Салауат сырлары

Description
Салауат туралы хадистер,уағыздар

Instagram.com/salauat_syrlary
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago

1 week ago

Кезекті салауат жарысына тіркелу ашық!!! Тек әйел адамдар үшін!!!

Шарттары:
1) күнделікті салауат айту
2) күніне 5-10 салауатты дәптерге жазу

Жарыс уақыты: 1-25 желтоқсан аралығы

Жеңімпаз болған 3 қызға кітап сыйға беріледі

**Маңызды: Осы айда қатысушы бір қызға Құран сыйға беріледі

Топ сілтемесі:**https://chat.whatsapp.com/ItKmAzOCiA39Vez5ObZXIA

Тіркеле алмай жатырсаңыз: wa.me/77760524581

3 weeks, 2 days ago

120 000 салауаттың санындай салауат

Аллаһуммә салли уә сәллим уә бәрик 'алә сәйидинә Мухаммәдинил фатихи лимә уғлиқа уәл хатими лима сәбәқа уән насирил хаққи уәл һади илә сиратикәл мустәқими саллаллаһу 'аләйһи уә әәлиһи уә асхаабиһи хаққа қадриһи уә тақдириһил 'азыйм

Мағынасы: Аллам! Бүкіл жабылғандарды ашқан, өткен қараңғылықты жойған, айқындыққа ақиқатпен тіреу болған, жаратылғандарды Сенің тура жолыңа салған Мұхаммедке, оның жанұясына және асхабына , оның қадір-қасиетіндей салауат ет, сәлем ет, оны мүбәрак ет

Қасиеті мен сырлары:
120 000 салауат шәріптің күшіне тең болғаны мағына әлемінде пайғамбарлар тарапынан білдірілген
Бұрында Қутбул Ақтаб әзірет Ахмед Тижани осы салауаттың қасиетін түсінде РасулАлладан сұрайды.  Жауабы осындай болды:
"Кімде-кім салауат-фатихиді 1 рет оқыса, уақыттың ең басынан салауат оқығанның оқыған уақытына дейін адамдардың , жындардың және періштелердің оқыған салауатына тең сауар алады. Күнәлары да кешіріледі" деген

1 month ago

«Алланың жер бетінде жүретін періштелері бар. Үмбетімнен маған оқылған салауаттарды алып келеді. Салауаттар маған жете салысымен, мен де олар үшін кешірім тілеймін».

#салауатсырлары

3 months, 4 weeks ago

Абдуррахман ибн Ауф: Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні тұрып, құбылаға қарап сәжде етті. Сәждеде ұзақ болғаны соншалықты оны жан тапсырды ма деп ойладым. Қасына жақындап отырдым. Басын көтеріп: - Кім бұл? – деді. Мен: «Абдуррахман», - дедім. Пайғамбарымыз: «Бұл отырысың не?» – дегенде, мен: «Уа, Расулалла, сәждені ұзақ еттіңіз, сізді жан тапсырды ма деп ойладым», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Маған Жәбірейіл келді де, Алланың сүйіншісін жеткізді: «Кімде-кім саған салауат (жолдаса) оқыса, Мен де оған он салауат жолдаймын. Саған сәлем бергендерге де сәлем берем». Мен осы сүйінші үшін Аллаға шүкір сәждесін орындадым»

? (Мухтасар Ибн Кәсир, 3:111-2)

4 months ago

«Кімде-кім маған бір салауат оқыса, Алла оған он салауат жібереді; оның он күнәсін кешіреді; он мәрте күшейеді» ( Тирмизи, Дағуат, 110. )Хадистің жалғасында: Бір күні Расулалла көңіл-күйі көтеріңкі болып келеді. «Сізді қуанышты көріп тұрмыз!» – дегенде, былай деді: «Маған періште келіп мына сүйінші хабарды айтты: «Уа, Мұхаммед! Раббың «Саған салауат айтқанға он рақымымды көрсетем, ал сәлем жолдаған әркімге он сәлемімді жолдасам (сый ретінде) жете ме?» (Нәсаи, Саху, 55)

4 months ago

Мужахидтен жеткен хадисте Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің есімдерің мен келбеттерің менің алдымнан шығады. Сондықтан да салауатты ең жақсы түрде оқыңдар!»(Абдурразәқтың «Мусаннәфы», № 3111.)

@salauat_syrlary

4 months, 1 week ago

Мәжула салауаты

Алланың сүйікті құлдарының бірі былай деген: Ұлы Алланың маған сырын ашқан салауатының аты «салауаты Мажула». Бұл салауат бүкіл мүмкін еместі болдыру, шешілмейтін түйінді шешу үшін оқылады.

Бұл салауатты оқыған адамға жұмақта берілетін мыңдаған бұрышының, әрбір бұрышында мың шатыр, әр шатырда мың қызметші, хор қыздары, жұмақ иесіне жібектен киімдер ұсынады.

Әр шатырдың айналасында мың ағаш, әр ағашта мың бұтақ, әр бұтақта жүз мың түрлі жемістер, қалағанының барлығы бұтақтардан адамның алдына түседі.

Әр шатырдың ішінде алтыннан және әртүрлі асыл тастардан мың дастархан жайылған, әр дастарханда алтын ыдыс ішінде мың түрлі тағамдар, ешқайсысының дәмі және түсі басқасына ұқсамайтын 500 мың түрлі тағам. Бүкіл осы тағамдар еске түскен уақытта төмендегі салауатты 51 рет оқыған кісіге беріледі.

Әзірет Пайғамбарымыз бұл салауат шәріпті әзірет Айша (радиаллаһу анһа) анамызға әмір еткен:

Аллаһуммә салли 'алә Мухаммәдин уә Адәмә уә Нухин уә Ибраһимә уә Муса уә мә бәйнәһум минән нәбийинә уәл мурсәлин. Салауатуллаһи уә саләмуһу 'аләйһим әжма’иин.

@salauat_syrlary

4 months, 2 weeks ago

Суфиян Сәури әңгімелейді: «Қағбаны тауап етіп жүр едім. Әр қадам басқан сайын салауат оқып жүрген кісіні көріп, одан сұрадым:

Әр жердің өзінің бір дұғасы бар, неге дұға етпей тек қана салауат оқып жүрсің?

Ол маған былай деді: Қажылыққа бару ниетімен әкеммен бірге жолға шықтық. Жолда әкем қайтыс болды. Бір кезде беті қап-қара, көздері көкпеңбек болып, басы доңыз басына айналып кетті. Қасымдағылардан ұялғандықтан бұл мәселені ешкімге айтпадым, күн батты. Әкемнің жүзін жауып қойдым да, не істерімді білмей ойланып отырғанымда ұйқым келді. Түсімде шатырдың ішіне біреудің кіргенін көрдім. Өмірімде сондай сымбатты жанды көрмеген едім. Хош иісі тек біздің шатырдың ішіне емес, жан-жағымызға жайылды. Келіп әкемнің бас жағына отырды. Бетіне жапқан пердені көтеріп, мүбәрак қолын әкемнің жүзіне тигізді. Бірден қайғым ұмытылып,қараңғылығым нұрға бөленді. Ол кісі тұрып кетуге дайындалды. Одан кім екендігін сұрадым. Мені және әкемді, бұл жат жерде, осындай үлкен бәледен және халықтың алдында ұятқа ұшыраудан сақтап қалғанын да айттым. Ол маған:

Сен мені танымайсың ба? Мен Мұхаммед Мұстафамын. Сенің әкең, шыны керек, күнәһар еді.

Бірақ маған көптеген салауат оқыған еді. Мынадай жағдайға душар болғанын, оның маған салауаттарын әкелген періште келіп хабар берді. Сол үшін келіп, оны бұл бәледен құтқардым. Ұйқыдан оянғанымда, шатырдың іші хош иіске толып кеткенін сездім. Әкемнің бетін аштым, жүзі нұрланып, көзі, түсі келбеттеніп кетіпті. Бұдан былай расулдың шапағатына бөленіп, барлық келер қауіп-қатерден қорғанып қалу үшін салауат оқумен бос уақытымды өткізейін деп шештім».

@salauat_syrlary

4 months, 2 weeks ago

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген хабарда: «Кімді біз әһл-бейтке салауат оқығанда ең жоғары иманмен болу қуантса, онда: «Аллаһым, Ибраһимнің әулетіне салауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның жұбайлары, мүміндердің аналарына, оның ұрпақтары мен әулетіне салауат ет! Расында, Сен әр алуан мақтау мен мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!», – деп айтсын дегені келеді.

Аллаһумма салли ‘алә Мухәммәдин уә әзуәжиһи уммәһатил муъмининә уә зуррийәтиһи уә әһли бәйтиһи, кәмә салләйтә ‘алә әли Ибраһимә иннәкә хәмидун мәджид

@salauat_syrlary

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago