Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Qanaǵat Muslim

Description
Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін...
(Сұлтанмахмұт Торайғыр)
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago

1 month, 1 week ago

Витамин іш, дәрі іш, спортпен шұғылдан мейлі қанша күтін түбі бір сырқат келеді. Сол кезде шарасыз, қорғансыз, әлсіз екенің есіңе түседі.

Алла Тағала қандай ұлы бізді қорғап қойған.

Аллаға шүкір хамд саналар болсын.

Қызу 38,5 болғандағы хәлің.

1 month, 2 weeks ago

Менің таң қалатыным біздің мемлекет ретінде 100 жылдық жоспарымыз жоқ па?

Елтаңбаны енгізіп жатырған кезде осы да болады деп қоя салама немесе бәрібір өзгереді дей ме?

Одан қалса бас қаланың атауын мың өзгерттік бұл да жоспарда бар дүниеме?

Әнұранды да өзгерттік тағы 17 жылдан кейін жаңа басшы келіп тағы өзгертеме

Біз ол елтаңбаны төбемізге қойып көтеріп отырғанда өзгерте салу оңай болғны мені таңқалдырады.

Қырғыз ағайын туын өзгертті деп жарыса жазып жүргенде бізге де сол күн келіп қалмасын.

#елтаңба

1 month, 3 weeks ago
3 months, 1 week ago

Халық мешітке ағылып жатыр…
Бұлайша өзіңді мешітке барғыш қылып көрсетіп өзгеден өзіңді жоғары санаудың қажеті жоқ.

Адам баласы қашанда әлсіз. “Өйткені адам баласы өте әлсіз болып жаралған”. Ниса сүресі 28 аят

Қиын кезде өз мүддең үшін оны пайдалану қаншалықты дұрыс?.
Жалпы мұсылман қауымы біреуді кемшілігі үшін табалауды тастауы қажет. Шәкәрім бабам айтқандай Өзгенің мінін термегенің дұрыс болар.

Әрбір пенде қателеседі, күнә жасайды.

Ақырында айтпағым Шәкәрімнің сөзі:
Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?

4 months ago

Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?

Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?

Көз жұмып, "көппен көрген ұлы той"деп,

Береді бұл надандық кімге пайда?

©Шәкәрім Құдайбердіұлы

4 months ago

Халалға ойламайды шыдайын деп

Шәкәрім Құдайбердіұлы

5 months ago

يُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُخَفِّفَ عَنكُمْ ۚ وَخُلِقَ ٱلْإِنسَٰنُ ضَعِيفًا

Алла сендердің жүктеріңді (яғни, сендер үшін дінді) жеңілдеткісі келеді. Өйткені адам баласы өте әлсіз болып жаралған (яғни осал тұстары өте көп, сондықтан ол Алланың қолдауынсыз нәпсіге, азғырушы шайтанға өз бетімен төтеп бере алмайды).

(«Ниса» сүресі 4:28)

5 months, 2 weeks ago

Атыраудың тас жолдары қыздардың бетіндегі “Мэйкап” сияқты су тисе айыбы ашылып қалады

5 months, 3 weeks ago

ГАЗАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЛГЕНІ ЖАҚСЫ ШЫҒАР
Ойлап қараңызшы осы сөзді айту үшін адам қандай әумесер болу керек.

Мені есеңгіретіп тастаған тосыннан айтылған сөз болды.

Әдеттегідей намазымда зұлымдық көріп жатырған ГАЗА халқы үшін дұға етіп болып келе жатырсам, бір (бауырымз) келіп:
Имеке газадағы адамдардың өліп жатырғаны хайырлы шығар, олар үшін дұға қылу қаншалықты дұрыс”-деді.
Мен абыдрап неге олай айттыңыз дедім.
Әлгі делқұлы: “Бәлкім ол балалар қазір өлсе ертең хамасқа қосылмайды емеспе”-деді.
Мен ашуым қалай келгенін айтып жеткізе алмаймын, оны түсіндіре де алмаспын.

Хош, әлгі есуасқа түсіндіруге де тырыспадым іштей қынжылдым.

Адамның санасын улап, осындай бауырына жаны ашымайтындай зомби дәрежеге жеткізген оңбағандар жауап береді Құдайдың құзырында.

Мені қынжылтатыны қанша уаһаби осындай оймен жүр?
Ойласам денем тітіркенеді

“ҚҰДЫҚТЫҢ СЫРТЫНДАҒЫНЫҢ БӘРІ АҚЫЛДЫ“- деп қалай тауып айтқан қазақ _____________
Делқұлы: ақымақ, әумесер, надан мағынасынба

6 months, 3 weeks ago

Итті майлы сүйекпен ұрсаң, қыңсыламайды.
Кейбір адамдарда сондай.
Озбырлар көбінесе осы әдісті қолданады.
Бір кем дүние.

Шерхан Мұртаза

We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago