Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 2 months ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 3 months ago
Last updated 1 week ago
✔️Қазақстандық өнертапқыш мүгедектігі бар жандарға арналған экзоскелет жасады
Алматы тұрғыны соңғы 13 жыл бойы оңалтуға арналған инновациялық тренажерлар жасап келеді.
*✔️ *Оның жабдықтары әр науқастың жеке қажеттіліктеріне бейімделген.
Биыл өнертапқыш мобильді қосымша арқылы басқарылатын автоматтандырылған экзоскелет құрастырып шығарды. Бұл құрылғы қозғалыс мүмкіндігі шектеулі жандарға өздігінен жүруге көмектеседі.
❗️Мюнхенде Қауіпсіздік конференциясы өтіп жатыр
Германияда Мюнхен конференциясы екінші күнге жалғасты. Биылғы қауіпсіздік конференциясының басты екі тақырыбы - Украинадағы соғысты аяқтау және Еуропаның қорғанысқа жұмсайтын шығындарын арттыру мәселелері.
✔️ Кездесулер АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнстің жұма күні сөйлеген сөзіне арналуы мүмкін. Ол еуропалық лидерлерді «сөз бостандығын цензураға алды, иммиграцияны бақылаудан шығарды» деп айыптаған еді. Вэнс шара аясында Украина президентімен кездескен. Владимир Зеленский соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөз Украинаның қатысуымен өтуі тиіс деп мәлімдеді.
Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Ресей және Украина өкілдері кездеседі деп мәлімдеген еді.
❗️Алайда Кремль Украинадағы жағдайды реттеу тақырыбына қатысты әзірге айтатын ештеңе жоқ деп мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың вице-президенті Вэнстің «Мәскеу Украинамен бейбіт келісім жасауға келіспесе, оған қарсы экономикалық және әскери құралдар қолданамыз» деген сөзіне қатысты түсініктеме күтеміз деп мәлімдеді.
❗️**9 желтоқсанда елордалық оқушылар онлайн оқиды
«9 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады»**, - деп хабарлады Білім басқармасы.
*?Бокстан Азия чемпионатында финалға шыққан спортшылар*
Қазақстан ерлер құрамасының 9 боксшысы финалдық бәсекеге жолдама алды:
▪️Бекзад Нұрдәулетов
▪️Сағындық Тоғамбай
▪️Айбек Оралбай
*▪️Диас Молжігітов
▪️Абылайхан Жүсіпов
▪️Дулат Бекбауов
▪️Оразбек Асылқұлов
▪️Махмұд Сабырхан
▪️Санжар Тәшкенбай*
Финал 11 желтоқсан күні өтеді. Жарыс Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатыр.
? Астанада жеке тұрғын үйде өрт болды
? Астана қаласының Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үйде өрт болып, өрт салдарынан үй толығымен жанып кетті.
? ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, өртке оранған үйден бір газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
❗️ Өрттің шығу себептері анықталуда. Қыс мезгілінде жылыту құралдарына түсетін жүктеме артатындықтан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды.
Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашқанына биыл 160 жыл толды
Ыбырай 1841 жылы туды. Ал қазақтың соңғы ханы Кенесары 1847 жылы қайтқан еді. Яғни бұл қазақ даласын басып алған патша өкіметінің енді халық санасын жаулауға көшкен кезі болатын.
1860 жылы Орынбор әкімшілігі Ыбырайға Торғайда мектеп ашуды және «орыс тілінің» мұғалімі болуды тапсырады. Бірақ аймаққа жауаптылар істі созады.
Сол кезде 19-20-да ғана болған жап-жас жігіт мектепті өз күшімен салуға кіріседі. 2-3 жыл елдегі ауқатты адамдардан ақша жинайды.
Бұл мектептің Ыбырай Алтынсарин тек қана мұғалімі емес сол мектептің мердігері де, жоба жасаушысы да, сол мектептің бухгалтері де, тіпті сол мектептің құрылысшысы да өзі болды, - дейді Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспанов.
Бағдарламаның толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнасында.
*❗️*Көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
*?Қарағанды облысы:*
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы.
2. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
3. "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.
*?Ұлытау облысы:*
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.
*?Павлодар облысы:*
1. Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарлануда.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
? Реклама: @kk24_reklama
Last updated 2 months ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 3 months ago
Last updated 1 week ago