Мұхтар МаратҰлы

Description
бірнəрсе-шірнəрсе
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 7 months ago

"Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын деп, Ұлы ақын айтқандай, тоқшылық кісіні аздырады, тойып тамақ ішкеннен семіріп, фигураң бұзылады, түрлі ауруға шалдығасың.

Сондықтан үкіметіміз қамқорлық жасап, халықтың дені сау болсын, тамақты артық ішіп қойып денсаулығын бұзып алмасын деп, үнемі азықтүліктің бағасын көтеріп отырады".

*©️* Тұрысбек Сәукетей

📚 Мен жындымын**
#кітаптан

.

1 year, 7 months ago

كلام المرء ميزان عقله

Адамның сөзі - ақылының таразысы.

#арабшадан

1 year, 7 months ago

Сөз...

"Ертеректе бір кісі келіп: "Дүниедегі ең қиын не деп?" сұрапты. Дəруіш: "Дүниедегі ең қиын - сөз. Себебі сөзді түсіндіру де, өзгенің оны түсінуі де өте қиын" деп жауап берген екен.

P/S Шынымен-ақ дүниеде сөзден құдіретті ешбір нəрсе жоқ. Сөзден ауыр еш нəрсе де жоқ. Сондықтан жаныңызда сізге сөз айтқызбастан сізді түсінетін достарыңыз көп болсын!

.

1 year, 9 months ago

Құттықтауға не аштым)

1 year, 10 months ago

Сүйінші ағайын!

Қызды болдым!

Аллаға шүкір!

1 year, 10 months ago

Түнде сіз бәрінен шаршап, бір нәрсені өзгерту керек екенін жиі ойлайсыз, бірақ күндіз сіз бұрынғыдай өмір сүруді жалғастырасыз.

#деген_екен

2 years, 3 months ago

Сәлем! Қалың қалай? Күнің сәтті өтсін!

деген сөздерді естімегеніңе көп болса, міне, қабыл ал)

Адамның хайуаннан басты айырмашылығы жайлы ойландым бүгін. Сөйтсем, хайуан мақсат қойып, жоспар құра алмайды екен ғой, қасқа.

Елестетші, сиыр таңертең өріске шығарда "тәк, бүгін қалай да 10 литр сүт беруім керек. Ол үшін бәленше кг шөп жеуім керек. Ал көп шөп қырда бар. Түгенше км жүрсем, қырға шығам" деп мақсат қойып шықса, қалай? Өйтпейді ғой. Шығады да, иесі айдаған жаққа кете береді.

Ал адам ше? Таңертең мақсатсыз үйінен шыққан адамның әлгі сиырдан айырмашылығы бар ма? Қалай мақсатсыз, жоспарсыз жүре беруге болады, түсінбеймін.

"Не істейін деп жатырмын?", "Оны не үшін істейін деп жатырмын?" деген сұрақтарды өзімізге жиі қойып отырсақ, адамдық сипатымызға сай өмір сүрген боламыз. Болмаса, таңертең өріске кетіп, кешке қайтып келетін хайуаннан еш айырмашылығымыз болмай қалады.

© Данияр Жігітбек

2 years, 3 months ago

Кімде-кім өмірден билік іздесе, алдымен өзінің нәпсісін билеуді үйренуі қажет.

©️ Ұстаз Ерлан Ақатай

2 years, 5 months ago

Бәрі өз орнымен, бәрі өз уақытында!

Саған бірнәрсе жетіспейтіндей, өзіңе тиісті дүниеге қол жеткізбегендей күйде боласың!

Түсін! Сен өз еңбегіңе лайықты жердесің!

Көпті қаласаң! Көп еңбек ет! Болды:)

©️ Назерке Манат

#мұрағат

2 years, 5 months ago

Инстаграмды ашасың. Бәрі бірнәрсе жасап жатыр. Сенімен бір ауылда тұрған бала шетелдегі оқуды бітірді. Екіншісі, инстаграм парақшасын дамытып ақша тауып жатыр. Үшіншісі, миллион тапты.

Сосын мен неге жасап көрмеске деп ойладым. Бірақ әрекет етсем, жұрттан қалмау үшін әрекет еткен болатын сияқтымын. Яғни, дұрыс емес мотивация (басқаша атауға да болады)

Ал, мен өзгемен жарысқанды емес, өз жылдамдығыммен жүруді жөн көрдім.

©️ Назерке Манат

#мұрағат

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.