Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago
⚜️10 января- День Национальной Гвардии Республики Казахстан
Сегодня, 10 января, личный состав Национальной гвардии отмечает свой профессиональный праздник – День Национальной гвардии. Этот день служит напоминанием о важности и значимости работы, которую выполняют сотрудники этой структуры, защищая общественный порядок, безопасность граждан и интересы государства.
Национальная гвардия была создана для обеспечения внутренней безопасности, борьбы с преступностью, охраны важных государственных объектов и специальных грузов. Истоки её формирования восходят к советскому периоду, когда создавались внутренние войска. Однако современный этап истории Национальной гвардии начался с её официального образования как самостоятельной структуры, призванной отвечать на вызовы и угрозы нового времени.
С момента создания Национальная гвардия проделала значительный путь, укрепив свой авторитет и доверие граждан. Её сотрудники ежедневно рискуют жизнью, выполняя свои обязанности, участвуют в операциях по борьбе с терроризмом, охраняют общественный порядок во время массовых мероприятий и предотвращают преступления.
День Национальной гвардии – это повод выразить благодарность всем, кто стоит на страже спокойствия и безопасности нашей страны.
*⚜️10 қаңтар – Ұлттық ұланның құрылған күні*
Бүгін, 10 қаңтар, Ұлттық ұлан қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл күн – еліміздің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқаратын құрылымның құрылған күнін еске салатын ерекше мереке.
Ұлттық ұланның тарихы еліміздің тәуелсіздік алу кезеңімен тікелей байланысты. Алғашқы құрылымы бұрынғы ішкі әскер негізінде құрылған Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және маңызды мемлекеттік нысандарды күзету міндеттерін орындау үшін жасақталды.
Ұлттық ұланның негізгі міндеттері – заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, лаңкестікке қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсету. Қызмет барысында ұлан сарбаздары өздерінің жоғары кәсібилігімен, батылдығымен және адалдығымен ерекшеленеді.
10 қаңтар – бұл еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген сарбаздар мен офицерлерді құрметтеу күні. Ұлттық ұланның айбынды жауынгерлеріне алғысымызды білдіріп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылық айтамыз.
Внутристрановая ценность в приоритете: на 34,4% выросла сумма договоров, заключенных с отечественными товаропроизводителями
? Правительством в текущем году принят ряд мер по поддержке отечественных товаропроизводителей с акцентом на дальнейшее укрупнение предприятий и выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью. Одной из таких мер является ограничение доступа иностранных потенциальных поставщиков к участию в государственных закупках и закупках квазигосударственных компаний товаров, работ и услуг. Перечень в т.г. расширен более чем в 3 раза — до 4 536 наименований. В результате этого только за 9 месяцев 2024 года объем закупа товаров, работ и услуг субъектами мониторинга составил 21,2 трлн тенге, в том числе внутристрановая ценность достигла 11 трлн тенге или 51,8%.
• За 11 месяцев года сумма договоров, заключенных с отечественными товаропроизводителями, выросла на 34,4% и составила 372,9 млрд тенге. По офтейк-контрактам объемы выросли в 14 раз, до 134 млрд тенге. Между недропользователями по твердым полезным ископаемым и ОТП заключено 248 долгосрочных договоров на общую сумму 111,1 млрд тенге и 42 офтейк-контракта на 27,8 млрд тенге. Для сравнения: за аналогичный период 2023 года было заключено 35 долгосрочных договоров на 47,5 млрд тенге и 10 офтейк-контрактов на общую сумму 4,8 млрд тенге. Индикатор по доле внутристрановой ценности в закупках работ и услуг недропользователей по твердым полезным ископаемым по итогам 2024 года определен на уровне 81%; в планах на 2025 год довести его до 82%.
• Кроме того, в текущем году утверждены новые Правила осуществления государственных закупок. В Правилах, согласно Закону «О государственных закупках» от 1 июля 2024 г., опыт работы будет учитываться по договорам, выполненным в рамках государственных закупок, и иным договорам, сведения о которых содержатся в информационных системах государственных органов. Субподрядчики должны подтверждать соответствие квалификационным требованиям документами по опыту на выполняемые ими виды работ, услуг. Законодательные изменения касаются сроков проведения конкурса и подачи заявок. Срок подачи сокращен с 15 до 5 рабочих дней.
⚡️Правила вводятся в действие с 1 января 2025 года.
Елішілік құндылық – басым бағытта: отандық тауар өндірушілерімен жасалған шарттар сомасы 34,4%-ға өсті
?Үкімет осы жылы кәсіпорындарды одан әрі ірілендіруге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса назар аудара отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осындай шаралардың бірі шетелдік әлеуетті өнім берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және квазимемлекеттік компанияларды сатып алуға қатысуына қол жеткізуін шектеу болып саналады. Биыл тізбе 3 еседен астамға – 4 536 атауға дейін кеңейтілді. Нәтижесінде, тек 2024 жылдың 9 айында мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылығы 11 трлн теңгеге немесе 51,8%-ға жетті.
• Жылдың 11 айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың сомасы 34,4%-ға өсіп, 372,9 млрд теңгені құрады. Офтейк-келісімшарттар бойынша көлемі 14 есеге, 134 млрд теңгеге дейін өсті. Қатты пайдалы қазбалар мен ОТӨ бойынша жер қойнауын пайдаланушылар арасында жалпы сомасы 111,1 млрд теңгеге 248 ұзақ мерзімді шарт және 27,8 млрд теңгеге 42 офтейк-келісімшарт жасалды. Салыстыру үшін: 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 47,5 млрд теңгеге 35 ұзақ мерзімді шарт және 4,8 млрд теңгеге 10 офтейк-келісімшарт жасалған болатын. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша индикатор 81% деңгейінде айқындалды; 2025 жылға арналған жоспарда оны 82%-ға дейін жеткізу көзделген.
• Сонымен қатар биыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа қағидалары бекітілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, Қағидаларда жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған шарттар бойынша және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері бар басқа да шарттар бойынша есепке алынады. Тапсырысты орындаушы қосалқы мердігерлер атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Заңнамалық өзгерістер конкурсты өткізу мерзімдері мен өтінімдерді беру рәсімдерін қамтиды. Өтінім беру мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
⚡️Ережелер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қабілетті кадр бар ма Қазақстанда? Осы жайлы ойланып көрдік пе?! Оларды дайындайтын оқу орындарының жағдайы қалай деген сауал көлбеңдейді. Бір жобаны ойға алғасын оны жан-жақты саралау керек қой. Ізденіп көрдім мен де.
2023-2024 оқу жылына атом өнеркәсібіне 5246 грант бөлінген, оның ішінде уран өнеркәсібі мамандықтары да бар.
«Ядролық физика», «Ядролық энергетикаға арналған материалдар», «Ядролық физика және ядролық энергетика» мамандықтары бойынша ағымдағы оқу жылында студенттер саны 2535 адамды құрайды. 2011-2023 жылдар аралығында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша бітірушілер саны 1649 адамды құрапты.
Қазіргі уақытта Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадрлар даярлау мәселесіне үлкен көңіл бөлініп жатыр екен. Қолданыстағы келісімдер мен меморандумдар аясында кадрлар даярлау саласында Шәкәрім атындағы университет, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Назарбаев университеті және басқа да қазақстандық ЖОО-мен ынтымақтастық жүргізілген.
Қазақстанда атом энергетика саласын дербес дамытуға бағытталған екі ірі ғылыми ұйым бар: бірі - Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы, екіншісі Алматы қаласындағы Ядролық физика институты.
Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері МАГАТЭ
сарапшылар құрамына кіреді екен.
Әрине, менің мақсатым-журналист ретінде мәселенің тереңіне үңілу. Ал дұрыс-бұрысын әр адам өзі шешеді.
Әділет Орынбасаров
Теректі аудандық “Теректі жаңалығы” газетінің редакторы, ақын
Сырымдықтар референдумға қатысуға ниетті
Қазақстанға атом электр станциясы қажеттігін Отандық мамандар мен халықаралық сарапшылар жарыса айтып жатыр.
Өйткені алдағы 10 жылда елімізде электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін. Энергияның бұл түріне деген сұраныс жыл сайын 7-8 пайызға артып, жетіспеушілік байқалуда.
Осы тұста профессор, ғалымдар мен аталған сала мамандары елімізде қауіпсіз 3-ші деңгейдегі реакторларды салуды ұсынып отыр. Бүгінгі таңда атом электр станцияларын әлемнің 32 елі пайдаланады. Атом электр станциясы бой көтерсе, еліміздегі электр қуаты тапшылығы мәселесі алдағы 100 жылға шешімін табады деуде жас ғалымдар.
Мемлекет басшысының бастамасын ардагерлер түгелдей қолдап, референдумға қатысуға ниетті.
Мүсірбек АЙТАШЕВ, Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Владимир Новозенко, директор Аксайского филиала РГП «Институт ядерной физики»:
- Я являюсь сторонником строительства атомной электростанции в Казахстане, безусловно. Тот вопрос, что Казахстану нужна энергия, вопросов никаких уже не вызывает. Потребление энергии растет где-то по 3% в год. По итогам прошлого года Казахстан закупил энергию у своих соседей на 100 млрд тенге. Это большие суммы, и они будут только расти. Нам нужно энергетику свою развивать. Сейчас у нас 70% генерации осуществляется на угольных электростанциях. Если посчитать еще станции на газе и нефти, это 85% тепловой генерации. Но дело в том, что Казахстан взял на себя обязательство прийти к углеродной нейтральности к 60-му году. А тепловые станции грязные. То есть они выбрасывают в окружающую среду огромное количество парниковых газов. Я уже не говорю о том, что образуются сотни тысяч тонн отходов. Поэтому вводить в строй тепловые мощности нежелательно. Их нужно как раз будет со временем выводить из эксплуатации.
Нам надо ориентироваться на зеленую энергетику. Что это? Гидроэлектростанции. Но в Казахстане нет столько гидроресурсов, чтобы восполнить наши потребности за счет ГЭС. Возобновляемые источники энергии (ВИЭ). Это очень хороший вариант. На самом деле он сейчас в тренде. ВИЭ развиваются, в том числе и у нас в Казахстане. Но есть большая проблема - ненадежность. Они очень сильно зависят от погодных условий и не могут обеспечить бесперебойную подачу энергии. ВИЭ относятся к так называемым маневренным мощностям. Они хороши для прохождения пиков потребления, где-то в каких-то регионах добавить энергии в общую энергосистему. А нам нужна базовая генерация. И тут только один вариант остается. Атомная электростанция, - подчеркивает Владимир Александрович.
- Что касается персонала, - продолжая, указывает директор филиала института. - В Казахстане шесть вузов именно занимается подготовкой специалистов по таким направлениям. На бакалавриате, магистратуре и докторантуре обучается порядка 9000 человек. Из них 250 по направлениям ядерная физика, ядерная энергетика, материалы для ядерной энергетики. Поэтому говорить о том, что у нас нет специалистов не совсем корректно. Для работы на АЭС требуется персонал в 2000 человек, из них почти 400 специалистов по ядерно-физическому профилю для атомной отрасли. Я думаю, мы способны подготовить такое количество персонала для работы на нашей станции.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago