Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
*📣*📣📣Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады**
➤ Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл – көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі.
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады. Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.
➤ Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.
➤ Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
➤ Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз жаһандану жағдайындағы ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отыр.
➤ Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету және қоғамның ашықтығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына тоқталды.
➤ Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
*📣*📣📣Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.*
📍Үкімет *Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
➤ Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
🔻Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.
🔹 Бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.
📍 Жұмыс жалғасады.
*📣*📣📣Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты**
➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
➤ Облыс әкімінің айтуынша, биылғы І жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнім 6,2 пайыз өсіммен 781 миллиард теңгені құраған. Ал жыл аяғында 7,1 пайыз өсімге қол жеткізілмек. Он айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,8 пайызды көрсеткен.
➤ Ауыл шаруашылығының дамуында оң динамика бар. Сондай-ақ өндіріс көлемі, өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары ілгерілей түскен. Биыл өңірде 247,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,1 пайызға артық.
➤ Мемлекет басшысына жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде есеп берілді.
➤ Жыл басынан бері 1,3 есе өсіммен 327,1 миллиард теңге инвестиция тартылған. Осы ретте жеке инвестициялар саны 1,6 есе өскен. Бейбіт Исабаев 2024-2030 жылдарға арналған құны 3,5 триллион теңге болатын инвестициялық портфель қалыптастырылғанын жеткізді. Оның аясында 190 жоба қолға алынып, 11,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Биыл 54,9 миллиард теңгені құрайтын 48 жоба іске асырылып жатыр.
➤ Бұдан бөлек, өңірдегі өнеркәсіп саласы туралы айтылды. Жетісу облысында 549 кәсіпорын тіркеліп, 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биылғы он айда өнеркәсіп өндірісі 3,9 пайызға өскен.
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі тың бастамаларды құптады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago