Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША

Description
Қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің авторлық каналы. Қазақстандық, әлемдік қаржы, экономика жаңалықтары, пікірлер. Біз Қазақстанның жарқын экономикалық болашағына сенеміз! Қаржыға деген сүйіспеншілікпен жасалған! Кері байланыс және жарнама @FKAZanswerbot
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 1 week ago

Last updated 1 month, 1 week ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 1 week ago

2 months ago
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, мол табыс, береке, байлық, бақыт сыйласын! Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқаты арта берсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

@FINANCEkaz

2 months ago

🌇 МОНОҚАЛАЛАР САНЫ АЗАЙДЫ

Елімізде моноқалалар саны азайған. Бастапқыда Моноқалаларды дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында 27 моноқала болған, - деп жазады THE TENGE Экономикалық зерттеулер институтының шолуына сілтеме жасап. Оған дейін бұл тізім өңірлерді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасында бекітілген болатын. Тізім өңірлердің орналасқан жері мен экономикалық даму әлеуетін ескере отырып құрылған еді.

2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен елімізде моноқалалардың жаңа тізбесі бекітілді. Бұл тізімге Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисакова, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз қалалары кірді.

«Кейбір елді мекендер экономикалық өзгерістер мен табиғи ресурстардың сарқылуына байланысты «моноқала мәртебесін» жоғалтты, ал басқа қалалар экономикасын әртараптандырды, дамытты», – делінген басылымда.

Толығырақ оқуhttps://the-tenge.kz/articles/monogorodov-stalo-menshe

@FINANCEkaz

the-tenge.kz

THE TENGE В КАЗАХСТАНЕ СТАЛО МЕНЬШЕ МОНОГОРОДОВ

Обзор темы от Института экономических исследований

***🌇*** **МОНОҚАЛАЛАР САНЫ АЗАЙДЫ**
2 months ago
***👉***Forte бағасы құлдырауды жалғастыруда – бүгін …

👉Forte бағасы құлдырауды жалғастыруда – бүгін құнды қағаз бағасы тағы 21%-ға 5,9 теңгеге дейін төмендеді. Бұл қалай болғаны?

@FINANCEkaz

2 months ago
***👉*** Air Astana акциялары өсетін түрі …

👉 Air Astana акциялары өсетін түрі жоқ. Кешегі LSE-дегі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша GDR бағасы $9-дан төмен.

@FINANCEkaz

2 months ago
***👉*** Шоғырландырылған активтері бойынша әлемдегі ең …

👉 Шоғырландырылған активтері бойынша әлемдегі ең ірі 50 банк. Алғашқы бестіктің қатарында төрт банк Қытайдан екен. Біздің Halyk және Kaspi бұл рейтингте жоқ.

#банктер @FINANCEkaz

2 months ago

31 наурыз - қазақстандық инвесторлар 240.00 үлгідегі салық декларациясын тапсырулары тиіс соңғы күн. Оны Қазақстанда және шетелде бағалы қағаздар бойынша кірістерді қоса алғанда, мүліктік және төлем көзінен салық салынбайтын басқа да кірістер алған жеке тұлғалар тапсырады.

Tradernet сауда платформасында Сіз Freedom Broker компаниясы арқылы қор нарығындағы мәмілелер туралы есепті жүктей аласыз. Бұл есеп декларацияны толтыруды жеңілдету үшін арнайы жасадық.

Бейненұсқаулықты көру — https://www.youtube.com/watch?v=Dx_G7Eotwfc

@FINANCEkaz

YouTube

Как заполнять налоговую декларацию за 2023 год – форма 240.00

Как казахстанцам заполнить налоговую декларацию 240.00 по отчету из Tradernet от Freedom Broker Налоговая декларация 240.00 – как ее заполнить казахстанским инвесторам Памятка представлена только для справки. Это не указание, инструкция или рекомендация…

2 months ago
*****👉*** СИҚЫРЛЫ ЖЕТІЛІК**

*👉 СИҚЫРЛЫ ЖЕТІЛІК*
2023 жылы SP500 индексінің 85%-ға өсуін 7 акция қамтамасыз етті – NVidia, Microsoft, Amazon, Tesla, Apple, Meta, Google.

2024 жылы туындайтын заңды сұрақ – Tesla «мықты жетіліктегі» орнынан тайды ма?

@FINANCEkaz

2 months ago

*👉 ҮКІМЕТ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ЖЕДЕЛДЕТПЕК
Премьер салық кодексін жеделдетіп аяқтауды тапсырды.
Олжас Бектеновтың* айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша жұмыс созылып кетті.

Оқу — https://the-tenge.kz/articles/nalogovii-kodeks-budet-razrabotan-bistree
— Жаңа Салық кодексі әзірленуде. Оған қойылатын талаптар өте қатаң. Бұрын ұсынылған тәсілдер лайықты сынға ұшырағантын. Қоғам мен бизнес бұл құжатқа үлкен үміт артып отыр. Ең бастысы, ол ашық, түсінуге жеңіл және теңдестірілген болуы қажет. Кодекстің әзірленуі кешігіп жатыр. Осыған байланысты бұл жұмысты жедел аяқтау қажет, - деді премьер-министр.

Жұлдызнамашылар жеделдету аптасын жариялады – салық саясаты департаментінің қызметкерлері енді тәулік бойы жұмыс істейтін шығар.

@FINANCEkaz

the-tenge.kz

THE TENGE ПРАВИТЕЛЬСТВО УСКОРИТ РАБОТУ НАД НОВЫМ НАЛОГОВЫМ КОДЕКСОМ

Премьер поручил оперативно завершить разработку этого документа.

*****👉*** ҮКІМЕТ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ЖЕДЕЛДЕТПЕК**
2 months ago
***👉*** **ТУРЛОВТЫҢ АКТИВТЕРІНЕ САЛЫНҒАН ТЫЙЫМ**

👉 ТУРЛОВТЫҢ АКТИВТЕРІНЕ САЛЫНҒАН ТЫЙЫМ

Ресей соты ресейлік Ассоциация банкінің талап-арызы бойынша Freedom Holdong Corp компаниясы бас директоры Тимур Турловтың 19 млн еуро және $2 млн сомасындағы мүлкіне тыйым салды.

— Мен БАҚ-тан АСВ тарапынан маған қатысты шағымдар туралы білгенде қатты таңқалдым. Менде АСВ (салымдарды сақтандыру агенттігі) тарапынан талап-арыздың бар екендігі туралы ресми ақпарат жоқ. Жеке өзім ешқашан «Ассоциация» банкімен қандай да бір мәмілеге қатысқан емеспін. Ешқашан оның атынан қандай да бір мәмілелер жасауға уәкілетті тұлға да болған емеспін. Сонымен қатар «Ассоциация» банкімен аффилирленген емеспін және бұл ұйымның қызметкерлерімен жеке таныс емеспін. Бұл біздің кейбір шағын компаниялардың бірінің әдеттегі нарықтық мәмілесі деп болжауға болады, — деп түсіндірді Тимур Турлов @ kursivm-тегі әріптестерге.

@FINANCEkaz бұл әдеттегі рейдерлік басып алу әрекеті немесе ақша алу үшін қысым көрсету әрекеті болуы әбден мүмкін деп есептейді. Қазір Ресейдегі құқықтық режим осындай. Екінші жағынан, бұл шынымен де көпшілік алдында соғысқа қарсы ұстаным үшін сес көрсету әрекеті болуы мүмкін. Бірақ мәселен фактілерге қарайтын болсақ, Аркадий Волож бен Олег Тиньковтан айырмашылығы, Тимур Турловтың Ресейде жоғалтатын дәнеңесі ле қалмаған. Оның айтуынша соғыс басталғалы ол елде болмаған, бизнес жергілікті менеджментке сатылып, басқа активтері, тіпті азаматтығы да қалмаған. Сондықтан қандай да бір қысым жасау мүмкіндігі өте шектеулі. Ал заң аясында процестің қалай жүретіні қызық. Қалай болғанда да, біз Тимур мырзаға осы шабуылдарды жеңу үшін сәттілік пен күш-жігер тілейміз.

@FINANCEkaz

2 months ago

*💵 KZ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҒА БЕЛГІЛЕУЛЕРІ
📍* KASE индексі аптаны жылдық максимуммен және жетінші апта қатарынан плюс деңгейінде аяқтады, бір аптада ол 0,5% қосты, ал AIX керісінше 0,13% жоғалтты.

Толығырақ — https://the-tenge.kz/articles/aktsii-kazakhstanskikh-kompanii-za-nedelyu
📍 Апта ішінде Қазатомөнеркәсіп GDR-і 5,31% көлемінде теріс динамиканы көрсетті.

📍 Air Astana бір аптада KASE-дегі құнынан 3,45% және LSE-дегі GDR құнынан 7,89% жоғалтты.

📍 KASE индексі бұл аптада 5000 пукнттік межеге жетер еді, дегенмен ЦентрКредит банкінің акциялары 6,23%-ға төмендеуі әсер еткен болар.

📍 Бұл аптада Kaspi қағаздары көш бастады, финтех әсіресе жергілікті нарықта ең көп өсуде.

📍 Халық банкі де шетте қалмады — KASE-де акциялары 3,39%-ке өсті.

@FINANCEkaz

the-tenge.kz

THE TENGE КОТИРОВКИ KZ АКЦИЙ

Индекс KASE завершил неделю на годовом максимуме и седьмую неделю подряд в плюсе, прибавив 0,5% за неделю, AIX за неделю теряет 0,13%.

*****💵*** KZ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҒА БЕЛГІЛЕУЛЕРІ**
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 1 week ago

Last updated 1 month, 1 week ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 1 week ago