басқа бір есікті қағады.Ол үйдің иесі отқа табынатын еді.Оған да жағдайын айтты. Отқа табынушы оны естігеннен кейін, өз әйелін әлгі жесір әйелге қосып, мешіттегі қыздарды үйіне алдырды. Үй иесі қарындары ашып келген қыздарды тамақтандырды. Сол түні жесір әйел мен оның жетімдеріне көмек қолын созбаған мұсылман кісі түс көрді.
Түсінде Ақыретті көреді. Бір тудың астында Пайғамбарымыз ﷺ тұр екен. Артында ғажап үлкен бір сарай. Бай: «О, Алланың елшісі, бұл сарайға кім кіреді?» — деп сұрайды. Расулулла ﷺ «Бір мұсылман кіреді» - деді. Ол кісі: «Мен де мұсылманмын, менің де кіруіме бола ма?» — деді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ оған: «Мұсылмандығыңды анықтайтын қағаз алып кел!» — деп айтты. Ол кісі түсініңкіремей таң қалды. Пайғамбарымыз ﷺ сонда оған күндіз мұқтаж боп келген жесір әйелдің күйін есіне салды.
Бай шошып оянды, түсі туралы ойлап, жесір әйелге қол ұшын бермегеніне өкінді. Өйткені, жесір әйелден анықтама қағаз сұрағаны рас, қағаз әкелмегені үшін оны құр қол қайтарғаны да рас. Ертесіне орнынан тұра сала жесір әйелді іздейді.Ол әйелдің қыздары мен мешіттен кетіп қалғанын, содан отқа табынатын кісінің үйіне барып қонғанын сұрап біледі. Отқа табынатын кісінің үйіне іздеп барады. Отқа табынатын адамнан ол жесір әйелді қыздарымен бірге алып кетпек ойын айтты. Бірақ, үй иесі оларды қайтарудан бас тартты: «Бұл жесір әйел қыздарымен шаңырағыма кірген сәттен бастап үйіме береке кірді!» — деді.
Сонда әлгі мұсылман кісі отқа табынатын адамға ақша беретінін оларға кеткен ақысын төлейтінін айтты. Отқа табынатын адам оған күлді де:
«Сен, менен алып кетпек болғандарға мен де лайықтымын. Сен, түсіңде көрген сарайды Алла маған арнап дайындап қойса керек. Мұсылман болғаның үшін менен артықпын деп тұрсың ба? Аллаға ант, бүгін біз үй ішімізбен түгелдей бірдей түс көрдік.Үйге келген мына жесір әйел мен қыздары себеп болып, бәріміз хақ дін исламды қабылдадық. Мұсылман болдық. Түсімде Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ менен: «Жесір әйел мен жетім балалар қамқорыңда ма?» — деп сұрады. Мен: «Иә, Расулулла!»- дедім. Ол ﷺ: «Мына зәулім сарай сен және отбасың үшін»,- деді.
Содан бұл сөздерді естіген мұсылман кісі ұялып, өкінішпен әлгі үйден кете барды...
YouTube
БҒК #3 | ФИҚҺ ІЛІМІ | Ерғали Алпысбаев | Жанболат Сапашов | Mihrab.kz
"Бір ғалымды көрсеңіз" жобасының үшінші сериясында Нұр-Мүбәрак университетінің оқытушысы Ерғали Алпысбаев ұстазбен фиқһ ілімі турасында сұқбатты тамашалай ал...
Зікір лұғатта "еске алу", "еске түсіру" мағыналарын білдіреді.
Терминдік мағынасы: пенденің әрдайым Жаратушымен болып, Оны әркез жадта ұстауы.
Жасыратыны жоқ, зікір дегенде белгіленген сөздерді қайталап, түсініксіз әрекеттерді жасау түсінігі қалыптасып қалған. Ал, зікір түсінігі одан да кең.
Шынтуайтына келсек, зікір пенденің әрдайым Жаратушымен байланыста болуы үшін қалыптасқан әдіс, әрі сүннет. Пайғамбарымыз ﷺ күннің көп бөлігін парыз құлшылықтардан тысқары зікірмен өткізетін. Бұл жайлы хадистер жетерлік. Зікір айту үшін белгілі бір шарттардың, бекітілген уақыт пен мекеннің болуы міндеттелген емес. Сол үшін, зікірді әрдайым айтып жүру жақсылықтарға себепші болады.
Зікір пенденің әрбір уақытын құлшылық кейпіне келтіріп, парыз сауаптарындай сауаптарға кенелтеді. Ол үшін кез-келген уақытта ойыңызда Алла, тіліңізде кәлима болса жеткілікті.
"Алланы еске алушы мен еске алмайтынның мысалы өлі мен тірінің мысалындай" (Хадис)
Жұма мүбәрак болсын! Қасиетті күні көбірек зікір айтуды ұмытпаңыздар!
tbiznes.uz
Тадбиркорлар канали.
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Янги ғоялар
Тайёр проектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз? Эълон қолдиринг.
Админ орқали жойлаш @adm_tbiznes
Бот орқали @tbiznesbot
Last updated 2 months, 1 week ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 1 day, 15 hours ago