@TayyorBiznesBot
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness
Last updated 1 week, 1 day ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
?Website: https://www.azattyq.org
?Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 1 month, 4 weeks ago
SPOTIFY-ға қазақ тілін қостырайық!
Add support of Kazakh language for Spotify:
https://community.spotify.com/t5/Live-Ideas/Add-support-of-Kazakh-language-for-Spotify/idi-p/5597694
*📢 Қазақ тілін дамытуға бірге үлес қосайық!*
Құрметті еріктілер және тіл жанашырлары!
Біз қазір тек сөздерді емес, тұтас болашақты аударып жатырмыз. Қазақ тілін жаңа биіктерге шығарып, оны технология, ойындар мен қосымшаларда қолжетімді етеміз!
Жалпы мақсат:
🌟 Ана тілімізді кеңінен тарату.
🌟 Заманауи әлемдегі қазақ тілінің орнын нығайту.
🌟 Жаңа буынға қазақ тілінде сапалы контент ұсыну.
Қазір бізге қажет:
✅ Құжаттарды аудару.
✅ Мәтіндерді теріп жазу.
“Технология мен ойындар қазақ тілінде болғанда қандай артықшылықтар болады?”
Өз ойыңызды пікірге жазыңыз – бірге талқылайық!
Сіз де қосыла аласыз!
Бізге қосылу – бұл тек жұмыс емес, өз үлесіңді қосып, тіліңді дамыту мүмкіндігі. Біздің қатарымызға қосылып, қазақ тілін бірге дамытайық!
Биыл қазақша 6 фильм дубляждалды: 4-еуіне Меломан, 2-еуіне Сулпак дистрибьютор болған.
Меломан қазақшасын промолауға күш салды. Сулпак мүлдем тырыспады. Нәтижесінде Сулпак келесі жылы қазақша дубляж шығармайды. Қазақшасын қаржылай тиімсіз деп санады, яғни қазақ тіліне түкірді.
Меломан болса, қазақ тіліне сеніп, барынша жарнамалады. Келер жылы да қазақша шығара бермек. Бірақ оның нақты саны әзірше белгісіз. Енді "Муфаса" жақсы қаралым жинаса, кемінде 10 фильм шықпақ деген сыбыс бар. Сондықтан да "Муфасаға" барып, қазақша дубляжды қолдау аса маңызды 🙌
Таң жарық QJ
Технодом негативті басу үшін ұтыс ойынын аяқтады. Бірақ Қазақша жазбай қойды. Қазақша жазуды Конституция күнінен бері тоқтатқан. Бүгін Технодомға тіл құқықтарымызды бір ескертіп кетейік. Ал, тербеуді бастайық.
Сәтті тербеу болсын!
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.
Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.
Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.
Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.
Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.
Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.
Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.
Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.
Кеш жарық QJ
Бүгін әкімдік ozon.kz басшылығымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ozon.kz қолданбасын қазақшалау, тауар сипаттамасын қазақша ету, тауарға пікірді (отзыв) қазақша жазу және жариялау мәселесін талқыладық. Ozon бастықтары интернет дүкеннің қазақша локализациясы нашар екенін мойындап отыр. Сөздеріне қарағанда компания локализация жүргізу үшін команда жалдағанға ұқсайды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бәрін қазақша етеміз деп уәде берді.
Түркия — туристер көп келетін елдердің алдыңғы қатарында болғанымен, туристер үшін ақпараттық белгілер жағынан ыңғайлы емес ел. Ағылшынша мәтін өте аз. Есесіне өз тілі барлық салада үстем.
Ыстанбұлда тұрып жатқаныма жарты жыл болды. Көрнекі ақпараттың БІР ТІЛДЕ болғанының арқасында түрікшені белсенді оқымай-ақ, күнделікті өмірге қажетті біршама сөзді үйреніп алдым.
Қазақстанда да КӨРНЕКІ АҚПАРАТ, яғни дүкен, дәріхана, мекеме маңдайшалары, көше тақтайшалары, т.б. ҚАЗАҚША жазылғаны бәріне де ұтымды болар еді. Жарты жыл түгіл, бүкіл өмірі Қазақстанда өтсе де, қазақша күнделікті сөздерді үйреніп алмаған адамдар жетерлік.
Ақпараттың екі тілде жазылуы:
– визуал шуды көбейтеді
– жарнама құнын арттырады
– орысшадан қазақшаға аударма жасағанда әдетте көп қате кетеді, қазақша мәтінде көп калька болады
– ақпараттың орысша нұсқасы бар болғандығынан, қазақша нұсқасы керексіз боп қалады (мәзірлер)
Көрнекі ақпарат бір тілде — мемелекеттік тілде ғана жазылса, мұндай мәселелер болмас еді.
“Елде басқа мәселе жоқ па?” деген сарындағы пікір жазғыштарға айтарым: елде мәселе жетеді. Бірақ ол мәселелерді кезекпен емес, параллель шешуге де болады. Бәрін бір адам ғана шешпейді ғой, жауапты органдар, лауазымды кісілер бар, әркім өзіне тиесілі мәселесін шешсін. Тілге қатысты да солай: Qazaq Grammar идея ұсынады — тілге жауапты тұлғалар құлақ асса игі болар еді.
@TayyorBiznesBot
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness
Last updated 1 week, 1 day ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
?Website: https://www.azattyq.org
?Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 1 month, 4 weeks ago