Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Astana Daryny

Description
Центр развития одаренности и психологического сопровождения «Астана дарыны» акимата города Нур-Султан
https://astanadaryny.kz

Обратная связь в чате @intellectualevents
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks, 1 day ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

1 month, 2 weeks ago

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың ақпан-наурыз аралығында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтер үшін «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау мен насихаттауға ықпал ету.
Байқауға елорда және аймақтық жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру мекемелері қатысып, сабақ пен іс-шараның бейнежазбасын ұсынды.

Хаттамалар

1 month, 3 weeks ago

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңі қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңін
12 наурыз күні орталық базасында өткізді.
Бейнематериалдар бойынша байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ортаңғы топ, ересек топ, мектепалды даярлық аралығындағы топтардан «Ханталапай» ұлттық ойынына барлығы 14 балабақшадан (119 тәрбиеленуші) өтінім тіркелді.
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, мектепке дейінгі бөлімнің арнайы пәндер оқытушыларынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
мектепалды даярлық топ бойынша –
І орын – «Alpamys school” б/б
ІІ орын - №84 «Кәусәр» б/б
ІІІ орын – 2 (№29 «Ақ қайың» б/б «Қызғалдақ» тобы, №32 «Балдәурен» б/б)
Грамота – 4 (№29 «Ақ қайың» б/б «Күншуақ» тобы, №67 «Шұғыла» б/б, №92 «Жауқазын» б/б, NaNu ЖШС Ақ ниет – 1 б/б);
ересек топ бойынша –
І орын - №65 «Бал бала» б/б
ІІ орын - №11 «Гауһар» б/б
ІІІ орын - №5 «Ақ бота» б/б;
ортаңғы топ бойынша –
І орын - №5 «Ақ бота» б/б
ІІ орын - №31 «Ақсұңқар» б/б.
Байқаудың қалалық кезеңінің нәтижесінде «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауында жеңімпаз атанған «Alpamys school”, №5 «Ақ бота» балабақшаларының топтары республикалық кезеңге қатысады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды Jetistik.kz сайтынан қатысушының ЖСН арқылы жүктеп алады, QR код құжатты растайды.

Хаттамалар

1 month, 3 weeks ago

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 6 наурыз күні сағат 14:00-де №52 МГ және №53 МЛ-нің базасында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: экономика негіздерін ғылым ретінде зерттеуге қызығушылық танытатын неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту және экономика бойынша халықаралық олимпиадағы (IEO) қатысу үшін Қазақстан құрама командасын қалыптастыру.
Бірінші кезеңге 94 оқушы қатысты. Олимпиада арнайы платформада өтті. Астана қаласынан 29 ұпайдан жоғары жинаған 13 оқушы Олимпиаданың екінші кезеңіне өтті.

Хаттама

2 months, 3 weeks ago

2-4 сынып оқушыларына арналған "Бастау" XXIl республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңінің іріктеу(сырттай) турының қорытындысы

Хаттамалар

3 months ago

Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I аудандық кезеңі
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I аудандық кезеңін ұйымдастырып өткізеді.
2024 жылы 02 ақпанда 6 – сыныптар ​№95 мектеп-лицейінде (Ұлы Дала 73/1). Басталу уақыты: 9:30
​Пәндер: қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі (К2/КРШ);
​№80 мектеп-гимназияда (Ш. Қосшығұлұлы 17/2). Басталу уақыты: 12:30.
​Пәндер:қазақ тілі мен әдебиеті (К1/КИЛ), орыс тілі мен әдебиеті (Р1/РИЛ), қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі (Р2/РКШ), ағылшын тілі.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз💐💐💐

Трансляция

Хаттамалар

Жұмыстар

3 months, 1 week ago

Білімділер додасында дараланған дарабозды
дәріптейтін дәстүрлі күн
.

​Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңінің жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы пәндер жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі «Жұлдызды Олимп-2024» екі бөлімде ұйымдастырылып,19 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтті.

Естелік суреттер

4 months, 3 weeks ago

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 08 желтоқсанында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының (бұдан әрі Фестиваль) қалалық қорытынды кезеңін өткізетінін хабарлайды.
Фестиваль педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң ...», «Психолог сандықшасы» бағыттары бойынша өтеді.
Өтетін орны: №87 мектеп-гимназиясы (Иманова – 37);
Өтетін күні: 08. 12. 2023 ж.
Тіркелу уақыты: 9:00 – 9:30.
Басталу уақыты:9:30

Трансляциялар:

Қазақ тілі мен орыс тілі

Тарих

Шеберлік палитрасы

Физика, математика

Сабақ аяқталған соң

Шеберлік палитрасы қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы (ағылшын)

Менеджмент, психология, қолданбалы

Шығармашылық толқын

Биология, химия, география

Шеберлік палитрасы 2

Хаттамалар

YouTube

Қазақ тілі мен орыс тілі

**«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы**
4 months, 4 weeks ago

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылы 7 желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңін өткізетінін хабарлайды (әрі қарай -Конкурс).

Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:

І. «Ғылыми –техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» (секциялары: физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым);

ІІ. «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» (секциялары: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика);

ІІІ. «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» (секциялары: химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы);

IV. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» (секциялары: тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет).

РЕГЛАМЕНТ:

 Оқушы жұмысын қорғау және видео материалдарын көрсету – 5 минут;

 Сұраққа жауап беру – 2 минут;

 Топтық жұмысты қорғау және видео материалдарын көрсету – 7 минут;

 Сұраққа жауап беру – 2 минут.

Қатысушылардың слайд презентациялары 6 желтоқсан күні сағат 14.00.-16.00. дейін №84 мектеп-лицейіне тапсырылуы қажет.

Қорғауға ұсынылатын материалдардың уақытында тапсырылуына мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты.

Қатысушылар өздерімен бірге видеоға және фотоға түсіруге ата-аналарының рұқсат қағазын және екінші аяқ киімдерін алып келуі қажет.

Өтетін орны: Шейха Халифа Бен Заид Әл-Нахаян атындағы № 84 мектеп-лицейі.

Мекенжайы: Астана қаласы, Ұлы Дала көшесі, 41/1.

Тіркеу алдын ала жіберілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Басталуы: әр оқушының жұмысты қорғау уақытына сәйкес.

Трансляция

Тілтану (ағылшын)

Тілтану 2

Языкознание

Әдебиет

Литература

Техника, жер және космос

Өлкетану

Информатика

Математика қолданбалы математика

Экономика

Қоршаған орта және адам денсаулығы қорғау

Адам және қоғам

Биология

Физика

Химия

Техника , жер және ғарыш

Тарих, этномәдениеттану

Хаттамалар

YouTube

Тілтану

**Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі**
5 months ago

Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу турының қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында 2023 жылдың 29 қараша күні арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу бойынша қазылар алқасының жұмысы ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының отырысында Астана қаласы әкімдігінің №1,№2,№3 арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар арасынан вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 40 өнер шығармасының (81 өнерпаз) бейнематериалы қаралды.
«ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауында бейнематериал бойынша іріктеуден өткен финалистер және робототехникадан өтінімге тіркелген командалар 2023 жылдың 13 желтоқсан күні №1Арнайы мектеп-интернаты сахнасында бақ сынайды.

Хаттамалар

5 months, 1 week ago

Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының ІI қалалық кезеңі

2023 жылдың 28 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» 8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының II қалалық кезеңін өткізеді. Қалалық кезеңге олимпиаданың I аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 59 оқушы қатысады.
Өтетін орны: №6 гимназия (М.Әуезов к-сі 31)
Басталу уақыты: 10:00.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Трансляция

Жұмыстар

Хаттамалар

YouTube

Зал персональной конференции Astana Daryny

**Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының ІI қалалық кезеңі**
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks, 1 day ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago