Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына арналған "Бастау"республикалық математикалық олимпиаданың қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 15 ақпан күні №99 орта мектеп (Қабанбай батыр даңғылы -38а)базасында өтеді.
«Бастау» математикалық олимпиаданыңқалалық кезеңі қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта өтеді.
Қатысушыларды тіркеу: сағат- 8.00
Турнирдің басталуы: сағат – 9.00
Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шексіз әлем» мультистудия жобасының қорытындысы
Ерекше білімді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және қолөнер қабілеттерін дамыту, олардың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік беру, балалардың визуалды шығармашылықтарын, қол моторикасын дамыту мақсатында «Шексіз әлем» мультистудия жобасы 2025 жылдың 11 ақпан күні «Астана дарыны» орталығында онлайн өтті.
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, мектепке дейінгі бөлімнің арнайы пәндер оқытушыларынан құралған қазылар алқасының шешіміен видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
«Сәулелі көлеңке» (көлеңке театр) қалалық байқауы
2025 жылдың 6 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы қалалық білім беру мекемелерінің қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 5- 7 сынып оқушылары арасында «Сәулелі көлеңке» (көлеңке театр) қалалық байқауының іріктеу кезеңін онлайн форматында өткізді. Іріктеу кезеңіне қала мектептерінен 62 оқушы қатысты.
Жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі
2024 жылдың 4-5 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі №104 о/м (Жошы хан көшесі, 16), №111 о/м (Тұран даңғылы, 55/22), №101 орта мектеп (Төле би көшесі, 57а) базаларында өтеді.
04 желтоқсан күні олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша пәндердің аудандық кезеңін өткізу уақыты және өтетін орны:
№104 орта мектеп (Жошы хан көшесі, 16): математика, физика, информатика-10 сынып;
№111 орта мектеп (Тұран даңғылы, 55/22): биология, химия, информатика-9 сынып;
№101 орта мектеп (Төле би көшесі, 57а): география, информатика-11 сынып;
Басталу уақыты: 10:00.
05 желтоқсан күні олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша пәндердің аудандық кезеңін өткізу уақыты және өтетін орны:
№104 орта мектеп (Жошы хан көшесі, 16): қазақ тілі мен әдебиеті (КИЛ), орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі (КРШ), Қазақстан тарихы;
№101 орта мектеп (Төле би көшесі, 57а): орыс тілі мен әдебиеті (РИЛ), қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі (РКШ), құқық негіздері;
№111 орта мектеп (Тұран даңғылы, 55/22): ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі. Басталу уақыты: 10:00
Трансляция ЖМБ
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 28 қарашада онлайн форматында Балаларға арналған білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтеріне арналған «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді.
Байқауға елорда және елорда аумағының қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарынан 26 педагог қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
І орын – 2 (Астана қаласы №58 «Өркен» балабақшасы; Қарағанды обл.Теміртау қаласы №2 Балалар музыка мектебі.);
ІІ орын – 5 (Қарағанды обл.Теміртау қаласы №2 Балалар музыка мектебі; Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Щучинск қаласының «Арман» БЖШО (2); Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының БЖШО; Астана қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебі);
ІІІ орын – 8 (Астана қаласы №1 Балалар музыка мектебі; №2 Р.Бағланова ат. балалар музыка мектебі; №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (2); «ЮНЕСКО» балалар көркемсурет мектебі; Flagman Primary school; Степногорск қ. БЖШО; «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі»);
грамота – 3 (Астана қаласы «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі»; №2 өнер мектебі; №1 Балалар музыка мектебі) .
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы«Canadian International School» мектебімен бірлесіп 9 сынып оқушыларына арасында «ҰЛЫТАУ» қалалық зияткерлік үстел ойынын (бұдан әрі – Ойын) ұйымдастырып, өткізетін хабарлайды.
Ойынныңмақсаты: Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, ежелгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі ел тағдырын айқындаған негізгі тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғаларды дәріптеу арқылы ұлттық сананы қалыптастыру және тарихи мұраны қастерлеу.
Өткізу кезеңдері:
● Қатысушыларды тіркеу: 2024 жылдың 21қарашасына дейін https://forms.gle/NFgbsHS9JYcs5p8j7 сілтемесіарқылы жүргізіледі.
● Өтетін орны: «Canadian International School» мектебі, Астана қ., Тұран көшесі, 75 ғимарат, 2-3 қабат.
● Өтетін уақыты: 2024 жылдың 30 қарашакүні, сағ. 09:30 де тіркеу, сағ. 10:00 басталуы.
Ойын Астана қаласы білім беру мекемелерінің 9-сынып оқушылары арасында өтеді, әр мектептен үш тілді (қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі) жетік меңгерген 1 бала қатысады.
Трансляция
Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу турының қорытындысы
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығынының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 қараша күні арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеу кезеңінде вокал, хореография, мәнерлеп оқу, сәндік қолданбалы шығармашылық және көркем шығармашылық номинациялары бойынша Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 77 өнер шығармасының (108 қатысушы) бейнематериалы қаралды.
«ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауында бейнематериал бойынша іріктеуден өткен финалистер және робототехникадан өтінімге тіркелген командалар 2024 жылдың 12 желтоқсан күні №1 Арнайы мектеп-интернаты сахнасында бақ сынайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі
Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 29 қарашада Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының базасында жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық ІІ кезеңін (бұдан әрі-Конкурс) өтетінін хабарлайды.
Конкурс 4 бағыт 16 секция бойынша өткізіледі:
І. «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» (секциялары: физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым);
ІІ. «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» (секциялары: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика);
ІІІ. «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» (секциялары: химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы);
ІV. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік машруттар» (секциялары: тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет).
Конкурсқа - 526 жоба, 650 оқушы қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 37.
Тіркеу: сағат 08.00 – 08.30 аралығында.
Басталуы: сағат 09.00.
Трансляция
Тілтану (қазақша) Тілтану (ағылшын)
Физика. Техника. Жер және ғарыш
Этномәдениеттану, Адам және қоғам
Математика, қолданбалы математика
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 months, 2 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 4 months ago
Last updated 1 month, 2 weeks ago