Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Description
Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 1 week ago

Last updated 1 month, 1 week ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 1 week ago

1 month, 4 weeks ago
***🇰🇿*** ***📞******🇷🇺*** **Мемлекет басшысы Ресей Президенті …

🇰🇿 📞🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

🔺Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.

🔺Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.

🇷🇺 Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

1 month, 4 weeks ago

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді.

1 month, 4 weeks ago

😱Түнде Мәскеу қаласындағы концерт залында атыс болып, 60-тан аса адам көз жұмды

Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды.

Терактіге қатысты соңғы ақпараттар:

🔸Алдын ала мәлімет бойынша Crocus City Hall-дағы теракттен көз жұмғандар саны 62 адамға жетті. Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі ғимарат толығымен тексерілмеген. 100-ден астам адам жараланған.

🔸Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресейдегі теракт кезінде көз жұмған немесе жарақат алған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

🔸Алдағы уақытта Владимир Путин Crocus City Hall-да болған терактке қатысты Ресей халқына үндеу жасайды.

🔸Украина қанды қырғынға қатысы жоқ екенін хабарлады. Бұл туралы Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк өз Telegram-арнасында айтты.

🔸Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Crocus City Hall-дағы өрттің оқшауланғанын хабарлады. Бұған дейін қызыл жалын 12,9 мың шаршы метрді шарпығаны айтылған еді.
*📞Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша сенім телефоны іске қосылды.*

3 months, 3 weeks ago
**Қылмыс әлемнің серкесінен көмек сұраған депутат …

**Қылмыс әлемнің серкесінен көмек сұраған депутат қамалды (ВИДЕО)

Бүгін Қырғыз Республикасы Жогоргу Кенешінің депутаты Эмил Жамгырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Жамгырчиевке «қылмыстық жауаптан жалтару мақсатында басқа елге шекарадан заңсыз өткісі келді» деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы sputnik.kg басылымына сілтеме жасап.**

Еске салсақ, 10 қаңтарда ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев Эмил Жамгырчиевтің «Өзбекстандағы қылмыс әлемінің серкесі» Салим Абдуалиевке («Салимбой», «Салим бойвачча») жазған хатын көрсетіп, депутаттың қырғыз елінің ұлттық мүддесіне қайшы қызмет етіп жатқанын атап айтқан болатын.

3 months, 3 weeks ago
**Блогер Шынар Меджанова күйеуімен қайта қосылу …

**Блогер Шынар Меджанова күйеуімен қайта қосылу жайлы айтты

Отандық танымал блогер Шынар Меджанова бұрынғы күйеуімен қайта қосылуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.**

Шынар Меджанова бүгінде жолдасына деген өкпе-реніші жоқ екенін алға тартып, ұлы мен әкесінің қарым-қатанысына қатысты жауап берді. Желі жұлдызы бұрынғы күйеуінің баласымен араласқанына мүлдем қарсы емес екенін айтты.

4 months ago
**Қорғаныс министрі Жаркентте сарбаздың неден көз …

**Қорғаныс министрі Жаркентте сарбаздың неден көз жұмғанын айтты

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жаркент қаласында көз жұмған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.**

«Біріншіден, марқұмның отбасына тағы да көңіл айтқым келеді. Ауру. Бұл – менингиттің жылдам өтетін формасы. Білесіз бе, әдетте аурудың мұндай формасы тасымалдаушыларда кездеседі. Өкінішке қарай, біз жас жігіттерді әскерге шақырған кезде міндетті анализдердің тізбесінде менингит тасымалдаушыларды анықтайтын талдау жоқ. Біз қазір осы талдау түрін тізбеге қосуға күш салып жатырмыз», - деді ол.

4 months ago
**Америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған балаларын …

**Америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған балаларын 9 жыл бойы зорлаған

Америкалық ерлі-зайыпты Джозеф пен Лаура Майотта асырап алған балаларын зорлап келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.ke -ке сілтеме жасап.**

Американың Вустер қаласында ерлі-зайыптылар асырап алған балаларын зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Джозеф Майотта 16 жылға, ал оның әйелі Линда 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот ер адамды асырап алған қызын қорлағаны үшін 11, ал әйелін асырап алған ұлын қорлағаны үшін 18 бап бойынша кінәлі деп тапты.

4 months ago
**Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар төбелесіп қалды …

**Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Ақмола облысының полицейлері түнгі клубта жұлысқан қыздарға қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.**
Түнгі клубта болған жайтты дәрігерлер полицияға 27 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін хабарлаған. Көп ұзамай полицейлер қыз қаладағы клубтардың бірінде болған жанжал кезінде жарақат алғанын анықтады.

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months, 1 week ago

Last updated 1 month, 1 week ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month, 1 week ago